Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ-Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан


Қазақ-Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан

Сабақтың тақырыбы Қазақ-Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан

Сабақтың мақсаты:
- Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, мақсатын көрсету.  Абылай ханның қазақ хандықтарын біріктіру жолындағы әрекеттерін  түсіндіру.
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
5. карта
6. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
 Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
Көрнекілік: «Абылай» портреті, карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
3. А.И.Тевкелев елшілігі
4. Ресейдің отарлау шаралары
Сабақтың жоспары:
5. Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі
6. Жоңғар хандығының жойылуы
7. Қазақтардың ұлттық санасы
     Сабақтың жоспары оқушы дәптеріне жазылады. Жаңа сабақ материалы өткен сабақпен байланысты болғандықтан, оқушылардың танымдық білімін дамыту мақсатында  «Қазақ хандарының таққа, билікке таласуының басты себебі неде?» деген сұрақ қойылады.
   Мұғалім оқушы жауабын қорытындылап, сол кездегі Қазақстанның сыртқы саяси жағдайына, қазақ хандықтарының алдында тұрған мақсат, міндетіне тоқталады. Негізгі міндет-қазақ жүздерін сыртқы анталап тұрған жаудан қорғау және саяси бытыраңқылықты жою.
    Сабақты әрі қарай түсіндіру барысында оқушылардың қазақ жүздерінің Ресей құрамына өте бастауының себебін, оның салдарын ұғынуына мән беру керек. Осы XVIII ғасырдың бірінші жартысында қосылудың тиімді, тиімсіз жақтарын  аша білуге талаптандырып, кейінгі салдарын қазіргі жағдайлармен салыстыра отырып, қорытынды жасау керек.
   Екінші мәселе бойынша мұғалім Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылайханның күресіне тоқталады. Кіші және Орта жүз қосыла бастағаннан кейін  Ресей өз күшін пайдаланып, қазақ жерлерін тартып ала бастады. Мұнда сызбаны пайдалануға болады.
Ресей өкіметінің қазақ жерлерін алғашқы отарлау саясаты
 Каспий және Жайық өзені бойындағы жерді казак орыстарға тартып алып беруі
 Бекініс маңына 10 шақырымға дейін мал жаюға тыйым салуы, 50 шақырымға дейін тыйым салуы
Осыдан соң Абылай сұлтанның саяси сахнаға шығып, оның ішкі және сыртқы саясатына, хан болып сайланғаннан кейінгі жүргізген реформаларына оқушылардың назарын аудару керек.
Үшінші мәселеде ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстік бөлігінің ерекше  саяси-әлеуметтік жағдайда тұрғаны, бұл аймаққа Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтары шапқыншылық жасап, солардың езгісінде отырғаны түсіндіріледі.
   Картаны пайдаланып Ресей өкіметінің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға ішкері еніп, Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністеріңн салуына кедергі келтіріп отырған Қоқан әскерлері мен соғыстарына тоқталу өте маңызды.
   Түсіндіру барысында төмендегі кестені пайдалануға болады.
Жылы Болған оқиға
1834 ж. 6 мың Қоқан әскері Есіл өзеніне қарай жылжып, Ұлытау жеріне келеді. Оны орыс әскерлерінің талқандауы
1850 ж. Капитан К.Гутковский бастаған қосын Қапалдан шығып, Тойшыбек бекінісіне қарай жылжиды. Қоқандықтардан жеңіліп шегінеді.
1851 ж. 7 шілде Подполковник Карбышев қосыны Тойшыбек бекінісін алады.
1854 ж. Верный бекінісі салынады
1859 ж. Қастек бекінісі салынады.
1860 ж. Ұзынағаш түбінде қоқандықтармен болған ұрыста қоқандықтар жеңіледі.
1861-1864 жж. Әулиеата, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент бекіністерін орыс әскерлері алады. Оңтүстік Қазақстан Ресейге қосылады.
1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы заң шығады.
  Сабақты қорытындылап бекіту сұрақтары қойылады.
1. Ресей империясының құрамына кіру қарсаңында Кіші жүздің саяси жағдайы қандай болды?
2. Алғашқы күштеп отарлау саясатының көрінісі қалай жүрді?
3. Орта жүздің Ресейге қосылуы қандай жағдайда жүрді?
4. Қазақстанның оңтүстік аймақтары қандай шапқыншылықтарға ұшырап отырған?
5. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары құрылған «Азия комитетінің» басты міндеті қандай болды?
6. Орыс әскерлері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қандай қалалар мен бекіністерді басып алды? Картадан көрсетіңдер.
7. Түркістан генерал-губернаторлығы қай жылы құрылды, оның құрамына қандай облыстар кірді?
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: §29.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан және Ресей
Верный бекінісі негізінің салынуы
Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері. Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Ресей қамқорлығын қабылдау
Патша үкіметінің XYIII ғ екінші жартысындағы Қазақстанды отарлау шаралары
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы
XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері
Абылай хандығы
Қазақстан және Ресей
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5007 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык