Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қыз - өріс, қыз – қонақ»


«Қыз - өріс, қыз – қонақ»

«Қыз - өріс, қыз – қонақ»

Мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі-өнеге алуға баулу; халқымыздың ұлттық дәстүрімен таныстыру.

   Көрнекілігі:  интербелсенді тақта,  слайдтар,  қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, суреттер.

Барысы:

(Екі жүргізуші,  көрініс көрсетуге қатысатын оқушылар;  «Қызды ұзату»  рәсімін көрсету).

  1. «Қыз айттыру»
  2. «Құда түсу»
  3. «Қалың мал»
  4. «Құйрық бауыр» (Сахналық көрініс.)
  5. «Өлі-тірі»
  6. «Қынаменде» (Ұрын келу, көрініс)
  7. «Сыңсу»
  8. «Қыз ұзату» (Сахналық көрініс)

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, қымбатты оқушылар, бүгінгі «Сырласу» қыздар клубы мүшелері ұйымдастырып отырған   «Қыз – өріс, қыз қонақ»  атты кешіміз  «қызды ұзатуға» дейінгі салт-дәстүрлерімізді еске түсіріп, оны орындауға арналады. Біздің халқымыздың  «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» деген қанатты сөзінен-ақ  қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні көрініп тұр. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сол дәстүрлердің мазмұны мен тәрбиелік мәні зор. Сабағымыздың мақсаты сол ұлттық болмысымызға тән салт-дәстүрлерден үзінді көрсету және оны үйрену, есте сақтау. Кезекті оқушылырға береміз.

1-жүргізуші: Қыз –ата-ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен ауыл үкісі, алақандағы аяулысы, басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз – өріс, қыз - қонақ» деп туған туыстары оларды мәпелеп, аялап өсірген. Қызға қатты сөз айтылмауға тиіс.

2-жүргізуші:  «Кімде-кім үш  қыз өсіріп, тәрбиелеп, бой жеткізіп,құтты орнына қондырса, оның сыйлығы - жаннат» деген Мухаммед пайғамбар.  Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп.

1-жүргізуші:  Қазақ халқы – салт- дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әдет-ғұрып қазақ халқының мызғымас заңы. Дана халықтың өзі жасаған  осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол.

2-жүргізуші: Соның айғағы ретінде қыз баланың  бойжетіп оң босағаны аттау уақыты жеткенге дейінгі салт-дәстүрден үзінділер келтіреміз. «Қыз айттыру» дәстүрінен «Қыз ұзату»-ға  дейінгі дәстүрлерден шағын көріністер көрсетеміз. Осы соңғы кезде ұмыт болып бара жатқан озық салт- дәстүрлемізді қайта жаңғыртсақ нұр үстіне нұр болар еді.

«Қыз айттыру»

1-оқушы: «Анасын көріп қызын ал»  деген қағида бойынша  ұлына тегі жақсы, көргенді елмен құда болғысы келген  адам өзінің ниетін білдіреді. «Ұлына жар таңдаған әке... адамды «жаушы» етіп жібереді. Әрине халық «қызды кім айттырмайды» десе де қызын сұраған адамды жаудан бетер жек көрген.  «Жаушы»  деген сөз осыдан шыққан. 4-5  адамды бастап келген  «жаушы» мен қыздың әке-шешесі және ағайын-туыстары келіскеннен кейін «жаушылар» «қарғыбауын» ұсынады, яғни  жорға немесе жүйрік ат болады. Қыз жағы жаушыға «шеге шапан» кәдесін жасайды немесе шапан кигізеді.

2-оқушы: Қыз айттыру түрлері әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Іште жатқан балаларды атастыру «бел құда», бесікте жатқан балаларды атастыру «бесік құда», ал бұрын қызын алған құдасы ол үйге қызын беретін болса «қарсы құда», бұрын құда болған адамдардың арасында  «сүйек жаңғырту»  деген дәстүр бар.

 «Құда түсу»

3-оқушы:  Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі құда түсу. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі бой жеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады.Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғысы жасалады.Оның түрі өте көп...мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық бауыр тағы басқа ырымдар мен кәделер, алымдары болады.Құдалықты басқарып барған адам  «бас құда»  болады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әке-шешесі бауыздау құда болады.

«Қалың мал»

4-оқушы: Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы қалың мал төлеуге тиіс. Бұл қазақ  қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен болған.» Бұл дәстүр әлі де жалғасып келеді.

«Құйрық бауыр»

5-оқушы  «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе».Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға құйрық-бауыр салып арнаулы сый әкеледі.Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт дәстүрімізде орны бөлек жай. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі-құжат болып бекітілген.

1-жүргізуші:  Осындай «Құда түсу», «Қалың мал», «Өлі-тірі», «Құда тартар»,  «Құйрық-бауыр» сынды озық дәстүрлерімізді үйірме мүшелерінің орындауында тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Сахналық көрініс көрсету. ( Құда түсу,қалың мал,өлі-тірі, құда тартар, құйрық-бауыр дәстүрлерін көрсету. Бұл дәстүрлерде құдалар арасындағы той күні, қалың мал мөлшері т.б. ырым, кәделер жасалғаннан кейін қарулы жігіттер мен жас әйелдер жағы жарасымды, тіпті кейде ерсі қылықтар көрсетеді. Мысалы: атқа теріс мінгізіп отырғызу, өзенге де апарып сүңгітеді. Құдалардың аяғын байлап есікке қарай тартады. Кәдесін жасамайынша ойынды тоқтатапайды.Бұған құдалар жағы ашуланбайды. Одан әрі ойын -сауыққа ұласып кетеді. Бір әйел шығып құдаларға «Бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар»,- деп тілек білдіріп құйрық-бауыр салған арнаулы сый әкеледі. Одан барлық құдалар ауыз тиеді.)

1-жүргізуші: Құдалар арасындығы  «Құда тартар» дәстүрі ойын сауыққа , сынға құрылған дәстүр. Бұл жарасымды  салт -дәстүрден кейін оның арты  ән-күй мен биге ұласады.  Кезекті биші қыздарға береміз

2-жүргізушіҚазақтың ұлттық биі. «Қара жорға».

«Өлі-тірі»

6-оқушы: Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп «өлі-тірі» яғни кәделі мал-жылқы жіберіледі. «Өлі-тірі» деген – «өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл дәстүрден құдалық бекіді дегенді білдіреді, «өлі-тірі» өткен соң күйеу қалыңдығына «ұрын»  баруына жол ашылады.

Қынаменде»  (ұрын келу)

7-оқушы: Құда түсіп, уәде пісіп қалың мал төлеген соң, күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш көруге келген тойы «қынаменде»  деп аталады.Бұл дәстүр кейбір жерлерде  «қалыңдық ойнау», «ұрын келу» деп те аталады. Қазақ үшін  жеңгелері мен жастар арасында өзінше ерекше бір той. Болашақ күйеу  қыз аулына көрінбеген болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жора-жолдастарымен келеді. Күйеу өзінің болашақ жарын көріп танысып- білісіп, тілдесіп көңілін демейді.

Сахналық көрініс: 4-5 жора-жолдастарымен күйеу қалыңдық көруге келе жатады. Алдынан жүгіріп шыққан қыз жеңгелері: «сені күтіп жүгіреміз  деп ентігіп қалдық»  деп  «ентікпе»,  енді біреуі «балдыз көрімдік»  «сәукеле байғазы» т.с.с. ырым кәделер сұрайды.

1-жүргізуші: «Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып еліне қайтарылады.

2-жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз айтқандай кезекті әнге береміз.

Ән «Қыз сыны»  

 «Сыңсу»

7-оқушы: «Сыңсу» дәстүрі бойынша ұзатылатын қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын-туысқандарын аралайды. Жеңгесін ертіп ағайын-туысқандарын аралап жүрген қыз өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді. Бұл өлең-жырды «сыңсу»  дейді..

«Қыз ұзату»

8 оқушы: «Ұлын-ұяға, қызын-қияға қондыру» ата-ананың тілегі, әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату  -  үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана әрі қуанады, әрі жылайды.Қызды мәпелеп өсіріп құтты жеріне қондырып қуанса, әрине қимастық көңілі жылатады. Қызды алуға бес не жеті кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар, күйеу жолдас т.б. болады.Әдетте құдалар кешкілік  баруы керек. Ойын - сауық, құдалық рәсімдер,  кәде-жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы шақырады. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата жөнелтеді. Оның алдында қыз «қоштасу жырын», жастар жағы «Жар-жар», «Аушадияр», «Ау-жар»ды орындайды. Соңында «құда аттандырар»  кәдесі беріледі.

Сахналық көрініс: Әуелі қыз туысқандарының үйлеріне барып қоштасу рәсімі «Сыңсу» дәстүрі, одан соң құдалардың аттануы «Құда аттандырар» кәдесі көрсетіледі.

Бейнебаян. М.Ильясованың орындауында  «Қызыма»  әні  орындалады.

1-жүргізуші: Қызды тәрбиелеу - ұрпақты тәрбиелеу. Сондықтан қызымыз бойжеткенше ата-ана оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, сымбатты, көрікті, ақылды, өнегелі сынды қасиеттерді оның бойына сіңіреді. Халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрін үйреніп есте сақтайық.

2-жүргізуші: Біздің өнегелі, мәдениеті озық салт-дәстүрімізді сақтауда бүгінгі өткізген тәрбие сағатының маңызы өте зор және әсер қалдырды деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Ұлттық болмысымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Біздің тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

2-жүргізуші:  Назарларыңыз үшін рақмет!

Қорытынды. Мұғалім сөзі. «Қызды ұзату» дәстүрі тәрбиелік мәні бар салтанатты дәстүр. Бірақ қазіргі кездегі қызды ұзатудың жөні бөлек. Көбіне дәстүрлеріміз өзгеріп кеткен, кейде тіпті орындалмайды да. Қыздарымыз «оң босағада» отырып балалы болып содан соң күйеуге шығады, немесе «азаматтық неке» деген тіпті санамызға сыймайтын ұғым пайда болды. Бір көргеннен танысып «қашып» кететін дәстүрлер бар. Бұл сабақ қыздарымыздың сана сезіміне ой ұялатар, немесе жаман әдеттен аулақ болуға және мәдениеті озық әдет-ғұрпымызды сақтауға ықпал етеді  деп ойлаймын. Ұлтымыздың ұлағатты әдет ғұрыптарын есте сақтап, өмірге енгізетін болсақ, мәдени қазынамыз да, өнеріміз де өсе түсер еді.

 

Құда түсу.   Қатысатындар: автор,қыздың әкесі, шешесі, ағалары, жеңгелері,бас құда, бауыздау құда, кіші құда, т.б.

Сахна төрінде қыздың үйі әке-шешесі,туысқандары,көршілері, отырады. Үйге 3 кісі келеді.Бас құда, бауыздау құда, кіші құда.

Автор: Жуырда ғана Сүйінбай байдың аулына «жаушы» келіп қызын айттырып кеткен болатын. «Жаушы»лар  «қарғыбау»дәстүріне  арнап жүйрік аттарын  өткізіп , «шеге шапандарын» киіп кетті. Енді сол ауылға тағы да ат бастарын бұрды. Ендігі мақсаттары «қалың мал» мөлшерін және той күнін өткізуді белгілеу еді.

Келін: Ата, құдалар келіп қалды. Келіңіздер, мына отауға кіріңіздер.

Бауыздау құда: Ассалаумағалейкум!

Бас құда :Қайырлы күн! Армысыздар!

Кіші құда:Амансыздар ма?

Қыз әкесі: Уағалейкумассалам! Бала-шаға, мал-жан аман ба?

Анасы:Төрлетіңіздер.

Ағасы: Отырыңыздар. Қош келдіңіздер.

Бас.құда: Рахмет. Халдарыңыз жақсы ма?

Қыз әкесі: Құдайға шүкір. Иә бұйымтайларыңызды айта отырыңыздар.

Бас құда:  Ие, біздер сол өткенде «жаушы»  жіберіп қызды айттырып кеткен едік. Енді қазақ қазақ болғалы өзіндік салт дәстүрлері, ырым кәделері бар ғой. Сол жақтарын сөйлесіп, той күнін белгілейік деген ниетпен келдік.

Бауыздау құда:  Әрине текті жермен құда болғанға не жетсін. Ұрпағымызды жалғастыратын келінімізден несін аяймыз. Сол ырым кәделерімізді әрине жасаймыз.

Қыз әкесі: Ал, енді біз де бір қауым елміз ғой. Ағайын туысқандармен ақылдасып былай деп шештік. Қалың мал мөлшері елдің ішінде жағдайға қарап әр түрлі ғой. Біз 600 жылқы, 500 ірі қара деп шештік. Ал, той күні әрине сәрсенбінің сәтті күні болғаны жақсы ғой.

Бас құда: Иә, баламыздан несін аяймыз. Осы тойға жиған-тергеніміздің  барлығын шашамыз ғой. Дегендеріңіз болсын. Тойды өткізу күнін  туар айдың сәрсенбі күні деп белгілейік.

Қыз әкесі: Жарайды. Ал, құда осы қазақтың тағы бір дәстүрі «Өлі-тірі» делінеді. Соған не атадыңыздар.

Бас құда: Әрине, «өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат»  дегендей «өлі-тіріге»  бір «ірі қара»  атадық.

Қыз жеңгесі: Қазақ атамның салты көп қой, сол дәстүрлердің бірі «Құда тартар» кәдесін жасаймыз. Әй қайным келе ғой, мына құда кәдесін молдау етіп жасасын аяғын жіп байлап тартыңдар.  (Құданың аяғын жіппен байлап тартады)

Кіші құда: Мә, ала ғой мына алтын мен күміс ақшаларды алыңыздар.

Жеңгесі: О, қомақты екен жарайды. Мынаны келіндерге үлестіріңдер. Ана келінді шақыр. «Құйрық-бауыр» дәстүрін жасасын. Әй келін құйрық-бауырды әкеле ғой.

Келіні: «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе», - ал бас құда құйрық бауырдан алыңыз, бауыздау құда сіз де, кіші құда сіз де алыңыз.

Бас құда:  Құдалығымыз ұзағынан болсын. Құйрықтай тәтті, бауырдай жұмсақ  болайық. Мә, келін құйрық - бауырдың кәдесі. (Құдалар бірінен соң бірі кәдесін беріп жатады)

Қыз ағасы: Ал, енді  «күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» дегендей «бауыздау құдалар» төс қағыстырсын.

(Қыз және күйеудің әкелері төс қағыстырып құшақтасады.)

Қыз анасы: Ә, бәрекелді. Отырыңыздар. Енді ас қайтарып мына дастарқанның батасын беріңіздер. Ал құда бата беріңіз.

Бауыздау құда: Ал, қолдарыңызды жайыңыздар. Мен бір бата берейін.

Әумин десең маған,  Құдай берсін саған

Оң жағыңа қарасаң алтыннан терек орнасын,

Сол жағыңа қарасаң күмістен терек орнасын

Еш жамандық болмасын,

Қыдыр болсын жолдасың

Дастарқанның байлығын,  деннің саулығын берсін

Ұзағынан сүйіндіріп,

Құдалығымыз мың жылдық болсын.  Аумин!

Автор: Міне осылай құдалар арасында қазақ халқының дәстүрлері бірінен соң бірі жалғасып ойын-сауыққа ұласып жатады.Құдаларға киіттерін кигізіп оларды жөнелтеді.Сүйінбай  байдың аулы енді «қынаменде», «қыз ұзату»  рәсіміне дайындалады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Ата мұра- асыл қазынаң!" сайысы
Қынаменде ( Ұрын келу )
«Өнегелі салтың бар, өсер ұрпақ…!
Сәукеле тігу.
Тойбастар, сәукеле.
Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі
Халқын сүйген, салтын сүйер.
​ Қазақ мәдениетінің бастаулары
Халқын сүйген – салтын сүйер!
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 16101 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык