Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы


1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы

Сабақтың тақырыбы 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: XX ғасырдың басындағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, сол кездегі экономикалық даму жағдайы туралы білімді игеру үшін жағдай жасау.
• Дамытушылық: социалистік экономика туралы түсінік қалыптастыра отырып, оны әр қырынан талдай білуге үйрету, олардың ойлау дағдыларын, қабілетін жан-жақты дамыту.
• Тәрбиелік: еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйрету, тақырыптың маңызды мәселелерін оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
 Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
 Көрнекілік: әр түрлі өнеркәсіп құрылыстарының суреттері. Мысалы, Түрксіб құрылысы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сынып ішінде үш топқа бөліп, әр топтың жұмыс істеу тәсілін түсіндіріп беремін.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға карточкалық сұрақтар беремін. Карточка бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
 «Алаш» қозғалысының алдына қойған мақсаттарын атаңдар.
 Әлихан Бөкейханов туралы айт.
 «Алаш» партиясының мүшелері туралы не білесің?
 А.Байтұрсыновтың қызметі туралы не білесің?
 «Алаш» партиясына қандай топ карсы болды? Неліктен?
Бұдан әрі   оқушылардың үйге берілген сұрақтар мен тапсырмаларын тексеріп шығып, кейбір оқушыларды бағалаймын.
Соңында  Алаш қозғалысының жалпы мақсаттары мен міндеттерін көрсетіп, Алаш қайраткерлерінің қызметтері мен тағдырларына, аталған қозғалыстың тарихи маңызына, Қазақстан тарихынан алатын орнына қысқаша тоқтала отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.
Сабақ жоспары:
1. Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайы.
2.  Қазақстан индустрияландыру жылдарында,
3.  Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Алдымен  оқушылардың назарын жоспарға аударамынжәне мынадай бағытта жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.
Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның экономиқалық жағдайы:
 Өнеркәсіптегі хал.
 Ауыл шаруашылығы.
 Ашаршылық. Индустрияландыру жылдары:
 Жаңадан салынған өнеркәсіп орындары.
 Түркістан-Сібір темір жол құрылысы.
 Қазақстан КСРО-ның шикізат базасы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:
 Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
 Байлардың мал-мүлкін тәркілеу.
 Күштеп ұжымдастыру.
 Ұжымдастыру зардабы.
а) Мал шығыны. ә) Ашаршылық. б) Демографиялық өзгеріс.
• Ұжымдастыру саясатына қарсылық.
Тұлғалар: Т.Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М.Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин.
Сабақты түсіндірген кезде көрнекі құралдарды ретіне қарай пайдаланып отырамын. Және   әңгімемнің арасында әр топтың оқушыларына сұрақ қойып, оларды да сабаққа қатыстырып отырамын.
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға топпен бірігіп отырып мәтінді оқып шығуға, керекті мәліметтерді, оның ішінде хронологиялық даталарды, терминдерді дәптер бетіне түсіріп отыруды тапсырамын. Бұған  оқушыларға бес минуттай уақыт беремін.
Топқа берілетін тапсырмалар.
I. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайына талдау жаса.
Бұл тапсырманы әр топ өзара ақылдаса отырып орындап шығады. Топтан бір оқушыдан шығып ортақ пікірлерін айтады. Оны толықтырып отыруға болады.
Алғашқы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелерін бағалай отыра келесі тапсырма беріледі.
II. Әр топ алдарындағы кестені салыстыра отырып бірігіп толтырады.
Индустрияландыру Ұжымдастыру
Уақыты
Пайдасы
Зардабы
Тарихи маңызы
Толтырылған кестені  тексеріп шығамын.
Осыдан кейін   үш топты жарыстыру мақсатында әр топқа тест сұрақтарын таратамын. Тест сұрақтарының саны 7-8 болады.
 1.  Кеңес Одағында индустрияландыру бағыты қабылданған жыл.
2.  Түрксіб темір жолының ұзындығы т.б. 
Қорытынды кезең:
Сабақты бекіту мақсатында топтарға карточкалық сұрақтар таратамын. Бұған жауап алғаннан кейін   өткен тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала қорытындылаймын.
Бағалау:               Үй тапсырмасы:. 47-параграфты оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезіндегі Қазақстан
Кеңес одағы
Алаш қозғалысы
1920-1930 жж білім мен мәдениеттің дамуы
Тың игеру
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға көрсетілген қарсылық
Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға көрсетілген қарсылық
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6393 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык