Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.


Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Қазақстан Ұлы  Отан  соғысы жылдарында.

 Сабақтың  мақсаты:

А) Соғыс  жылдарында  экономикада болған өзгерістер  туралы ; соғыстың  шығу  себебін ,сипатын  түсіндіру.Оқушыларға қазақ-

стандықтардың Мәскеу және Ленинград  қалаларын фашисттерден қорғауда  қосқан үлесі  жайлы  мағлұмат  беру.

 

Б)Мәскеуде, Ленинградта және басқа  майдандарда қазақстандықтардың жасаған  жаппай  ерліктерін  көрсету,тақырыпты  оқыта  отырып,Ұлы Отан  соғысы  жайлы білімдерін  одан  әрі  дамытуға  жағдай  жасау.Тарихи  оқиғаларға баға  бере  білу дағдыларын қалыптастыруға  көмектесу, ойлау  қабілеттерін, шығармашылық  әрекеттерін дамыту.

 

В)Оқушыларды  Отан сүйгіштікке ,елін ,жерін сүюге  тәрбиелеу,

қазақстандықтардың ерлік істерін үлгі  ете  отырып,отан қорғаушыларға деген  құрмет сезімін ояту, өз  елінің өткенін мақтан тұтуға  үйрету.

 

Сабақтың  түрі:          Аралас   сабақ,жаңа  білімді  меңгерту.

 

Сабақтың әдісі:          әңгімелеу, сұрақ –жауап, СТО әдісі,

                                                      Слайд көрсету.

Пәнаралық байланыс:Дүние жүзі тарихы 9-сынып,

                                              Қазақстан тарихы 5-сынып

 Көрнекілігі:         Суреттер,сызбалар, альбом.карта

 

Сабақтың  жүрісі:                І. Ұйымдастыру  кезеңі.

       А)   оқушылармен  сәлемдесу.

      ә)   оқушыларды  түгендеу.

ІІ.   Үй  тапсырмасын  сұрау:  §13.Қазақстанның  экономикалық қуатының  артуы.

 

ІІІ.  Үй  тапсырмасын  қорытындылау:

1)Ұлы  Отан  соғысына  дейінгі Қазақстан  экономикасында болған  өзгерістерді атаңдар?

2)Қазақстандық тылда әскери іске  жұмылдыру  қалай жүргізілді?

3)Қазақстан  экономикасын  соғыс  жағдайына көшіру  барысында  қандай оқиғалар  болды?

4)Соғыс  кезінде ғылым мен  өнер  қандай  міндеттер  атқарды?

 

 

 

 ІҮ.   Жаңа  сабақты  баяндау:

Жоспары:    1.Қазақстандықтар  Мәскеу ,Ленинград үшін      

                                       шайқаста

                     2.Қазақстан – Сталинград майданының жақын  тылы.

                    3.Соғыс бағыты –Батыс

                   4. Майданға және басқыншылықтан азат  етілген

                             аудандарға  бүкілхалықтық  көмек.    

                  5. Соғыс  жылдарындағы  ұлтаралық  қатынастар.

Отан соғысының алғашқы  күндерінен бастап ақ қатарында мың-даған қазақстандықтар  шайқасқан  кеңес  жауынгерлері барлық  майдандарда фашистік  басқыншыларға қарсы  кескілескен  ұрыс  жүргізді.

 Мәскеу  түбінде  генерал-майор И.В.Панфилов  қолбасшылық  еткен даңқты 316-атқыштар  дивизиясы  ерлікпен  шайқасты. 1941жылы қарашада Дубосекова түбінде  ұрыс  салған 1075-атқыштар полкінің танк  жоюшылар тобының ерлігі елге   мәлім  болды.

В.Г.Клочков : «Ресей кең-байтақ,бірақ  шегінерге  жер жоқ , артымызда –Мәскеу» .

  Брест  қамалын  қорғаушы  қазақстандықтар:

А.Наганов,В.Фурсов,Қ.Тұрдиев,Ш.Шолтыров.

 Кеңес  Одағының  батырлары:

М.Ғабдуллин,Т.Тоқтаров,Ж.Елеусізов.С.Нұрмағанбетов,

М.Мәметова,А.Молдақұлова,  т.б.

 Кеңес  Одағының  батыры  атағын  екі мәрте  алған қазақстан-дықтар:

Леонид Беда, Талғат  Бигелдинов, Сергей Луганский,Иван Павлов.

Шымкент теміржол торабының  комсомолдары  «Қазақстан комсомолы» танк  коллонасына  қаржы  жинап  берді. Республи-када танк  коллоналары мен авиация  эскадриялары  үшін 480 млн.сом  жиналды.  «Қазақстан пионері» 4 млн.сом, «Кеңес   студенті» 600 мың  сом  ақша  аударды.

жылдары республикадан  зауыттарды  қалпына  келтір

үшін 1439 комсомол  жіберілді.

   Соғыс  Қазақстан  халқына үлкен  сын  болды,Онда  социалистік  құрылыстың бұрмалануы да,соғыстың  сұрапыл  сындары да, жанға  батар  шығындары да, жеңіс  қуанышы да ,кескілескен ұрыстардағы ерлік те, еңбекпен өткен  күнделікті өмірдің  қарапайым, ұлылығы да  өз  көрінісін  тапты.

Біздің  жерлестеріміз.

Талғайран  ауылынан соғысқа  қатысқандар  туралы  әңгімелеу

1.Жиреншин  Емберлі,                      7.Қуатов Қарақойшы

2.Досалин Тұрғали                            8.Демесінов Молдақұл

3.Жұмалин Ізбасар

4.Шобақов Сәрсенғали

5.Кадиршин Жұбан

6.Рамазанов Әмір

Ү.  Тапсырмалар  орындау:    а)  Топтастыру

ә) Картамен  жұмыс.

1)Ұлы Отан соғысының  шешуші  шайқастары болған  жерлерді  көрсет.

2) Қазақстандық 316-атқыштар дивизиясы қай жерде шайқасты ?

б) Кесте  толтыру

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

в)        «Бес  жол  өлең»                     Соғыс

1.Зат есім

2.Етістік

3.Сын  есім

4.Сезімді білдіретін сөздер.

5.Синоним.

 

Г)  Сандар  сөйлейді.  / берілген датада қандай  оқиға  болғанын анықтау/

ҮІ. Бекіту:

1)Кеңес Одағы  үшін Ұлы  Отан соғысының шешуші  шайқастары  қай жерлерде ,қай кезде  болды?

2)Қазақстандықтар  ол  шайқастардың  қайысына  қатысты?

3)Сталинград шайқасында Қазақ КСР-і қандай  роль атқарды?

4)Қазақстандық жастардың соғыс кезінде көрсеткен  көмегі  қандай  болды?

5)Атыраулық Кеңес  Одағының Батырларының  қандай  ерліктерін  айта  аламыз.

ҮІІ.Үйге  тапсырма  беру:  §14-15.Қазақстандықтардың Ұлы Отан                      соғысына  қатысуы. /оқуға/

  Реферат:  «Ұлы Жеңіске  қосқан  үлес»

ҮІІІ.Бағалау,қорытындылау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Ұлы Жеңіске -68 жыл
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 12087 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык