Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 10386 |
|
|
|
Америка Құрама Штаттары
Америка Құрама Штаттары
Сабақ жоспары :
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ – қа тигізген әсері
2. 1922-1929 жылғы АҚШ – тың саясаты . Гүлдену кезеңі
3. 1929 – 1933 жылдағы АҚШ – тағы экономикалық дағдарыс .
4. Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
5. АҚШ – тың сыртқы саясаты .
1.Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ – қа тигізген әсері
Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ экономикасына өте пайдалы болды. Соғыс кезінде Америка қатты байып алды. Елде өнеркәсіп шапшаң дамыды. АҚШ әлемге ықпалын жүргізуге тырысты , бірақ Оған Еуропада Англия мен Франция , Азияда Жапония кедергі келтірді . АҚШ басшылығы дүниежүзі демократиялық жолмен дамуы керек деп есептеді .
2.1922-1929 жылғы АҚШ –тың саясаты .
ХХ ғасырдың 20 жылдары АҚШ әлемде өндіретін өнімнің 44% шығарды . Машина жасау , ұшақ шығару , химия салалары маңызды орын алды .Корпарациялар елдегі өндірістің жартысын өндірді . Халықтың жағдайы едеуір жақсарды. 1928 жылы АҚШ президенті Гувер сайланды . Гувер халыққа Америка гүлденген заман деп атады . Халықтың қолында акциялар болды . Америка жұрты ақшаларын банкіге сеніп тапсырып қойды .
Дүниежүзіндегі өнеркәсіп көлемі -1928жылы
АҚШ
КСРО
Германия
Ұлыбритания
Франция
Жапония
Италия
44%
12%
10%
7%
4%
3%
2%
3.1929 жылғы АҚШ – тағы экономикалық дағдарысы .
1929 жлы АҚШ дүркіреп тұрғанда күтпеген жерден экономикалық дағдарыс болды. Тарихта «Ұлы дағдарыс» деп аталды. Төменде тірек –сызбаға көңіл аударайық .
Өнеркәсіп 50 % қысқарды
Ұлы дағдарыс 5 мың зауыт пен фабрика жабылды
5,5 мың банкі күйреді
13 миллион адам жұмыссыз қалды
Елді қайыршылық жайлады.
Ұлы дағдарыс АҚШ халқының тағдырына ауыр әсер етті . Елді ашаршылық , жоқшылық жайлады . Президент Гувер дағдарыстан шығару үшін түк істеген жоқ . Осындай қиын жағдайда АҚШ президенті Ф. Рузвельт сайланды .
Америка тарихында Рузвельт 4 рет сайланған президент болды . Рузвельтке Конгресс төтенше билік берді . Рузвельт реформаларын тарихта «Жаңа бағыт » деген атпен қалды. Төмендегі кестеден біз реформалар жүйесімен танысамыз.
1. Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
Қай жылы Қабылдаған заңы Мақсаты
1. 1933ж
4- наурыз Алтын қоры туралы Алтынды сыртқа шығармау , жасырмау
2. 1933 ж
6-наурыз Банкілерді реттеу заңы 19 мың банкіні жауып,800 банкі қалдыру
3. 1933 ж
22-наурыз Құрғақ заңды жою Арақ сатуға рұқсат
4.1933 ж
16-мамыр НИРА(ҰӨҚК)- заңы
1. Әділ бәсеке
2. Кәсіпкер мен жұмыскер
3. Өнеркәсіпке несие беру Өнеркәсіпті қалпына келтіру
5.1933 ж
20-мамыр ААА(АШҚК)- заңы Ауыл шаруашылығына көмектесу. Фермерлерді қолдау
6.1935 ж
14-тамыз Әлеуметтік қамсыздандыру заңы Жәрдемақы мен зейнетақыны төлеу
7.1937ж
5-шілде Жоғары сот реформасы Сот жүйесін өзгерту
4 . Бекіту сұрақтары – жұптық жұмыс . Деңгейлік тапсырма.
1- Жұпқа
1. АҚШ тың тұңғыш президенті -5 балл
2.Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды . АҚШ кімді қолдады -10
3. НИРА – заңын түсіндір-20 балл
2-жұпқа
1. АҚШ тың ұлттық валютасы -5 балл
2. Ф. Рузвельт кім -10 балл
3. Банкі деген не , Банкілерді реттеу заңы – 20 балл
3-жұпқа
1.АҚШ парламенті қалай аталады -5 балл
2. Жаңа бағыт реформасының басты мақсаты – 10балл
3. Гүлдену дәуірі деген не ?-20 балл
4. Қортындылау
Қортындылау Венн диаграмасы арқылы және топтасыру арқылы жүргізіледі.
Қазақстан - ерекшелігі Ортақ белгілері АҚШ - ерекшелігі
Топтастыру
Оқушыларды бағалау , жаңа тақырыпты пысықтап беру . Оқушылардан түсінбеген болса сұрақтар бергізу.
Үй тақырыбы $ 9
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |