Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ


Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ

     Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас  халық, біртұтас болашақ  

Мақсаты:   1. Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық-бір ел- бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, Елбасы саясатын насихаттау 

                      2. Елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:  Слайдтар,   проэктор, компьютер

Өткізілу әдісі:    Фестиваль                          

Фестиваль шарты:

                     1.Ұлт тарихын баяндайтын  слайдтар,  фотогалереялар   негізінде  

                    сол ұлттың   Қазақстандағы өмірін баяндау

                    2.Ұлттық ән-би, ұлттық салт-дәстүрден көріністер көрсету

 

Фестивальға қатысқан оқушыларды марапаттайтын  номинациялар:

vҰлттық би

vҰлттық  ән

vҰлттық көрініс

vҰлттық киім

vҰлттық тіл

vҰлттық дәстүр

vҰлттық слайд

vҰлттық өнер

vҰлттық келбет

 

Қатысушы оқушылар: 8-10 класс оқушылары

Жауапты класс:             9 «Ә» класы

 

Тарих пәні мұғалімдері:  Алғашбаева С.Б

                                              Бисенгалиева А.Б

 

 

 

 

 

  ҚАЗАҚСТАН - БІРТҰТАС ЕЛ,  БІРТҰТАС  ХАЛЫҚ,  БІРТҰТАС  БОЛАШАҚ

 

1-жүргізуші:Қазақстан–ежелгі ел,бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.

9«А» класс оқушысы ЫқсанАлтынбектің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»

 

2-жүргізуші:  Біз– қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. (Слайд Қазақ елі)

 

 1-жүргізуші:   Ынтымақ, бірлік, достық, татулық,

                          Бабалардан қалған дәстүр айтулы

                          Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

                          Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы!

 

2-жүргізуші: Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі.   Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

 

1-жүргізуші:

Елбасшымыз Н. Назарбаев  «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!   деп сөйлеген сөзінде: 
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, 
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. 
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды»  деді.

 

 2-жүргізуші:  Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз!  Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

 

 1-жүргізуші:

Сыр  бойында баулардан, 
Алатаудай  таулардан. 
Сарыарқамдай  даламда, 
Көк аспанның астында 
Бірлігіміз жарасқан 
Қазақ, Өзбек,Қырғыздар. 
Татар, Орыс,Ұйғырдай, 
Ұлттары бар достасқан, 
Бір шаңырақ астында 
Егеменді елімде

Ырысымыз жарасқан

 

 2-жүргізуші:Біздің  Қазақстанда 130-дан  астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгінгі «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» аттыкешімізде  мектебіміздің оқушылары әр ұлттың   тарихын, салт- дәстүрін  және сол халықтың өнерін сіздердің назарларыңызға ұсынбақ.

 1-жүргізуші:

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз - дей отырып сөз кезегін қазақ халқының окілдеріне береміз. (8 «А» класы-өздері дайындаған  қазақ  халқы туралы слайдпен таныстырады)   Қазақ биі

2-жүргізуші:

Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!   Сөз кезегі татар халқы өкілдеріне беріледі

(10 «А» класы-   татар халқы туралы таныстырады) Татар тілінде ән

 

1-жүргізуші:  Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, неміс  мәдени орталығына сөз кезегін береміз. (9 «А» класы –неміс  халқы туралы дайындаған слайдпен  таныстырады)  Неміс халқының биін билейді.

2 -жүргізуші:

Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

 Қымбат  бізге туыстық 

Баянды болсын тыныштық!    Сөз кезегі шешен  ұлты өкілдеріне беріледі.   

 (10 «Б» класы- шешен халқы туралы таныстырады), шешен тілінде ән айтады.

 

1-жүргізуші:

Бұралып Гөзал билегенде

Өзбектің асқақ әні тербегенде

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар айтыңдаршы қандай пенде. Сөз кезегі өзбек ұлты өкілдеріне беріледі.

 (9«Ә» класы- өзбек  халқы туралы таныстырады.) Өзбек биі

 

2-жүргізуші:

Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл - деп сөз кезегін  украин  ұлты өкілдеріне береміз.

 (9 «Б» класы-украин  халқы туралы таныстырады). Украин тілінде ән айтады

 

1-жүргізуші:

Қырғызым өлең десе елеңдеген.

Қара өлең үлкендерге мұра деген - қырғыз ағайындарымызға сөз береміз                                       (10 «Ә» класы- қырғыз  халқы туралы таныстырады). Қырғызша ән айтады.

   

2-жүргізуші:

Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.  Сөз кезегі кәріс  ұлты өкілдеріне беріледі.

(8 «Ә» класы- кәріс  халқы туралы таныстырады).  

 

Оқушы: Корей ақыны Ен Сен Нен

1937жыл еді.

Поезд жүйткіп келеді.

Терезеден тұрмын қарап таңдана:

Дала, дала, кең дала.

Содан кейін азаптан торыққаным есімде,

Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.

Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,

Құрмет қылып ән салғаны есімде.

Жоқ, ұмытпан,

¥мыта алман жандарды ол,

Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.

Қазакстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!

Жеттім сенде арманыма аңсаған.

Қарыздармын. Бас иемін мен саған.

Бас иемін сенде туып,

Сенде ержетіп оқыған,

Саған келіп ес жинаған өзімдей

Кәрістердің атынан

 2- жүргізуші:

                   Қағида еткен бабалар өсиетін, 

                   Қазақтың  шаңырағы-қасиеттім!

                  Ай құшақ,  ақ пейілдің кеңдігіне,

                  Орны бар талай  халық  бас иетін, сөз кезегі орыс  ұлты өкілдеріне беріледі.

8 «Б» класс өқушылары қазақ жеріндегі  орыс ұлты өкілдері туралы слайдпен таныстырады) Орыс тілінде халық әні

 

 1-жүргізуші: Байлықтың  ең  үлкені – халықтар  достығы. Біз  осы  достықты нығайта білуіміз  керек, бір-бірімізді  құрметтеп, еліміздің ертеңі  үшін қызмет  етуіміз  керек. Жасасын, жүрегі  бауырмал  қазақ  елі!

  2-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.(Слайд)

 

              Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, 
              Көк туымды қалайша құлатармын. 
              Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
              Бәріміз баласындай бір атаның.
              Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
              Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
              Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
              Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!

 

Ән «Атамекен» Орындайтын 7 «Ә» класс оқушысы Асылхан Асылбек

(Барлық оқушылар ортаға шығады. Қолдарында жалаушалар, шарлар болады.)

Бәрі хормен:«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
«Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз»
Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ
Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта
БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ
Ұлттар достығы атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған ертеңгілік
« Елі сүйген ер »
"Саған сенемін" интеллектуалдық ойын
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ!
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 14617 | Қосты: Нуртаева Айнаш Аленовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык