Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері


Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері

Сабақтың тақырыбы Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері

Сабақтың мақсаты:
• Қазақ халқы қалыптасуының еделгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері жөнінде оқушыларға толық түсінік беру, ерекшеліктеріне тоқталу.
• Түркі этнонимінің пайда болуы жөнінде тоқтала отырып, түркі тілдес халықтардың қоныстанған аумағыжәне түркі тілдес ұлттардың қалыптасу кезеңдері жөнінде оқушыларға тиянақты білім беру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
 Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба .
Үй тапсырмасын сұрау:
• Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
• Сақ тайпаларының  шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
• Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
• «Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Сақтардың діни-нанымдары
• Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?
Сабақтың жоспары:
1. Ежелгі ру-тайпаларының этностық дәрежеге жетуі
2. Қазақ халқы негізінің қалыптасуының ерте  орта ғасырлардағы тарих кезеңдері
3. Түркі тілдес халықтардың ата-бабасы қоныстанған жерлер. Қазіргі түркі тілдес  халықтардың алып жатқан аумағы.
4. Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері
Сабақ жоспарының  бірінші мәселесін мына тірек нүктелері арқылы түсіндіру. 
 
 Оқушылардың  тақырыпты қалай түсінгенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қою:
1. Этнос сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.
2. Антрополог О.Исмағұловтың пікірі бойынша  қазақтарда этностық үдеріс қай кезеңде басталды?
3. Соңғы зерттеулерде қазақ халқының тілі түркі тілдес халыққа жататындығын немен дәлелдеуге болады?
   Сабақ жоспарының екінші мәселесі бойынша қазақ халқы негізінің қалыптасуының ерте орта ғасырлардағы тарихи кезеңдерінің ерекшеліктеріне тоқталу керек. Яғни, үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының араласуы этностық құрамның антропологиялық және тілдік ерекшеліктеріне едәуір өзгерістер енгізді. Осы ру-тайпалар біздің заманымызға дейінгі қазақ халқының алғашқы этностық негізін  құраған этносаяси қауымдастықтар екенін айту.
     Қазіргі түркі тілдес халықтардың алып жатқан аумағы туралы мәселені оқушылардың өз бетімен оқып, төмендегі кестені толтыру ұсынылады. Төменде кестенің дұрыс толтырылған нұсқасы.
№ Аймақ Түркі тілдес ұлттар
1 Еділ-Жайық өңірі Татар, башқұрт, чуваш, қырым татарлары
2 Кавказ үстіртінде Әзірбайжан, қарашай, балқар
3 Тұран ойпатында Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ
4 Шығыс Түркістан Ұйғыр
5 Сібір және Шығыс Азия Саха(якут), шор, хақас, алтай қырғыздары
6 Кіші Азия Түрік ұлты
Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері деген төртінші мәселені мына кесте арқылы толтыруға болады
 
  Түркі тілдес халықтардың үш кезеңінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мынадай негізгі ұғымдармен қорытындылау: XVғасырдың ортасында  түркі және басқа халықтардың күресі  халықтардың бір-бірінен бөлінуіне әкелді. Мысалы, XV ғасырда түрікмен халқы қалыптасты. 1356 жылы әзірбайжан халқы қалыптасты.  XIV-XV ғасырларда Кіші Азия мен Балқан түбегін түркілердің бағындыруына байланысты, Осман империясы құрылды.    Бұл мемлекет түркі тілінде ең көп санды түрік халқын қалыптастырды деп ой түю.
 Қазақ этносы халық болып қалыптасуының барысы:
• Төрт мың жылға жуық уақытқа созылды;
• Төрт түрлі тарихи кезеңде тілдік, этностық, антропологиялық, мәдени-тарихи дамуды басынан кешті;
• Сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, найман сияқты этностық топтар қазақ этносының негізін құрады;
• Осындай тарихи даму кезеңдерін басынан өткізген ру-тайпалар  XV ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.
Сабақты бекіту:
• Қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалар мен рулар туралы не білесіңдер?
• Қаңлы, үйсін тайпалары қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
• Ерте орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер  болды?
• Орта ғасырларда қандай этностық өзгерістер болды?
• Қазақ халқы өзінің қалыптасу тарихында мәдени-тарихи дамудың  қандай кезеңдерін бастан өткізді?
• Қазіргі кездегі түркі тектес халықтардың қалыптасу кезеңдері туралы айтыңдар
• Осман империясының негізінде қандай ірі халық қалыптасты? Оның өзіне тән қандай ерекшеліктер бар?
Бағалау:
Үйге тапсырма
1. §8 соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу
2. Қазақ халқы қалыптасуының  үш кезеңіне қысқаша сипаттама жазуды тапсыру (қосымша  деректерді, баспасөз материалдарын пайдаланып кеңінен қамтып жазу керек.)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті
Қазақ халқының қалыптасуы
Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
Ғұндар мемлекеті. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
Көне дәуірдегі Қазақстан жеріндегі ежелгі этникалық үдерістер
Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі
Монғолдар жаулап алғаннан кейінгі этностық өзгерістер
Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы
Бақылау жұмысы
Қазақ халқының қалыптасуы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3889 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык