Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауыл шаруашылығының дамуы, Тың игеру


Ауыл шаруашылығының дамуы, Тың игеру

Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының дамуы, Тың игеру

Білімділік: Ауыл шаруашылығын интенсивті дамыту мақсатында қабылданған тың игеру саясатының  алғашқы табыстары, қорытындыларына тоқталып, маңызын,  тарихи салдарын анықтау;                   
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын еркін айтуға, өз  көзқарасын нақты аргументтер арқылы дәлелдеуге дағдыландыру;                 
Тәрбиелік: Оқушыларды бірігіп ізденуге, нақтылыққа баулып, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу. 
Сабақ типі:  аралас сабақ  
Сабақ әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, карта, үлестірмелі материалдар 
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тың  эпопеясын толық меңгереді, аталмыш кеңестік саясаттың дұрыс және бұрыс жақтарын ажырата біледі, тарихи баға бере алады. 
 
С А Б А Қ Т Ы Ң   Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Сабаққа назарын аудару
Топқа бөлу 
«Мықты тірек» тренингі
Шарты: дөңгелектеніп, иық тіресіп тұру, оң жаққа бір қадам, кейін сол 
жаққа бір қадам жасау, мықты тіректі сезіну
- Қозғалыс барысында не сезініп тұрсыздар?
- Құламаймыз, тіреп тұрмыз
- Дұрыс, әрдайым бәріңіз бір-біріңді демеп, кол ұшын беріп жүріңіздер
Бірлігі жарасқан бұл сынып 
Жүреді әрдайім бірігіп
Тілейміз алдағы сынақтан
Мектепті қуантсын, 
Ауданға тәнті қып – деп сабағымызды бастасақ.
Қызығушылықты ояту
- Оқушылар, қай кезең  тарихын меңгеріп жатырмыз?
- Соғыстан кейінгі кезең тарихын оқып жатырмыз
- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыздың барысында 1940-60жылдарға қатысты түйткілді оқиғаларды  еске түсіріп, тың эпопеясын қорытындылаймыз
- Ендеше, Ойна да күл, ойлана біл, өз ойыңды дамытып жүр – деп сабағымыздың бірінші бөлімін бастаймыз!
І «Сәйкесін тап!»
Шарты: Әр топтан кезекпен оқушылар шығып, тарихи ұғымдар мен тұлғаларды мәнін ашатын мәтінмен бағыттаушы арқылы байланыстыру
 
1. Кәсіподақ                         А) Әміршіл-әкімшіл, жоғарыдан төменге 
                                                   қарай басқаратын иерархиялық құрылым                  
2. Е.Бекмаханов                   Ә) Партия нұсқауымен жұмыс жүргізетін 
                                              республиканың жоғарғы мемлекеттік органы
       3. Компартия                        Б) Тәрбие жұмысын жүргізу, социалистік 
                                                     жарыстар ұйымдастыру, бұқараның тұрмыс 
                                                     жағдайына қарап көмектесетін ұйым
4. Ю.Домбровский              В) Екпінді құрылыстарға, ірі 
                                              кәсіпорындардың салынуына, тың игеруге 
                                              үлес қосқан  ұйым
5. Өнеркәсіптің «Б» тобы   Г) Қазақстанды  тастап кетуге мәжбүр болған 
                                               жазушы
6. Кеңес                                Ғ) КОКП-ның ХХ съезінен кейін ақталған 
                                              мемлекеттік қайраткер
7. Комсомол                        Д) 25 жыл бас бостандығынан айрылған 
                                              ғалым
8. С.Сейфуллин                   Е)  1954 жылғы Қазақстан КП ОК І хатшысы
9. Өнеркәсіптің «А» тобы  Ж) Тұтыну тауарларын өндіру
10. П. Пономаренко            З) Өндіріс құралдарын өндіру
 
ІІ  «Сен білесің бе?»
Шарты: 1+2-3=? есебінің жауабын тауып, мәнін ашу;
1. Егіске күш малын пайдалану қай уақытқа дейін орын алды?
2. Мал шаруашылығын дамыту жоспары қашан қабылданды?
3. Тың игеруге қатысты мәселелер одақ деңгейінде қашан талқыланды?
1960+1949-1953//1956ж – 16 млн га астық өндірді
 
1. Тың игеру туралы шешім қашан қабылданды?
2. Тыңды жаппай  игеру Қазақстанның неше облысында жүзеге асырылды?
3. КОКП-ның І хатшысы  Н.С.Хрущев неше жыл ел биледі?
1954+6-7// 1953 – Одақ көлемінде талқылау, Сталин өлімі
 
ІІІ Шығармашылық сайыс
Шарты: Тың эпопеясына қатысты қосымша деректерді презентациялау
Уақыты: 6 минут
 
ІҮ. Картамен жұмыс
Бидай масақтарын 6 облыс тұсына орнату
 
Мағынаны тану
- Жалпы тың игеру жұмысын Кеңес үкіметі неліктен қолға алды деп ойлайсыздар?
- Балалар, біздер соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының дамуын сараладық, ал бүгінгі   сабағымыз тың игерудің нәтижелеріне арналмақ.
Жаңа сабақтың мақсаты: Тың игеру саясатының салдарына талдау жүргізіп, сол кезеңдегі демографиялық ахуалдың шиеленісу себептерін анықтау
Мәтінмен жұмыс.
«Тың және тыңайған жерлерді игерудің қазақ халқы үшін пайдасы болды ма?» талдау жұмысы
Дискуссиялық карта толтыру
Иә Жоқ
1.КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды, дүние жүзіне бидайдың қатты сортын шығарды.
2. Қалалық мәдениет дамыды.
3. Инфрақұрылым нығайды, жаңа жолдар салынды.
4. Көп ұлтты мемлекетке айналды
5. Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті. 1. Экологиялық жағдай ауырлады, топырақтың құнарсыздануы
2. Жер-су аттары орысша аталды
3. Қазақ халқы өз елінде азшылыққа айналды
4. Қазақ тілді мектептер, газет-журналдар жабылды.
5.  Мал шаруашылығы құлдырады
 
Ойтолғаныс
- «Ойлан, тап!» ойыны
Көрсеткіштерді сөйлету тапсырылады
6,5 млн                          9,4 млн             25 млн
2 млн                              20 млрд              1 млрд
 
 
- Екі түрлі түсіндірмелі күнделік
Не таңқалдырды?                 Неге?
Қорытындылау
«Ескірмейтін есті сөз»
«Тың иегру қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
өміріне үлкен өзгеріс әкелді»
«Нан болса, ән де болады »       Л.И.Брежнев
«Осыдан жарты ғасыр бұрын мемлекеттен үлкен қаржы бөлініп, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеру үшін көптеген адамдар келді. Әрине, үлкен іс кемшіліксіз болмайды. Бірақ, ең негізгісі, қазір қазақстандықтардың дастарханында нан мол. Дүкеннен таңдағанымызды сатып аламыз. Тыңның басты құндылығы,міне, осында»        Н.Ә.Назарбаев
Бағалау 
Үйге тапсырма беру:§21 оқу, 119-беттегі сұрақтарға жауап әзірлеу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті
Ауыл шаруашылығы. Тың эпопеясы
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ САЯСАТЫ
Тың игерудің нәтижелерімен салдары
Тың игерудің нәтижелері
Тың жерлерді игеру
Тың игеру
Тың игеру
Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ КСР-да жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4743 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык