Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 10171 |
|
|
|
Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Сабақтың атауы Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Сілтеме Б. Көмеков, Ш. Уәлиханов, Дулати, А.Әбдрахманов,
Н. Мыңжанұлы т.б ғалымдардың пікірлері.
Жалпы мақсаты
Қазақ халқының қалыптасу үдерісі, кезеңдері және оның зерттелуі туралы ғалымдар жазбаларына сүйене отырып, оқушылар бойында өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
Зерттеушілік әңгіме жүргізілуі кезінде оқушылардың ақылға қонымды мәлімет ұсынуы, топтағы оқушылардың бір-бірі толықтыруы, келісімге жетуге тырысуы.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
• Халық болып қалыптасу үдерісі және Үш Жүз туралы ғалымдар көзқарастарын салыстыру;
• Алаш және қазақ атаулары туралы оқушылардың өз көзқарастарын білдіруіне жағдай жасау;
• Өз еліне, халқына деген сүйіспеншілікті сезіне білуді тәрбиелеуді жалғастыру
Тапсырмалар
Топқа біріктіру
Топта жұмыс жасау ережесін құру
1-тапсырма Шолу жұмысы.
а) «қазақ» сөзінің қашан, қайдан шыққанны туралы осы уақытқа дейін не білесіңдер?
ә) оқулықтағы тақырыпқа шолу жасау тапсырылады
2 - тапсырма
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар туралы өз ойларын ортаға салу.
Топпен жұмыс. (таратпа материал пайдалану)
Ментальды карта жасату
3 -тапсырма
Қазақ атауының шығуы – дерек көздеріне сүйену арқылы. өздерінің ой қорытындысын жасауы.. (дарынды оқушылар)
.
4 - тапсырма
Слайдпен жұмыс.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалім немен айналысады, оқушы немен айналысады.
А) Топқа біріктіру. Қоржыннан нөмірленген асықтар алу арқылы топқа бөлу.
Асықтар нөмірленіп, қоржынға салынған, әр оқушы қарамай асықтарды алып, мұғалімнің айтуымен төмендегідей атаулар бойынша орындарына жайғасады.
1-топ. «Алаш» тобы,
2-топ. «Қазақ» тобы,
3-топ. «Үш Жүз» тобы
Б) Топта жұмыс жасау ережесін құру
Топта жұмыс жасау ережелерін оқушылардың өздері плакатқа ойластырып жазуларын сұраймын.
Барлық сабақ кезінде ереже көрінетін жерде ілулі тұрады. Мысалы мынадай ереже тізімі:
1. Топ мүшелерінің белсенді болуы.
2. Пікір айту,
3. Бір – бірінің пікірін тыңдау, құрметтеу.
4. «Тоқта» ережесі т.б.
1 – тапсырма. Тақырыптың атын айтып, мақсатымен таныстыру
Шолу жұмысы.
а) «қазақ» сөзінің қашан, қайдан шыққанны туралы осы уақытқа дейін не білесіңдер?
ә) оқулықтағы тақырыпқа шолу жасау тапсырылады
2 тапсырма. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар туралы өз ойларын ортаға салу.
Топпен жұмыс. (таратпа материал пайдалану) Ғалымдар еңбектері мен пікірлері
Көптеген ғалымдар «Қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады А. Н. Бернштам «қазақ» сөзі кас-пи мен сақ бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды. Зерттеуші А.Әбдрахманов «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жасалған: оғ- көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қаз - оғ(оқ) қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді. Қытай деректерінде Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетті
Б.з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегінде Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса(қазақ)» тайпалары туралы жазылған. А.А.Семенов Арба немесе күймені ғұндар мен қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздірінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді
XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын киіз үйлер тіккен. Сондықтан қазақ «терген» сөзінің шығуы да «қасағ» атауының шығу төркініне ұқсас. Академик В.В. Радлов «қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады. А.А. Самойлович, Ш. Құдайбердіұлы «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазды. Ш.Ш. Уәлиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.Т. Жанұзақов «қазақ» сөзінің бірінші бөлігі - «қаз», «қас» - Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген. Н. Мыңжанұлы Атақты «Алтын тас» кітаптарында «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандук», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы, қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну», «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді. М.Х. Дулати Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар: (1--слайд)
елдік, халықтық сананың өзіне тән мәдениеті,
қалыптасуы мекен ететін аумағының қалыптасуы,
халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы
тілінің қалыптасуы,
Ментальды карта жасату
Сергіту сәті : Киіз басу қимылдары.
1. жерге тулақ салу (еңкею)
2. қап арқалап жүн әкелу (екі қолды біріктіріп, кезек-кезек иыққа апару)
3. жүнді екі таяқпен сабау (отыру, қолды жоғары-төмен түсіру)
4. жүнді шиге орау; (қоолды айналдыру)
5.шиді тебу (аяқпен кезек-кезек тебу)
6.үстіне су құю, қайта тебу
3-тапсырма.
Қазақ атауының шығуы туралы дерек көздеріне сүйену арқылы, өз жауаптарын дәлелдеу.
3-Слайд. «Қазақ» атауы»
Қазақ атауының шығуы жөнінде зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Қазақ этимологиясының 20 астам түсіндірмесі бар.
1245 ж мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда «қазақ» деген сөзді «еркін, кезбе» деп аударады.
«Атамыз –Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің ұрпағымыз» деген ел аузында сөз қалған
4 тапсырма. Оқушылардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.
Дереккөздер және жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, А4 қағаз, фломастерлер, слайдтар.
Кейінгі тапсырмалар
Қазақ жүздері туралы пікір айтқан ғалымдар: Ш. Уәлиханов, Н.А. Аристов,В.В. Бартольд, М.П. Вяткин, С. Аманжолов,Т.Н. Сұлтановтың айтқандарын салыстыру.
Тақырып глоссарийін құру
Сабақты талдау
Сабаққа тарих мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі қатысып талдап, өз пікірлерін білдірді.
Сабақ бойынша өзгертулер
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |