Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » “КӨКТЕМ АРУЫ"


“КӨКТЕМ АРУЫ"

                                  “КӨКТЕМ АРУЫ"

 Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.

Әдісі: байқау

Көрнекілігі: слайд, видео, музыка, шарлармен безендірілген сахна

Барысы:

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін міне мектебімізде 9 – 11 кластар арасында өткелі отырған «Мектеп аруы – 2010 » байқауына келіп отырсыздар. Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.

2-жүргізуші : Сонымен бірге «Қыз - қонақ», « Қыз өссе – елдің көркі», «Қызды қырық үйден тыю» деген мақал – мәтелдер бекер айтылмаса керек. «Мектеп аруы – 2010» байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымызды бойынан байқап, көру. Олай болса, байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне, ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық-дей келе ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

2-жүргізуші: Кім жеңеді байқауда үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік барда.

Қазы алқасы атыңды ақта бүгін

Жүйріктерге арман мен бақыт жолда

 

1-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
 

  1. Тынышбаев Алтынбек
  2. Бөлегенова Толғанай
  3. Мауешова Азиза
    2-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
    Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
    «Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,
    Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,

2-жүргізуші:Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алып, дайындала берсін.

1-жүргізуші: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

  1. Мен қазақтың қызымын аныстыру)
  2. Ғашықтар сыры (көрініс)
  3. Сұлулық құпиясы (шаш сәндеу мен макияж жасаудың қыр-сыры)
  4. Зерделінің ойы озық (ситуациялық сұрақ)
  5. Тосын тапсырма
  6. Шебер шыңы (тігін тігу)
  7. Дефиле (өз ойындығы мектеп формасының үлгісін ұсыну)

2-жүргізуші: Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

1-жүргізуші: Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
2-жүргізуші: Бірінші сайыс- өзін-өзі таныстыру Ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.

 

  1. УбайдуллаГауһар

2.Қайып Ақбота

3.Метжанова Лаура

4.Абит Аймекен

 

1-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз-дей келе келесі кезекті 2-ші “Ғашықтар сыры” кезеңі көрініске береміз. Бұл кезеңде қыздарымыздың актерлік шеберліктеріне көңіл аударатын боламыз. Олай болса, Аруларымызға сәттілік тілейміз!
 

2-жүргізуші: Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық құпиясы» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен  шаш үлгісі мен макияж жасау бойынша сынға түседі. Бұл кезеңнің ерекшелігі бір басқа, қыздарымыздың ептілігі қалай екен? Қыздарымыз аяқтап болғанша кезекті әнге берелік.
2-жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, “Зерделінің ойы озық” ситуациялық сұрақтарға кезек берелік. Ия бүгін аруларымыз барлық жағынан көп сынға ұшырауда. Ендігі кезеңде кез-келген жағдайда тапқыр және сабырлы бола аламызба? Соны байқап көрелік

1.Сізді құрбыңыз мерекелік кешкі дастарханға шақырады.Сіз жолға шықтыңыз,үстіңізде ақ көйлек ,қолыңызда құрбыңызға арналған сыйлығыңыз бен гүліңіз де бар делік.Кенет бір көлік жаныңыздан өтіп бара жатып,үстіңізге сұйық балшықты шашты да кетті.Айналаңызда көмектесер ешкім жоқ,бөтен адамдар ғана бар.Белгіленген уақытта болып қалды.Ал,сіздің құрбыңыз,нағыз талғампаздың өзі.Сол кезде сіз,қандай айла ойлап табар едіңіз?

2. Сізде математика пәнінен бақылау болатын болып, мұғалім бақылау сұрақтарын тез арада үйден шығарып алып келуге өтініш жасады. Көктем кезі болатын сен үйден шығып мектепке қарай асығып келесің кенет жердегі былшыған балшыққа құлап түстің. Қолыңдағы қағаз да үсті-басың да әбден былғанды. Мектепке бұл күймен бара алмайсың, алайда мектептегі мұғалім де балалар да сені күтуде не істейсің?
3. 8-наурыз мерекесі болатын ұл балалар сынып қыздарына сыйлықтар дайындапты.Сіз бірнеше күн сабақтан қалып бүгін келіп тұрсың. Ұл балалар сыйлықты таратып жатты сіз өз атыңызды тағатсыздана күтіп тұрсыз, бірақ сізге сыйлық жетпей қалды. Көңіл-күйіңіз және әрекетіңіз?

  1. Жаңа-Жыл мерекесі күні болатын. Кешкілік отырысты тағатсыздана күтудесіз өйткені бүгін көптен көрмеген жақын достарыңызбен кездесесіз. Барлық қыздар әдемі көйлектерін киіп, шаштарын сәндеп кешке қызу дайындалуда. Сіз де сол күні жаңадан қымбат көйлек сатып алып, шашыңызды барынша сәндедіңіз. Барлығы жиналып сізді күтуде, асығыстық па әлде қобалжыдыңызба, шығып бара жатып үстелде тұрған тамақты байқамай қағып кеттіңіз де керемет көйлегіңіз көріксіз күйге түсті. Көңіл-күйіңіз бен әрекетіңіз?

 

  1. Сіз құрбыңызбен өте тату доссыздар. Құрбыңыз бүгін сабаққа келмей қалды. Сол күні құрбыңды сыныптағы қыздардың біреуі жамандай бастап ед оған бәрі қосыла кетті. Сіз үндемедіңіз. Ертесіне құрбыңыз бұл жайында естіді де ол қызбен ренжісіп тіпті екеуі төбелесе бастады. Ол қыз жылап қалды. Ол мұғалімнің қызы болатын, апай ішке кіріп бас салып айқайлады. Кім-кінәлі екенін сұрағанда мұғалімнің қызы болғандықтан, оқушылардың барлығы бірауыздан құрбыңды кәналай жөнелді. Сіз тағы жалғыз қалдыңыз не істейсің?

1-жүргізуші: Ал қане қыздар келесі 5- кезекте сіздерге “Тосын тапсырма”  Әрбір ару өз анасын ерекше қадір тұтады, құрметтейді деп ойлаймыз. Бұл жолы қыздарымыз анаға деген тартуды, сыйды қолдан жасамай, сатып алмай жүректен шығарса дейміз. Ендеше аруларымыздың анаға деген махаббат сезімдерін, жүрекжарды лебіздерін дәл қазір қағаз бетіне түсірсе.

Қыздарымыз тапсырманы орындағанша кезекті әнге берейік.

Әділқазылардан бұл кезеңнің бағасын сұрайық.

2-жүргізуші: Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойына жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер»деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын - дей келе келесі кезең “Тігін тігу”

Бұл кезеңде ситуациядан тез әрі ұқыпты шыға білуді талап етеді. Үйде ініңіз екеуіңіз ол сабаққа кешігіп бара жатыр, бірақ көйлек түймелерінің барлығы түсіп жатыр тез қадап беруіңізді сұрап жылап тұр. Іске сәт!

 

2-жүргізуші: Ал, құрметті ағайын, соңғы жетінші кезеңімізге де келіп жеттік. 
1-жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасақ,- дей келе, сайысымыздың өз ойынан шыққан шығармашылық туындыларын сән үлгісі “Дефиле” кезеңін тамашалайық.

 

2-жүргізуші: Мектепте белгілі бір сақталған мектеп формасы бар, десе де қыздарымыздың өз ойларында, қиялында жүрген киім үлгісі қандай екен тамашалайық. Кім білсін, болашақта аруларымыздан керемет дизайнерлер шығар.

Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады

2-жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше, өнерпаздардың өнерлерін тамашалайық.
 

2-жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

1-жүргізуші: Барлық аруларымызды ортаға шақырамыз. Сайысты қорытындылау үшін

Әділқазыларға  сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Баршаңызды көктем  мерекесімен, әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Тағы да, Мерекелеріңіз құтты болсын!

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Экономика аруы
“Қыздар сұлу көрінер өнерімен”
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
«Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»
«Алтын кірпік, ай қабақты арулар»
Сынып аруы -2014
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 3887 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык