Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 5052 |
|
|
|
Біздің өлке
Сабақтың тақырыбы: Біздің өлке
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:
Әрбір адамға ең жақын, ең қасиетті мекен-туған жері, туған жерінің тарихы, тарихи-мәдени ескерткіштері, табиғаты екенін ұғындыра отырып қойнауы археологиялық қазбаларға бай, тарих пен шежіреге толы Қызылқоға ауданының тарихы, Қарабау селосынан шамамен 30-35, Қаракөл ауылының солтүстік шығысында 15 шақырым қашықтықта, Жаңақора елді мекенінен 4 км шығыста орналасқан «төрткүл» пішіндес қаланың «Қорғанша» деп аталуы, Жерұйықты іздеуші Асан Қайғы бабаның 10 жыл қоныстанған өлкесі екендігін және осы қалаға аралығы 20 шақырым жерден б.э.д. VII-II ғасырларында өмір сүрген ежелгі Сарматтықтардың көмбесінің табылуы, Қаракөл өңірінің аталу тарихы, кезінде, «Қақпақты қара қазан құтты мекен» атанған Тайсойған өңірінің экологиялық жағдайының әлі дұрыс шешімін таппауы, полигон зардаптары туралы түсінік беру.
ә) тәрбиелігі:
Өз елінің тарихын терең білумен қатар өлкедегі тарих қойнауындағы өздеріне әлі де болса беймәлім тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, перзенттік үлестерін қоса білетін білімпаз, саналы, адамгершілік қасиеті мол ұрпақ ретінде оқыта отырып қалыптастыру.
б) дамытушылығы:
Оқушылырдың тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беруіне, ізденуіне жол ашу, жеке шығармашылық қабілетін шыңдау.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі:
1. Қызыл үйдің сыртқы көрінісі.
2. ҚР-ның саяси - әкімшілік картасы.
3. «Қазақтар» УІІІ том А. 1998 ж.
4. «Қазақстан тарихы» Шың баспасы 2006 ж.
5. «Тайсойған полигоны» Қызылқоға газеті.
6. «Қызылқоғадан ежелгі «Алтын әйел» табылды» Атырау газеті 15 шілде 2006 ж. №84 саны.
7. «Қорғанша қаласы қазылып жатыр» Атырау газеті 22.УІІ.06ж. №87 саны
8. Қызылқоға энциклопедиясы.
9. Оқушы шығармашылығы.
10. «Халқымыз бұл өңірді Қаракөл дейді» тарихи деректер.
11. Б.Момышұлы «Қанмен жазылған кітап».
12. Жергілікті ақын-жазушылардың өлеңдер жинағы.
13. Сынақ жаттығуларын өз көзімен көрген қарттың әңгімесі /бейнетаспа/
Әдісі: Аралас, Ізденіс сабағы.
Пәнаралық байланыс: 1. Халықтық педагогика
2. Музыка
3. Өлке тарихы
4. Экология
Сабақ ҚР-ның мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды.
Қызығушылықты ояту:
- Оқушылар біз өзіміздің оқып отырған Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығын қандай дәуірді оқумен бастадық. Осы тарихты оқу барысында сендерде қандай сезімдер қалыптасты деп ойлайсыңдар?
- Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан.
- Ежелгі Қазақстан тарихын оқу барысында бізде тарих пәніне деген қызығушылық, өз бетімен шығармашылық жұмыстармен жұмыс жасауға ден қоюшылық пайда болды. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген тайпалық одақтардың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсіптері, қоғамдық құрылыстары, Қазақ халқының негізін қалауға өз үлестерін қосқанын, өз өлкемізден тарихи қызықты археологиялық ескерткіштердің табылуы бізді қатты таңқалдырды, өлке тарихын білуге деген қызығушылық, сүйіспеншілік қасиеттері арта түсті.
- Олай болса, сабағымызды ерте темір дәуіріндегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы сұрақтарға жауап беріп, қаншалықты білім дәрежеміз жоғары екендігін байқатайық.
Сұрақтарға жауап алу мақсатында «Кім жылдам» ойыны өткізілді.
1. «Антропология» дегеніміз не?
2. Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды ата.
3. Адамзат баласы сыртқы биологиялық қасиеттеріне орай қандай нәсілдік топқа жатады?
4. «Тарихи антропология» деген не?
5. «Аңдық стиль» қандай жағдаймен сипатталады?
6. Қазақстанды мекендеген тайпалар үшін темірді ашу, оны кеңінен қолдану дәуірі қай ғасырлар аралығында болды? (б.з.б. 8-7 ғғ)
7. Ерте темір дәуірі дегеніміз не? Сипаттама бер.
8. Біздің еліміздің тарихында темір дәуірі неше кезеңге бөлінеді? Ата. Ерекшеліктері бар ма?
9. Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам» туралы қосымша қандай деректер білесің?
10. Ерте темір дәуіріндегі тайпалар тіршілігі туралы бізге қандай ескерткіштер мәлімет береді?
11. Темір дәуірінің басты ерекшеліктерін ата.
12. Сақтардың айналадағы қоршаған дүние туралы түсінігі қандай болды?
13. Сақтардың патшайымы Томиристің тарихтағы алатын орны қандай деп ойлайсың? Оның бойынан қандай қасиеттерді байқай алдың?
14. Сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы не білесің?
15. Көшпелі Сақ тайпаларының әлеуметтік-экономикалық өмірі мен мәдениетінің даму дәрежесін көрсететін шошақ төбелі тымақ киген сақтың қоладан құйылған мүсіні қай өлкеден табылды?
16. Не себепті қазақтар өздерін «Шошақ төбелі қазақпыз» деп атайды?
17. Үлкен Есік обасынан табылған жас шамасы 17-18 -дегі Сақ ханзадасының бас киімінде қанша (түрлі) жануарлар мен құстардың бейнесі бейнеленген?
«Анықтап орналастыр» (топтық жұмыс)
Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығының 3 түрін үйлестірді.
1. Көшпелі мал шаруашылығы. ______________________________________
2. Жартылай мал шаруашылығы _____________________________________
3. Отырықшы мал шаруашылығы _____________________________________
«Кестені толтыр»
Сарматтардың ескерткіштері
Ерте Сармат
дәуірі Орта Сармат
дәуірі Соңғы Сармат
дәуірі
Прохоров кезеңі
Б.з.б ІV-ІІ ғғ
Володарка обасы
(Батыс Қаз-н облысы)
Ерекшелігі:
Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып жерлеу
Суслов кезеңі
Б.з.б. ІІғ-б.з. І ғ
Ерекшелігі: мәйітті қабірде қиғаштап жерлеу Б.з. ІІ-ІV ғғ.
Лебедевка қорымы Аралтөбе қорымы
Ерекшелігі: мәйіттің басы солтүстікке қаратылып шалқасынан қойып жерлеу
«Өз ойыңды қорыт» /сынып оқушылары өздері оқыған тайпалар жөнінде өз пікірін қорытады/
І топ. «Сақтар»
Сақтар өте жауынгер халық болған. Әлемдегі ең шыншыл, ең әділ халық. Сақтар Кир және І Дарий сияқты парсы патшаларын жеңе білген, Александр Македонскийдің Шығысқа бет алған жорығының жолын бөгеген. Сол кездің өзінде-ақ Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қолөнер жоғары дәрежеде дамыды. Сақ байнелеу өнерінің іздері тау қойнауындағы жартас бетіне салынған байырғы суреттерден де көрінеді. Есік қорғанынан табылған бүкіл әлемге «Алтын киімді адам» деп аталып кеткен ғажайып ескерткіш Сақ мәдениетінің үлгісі екені баршаға мәлім. Есік қорғаны Алматы қаласының шығысында, Іле Алатауы баурайында орналасқан 40-тан астам обадан тұрады, 1969-1970 жылдары қазылған. Үлкен Есік обасының диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Қабірден 17-18 жас шамасындағы Сақ ханзадасының сүйек қаңқасы және 4000-нан астам заттар табылды. Ол заттардың ішіндегі – 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған, «аңдық стильде» өрнектелген ақинақ /қанжар/. Күміс тостағандағы жазуды түрколог ғалым А.Аманжолов оқыды. Ханзаданың бас киімінде 150 түрлі жануарлар мен құстардың бейнесі өрнектелген. Археолог Қ.Ақышев бұл ханзаданы тиграхауда сақтарына жатқызды. Есік қорымы б.з.б V-ІV ғасырларда салынған.
Пайдаланылған әдебиет: «Қазақстан тарихы» Шың баспасы А.2006ж.
ІІ топ. «Ғұндар»
Жалпы, ғұндар-түркі халықтарының арғы тегінің басты бір тармағы. Ғұндар қазақ жеріне Орталық Азиядан келді. Қазақ ғалымдарынан Аттила (Еділ) туралы алғаш рет жазып, ғылымға енгізген – Шоқан Уәлиханов. Сонымен қоса өзінің «Пайғамбар» деген өлеңінде:
Ерте күнде отты Күннен ғұн туған,
Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді.
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар! – деп өзін ғұндардың ұрпағы деп есептей отырып, «Ғұн-түркілердің арғы атасы» деп тұжырым жасаушы – Мағжан Жұмабаев Тарихта ғұндар өздерінің көреген, қаһарман жауынгер, әккі саясаткер, айлакер дипломат Аттила (410-453 жж) басшылығымен еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктіріп аттары аңызға айналған. Ғұндардың әскери қуаты қытайлықтарға Ұлы Қытай қорғанын салдыртты.
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен сауаттылығын байқау мақсатында «Бес жол өлең» әдісін қолдандым.
1. Зат есім: Аттила (Еділ)
2. Сын есім: Батыр, көсем.
3. Етістік: талаптандырады, үйретеді, тәрбиелейді.
4. Сезімді білдіретін сөз: «Аттила – ғұндардың құдіретті билеушісі»
5. Синоним: Патша.
ІІІ топ – «Сарматтар»
Сармат тайпалары біздің жеріміздің батыс өңірінде мекендеген. Сарматтар асқан өнерлі, батыл жауынгер тайпа болған. Олардың обаларынан табылған алтыннан жасалған әшекей заттары сол заман өңірінің әдемі үлгісі болып табылады. Сарматтардың қоғамдық өмірінде әйелдердің орны ерекше болған. Сарматтар өте бай тайпа болған. Өйткені археологтар қазба жұмыстарын жүргізген кезде көбіне алтын, күмістен жасалған әйелдердің сәндік, әсемдік заттарын (алқа, білезік, сырға, алтын жүзік, шекеліктер) тапқан. Сармат тайпаларының ескерткіші біздің өлкемізден 2006 жылы табылды.
. Тақтаға жаңа сабақтың жоспары жазылды.
Жоспар:
1. Қаракөл өңірінің тарихы.
2. Өлкеден табылған тарихи – мәдени ескерткіштер
a. Сарматтықтардың көмбесі
б.Қорғанша қаласы
3. Жарылыстан көз ашпаған – Тайсойған өлкесі, полигон зардаптары.
Жаңа сабақты ұйымдастыру.
Өлке ұғымы – ел, облыс, жер. Тар мағынада белгілі бір географиялық объектіге (қалаға, өзенге т.б) қатысы бар, тіпті жер көлемі аз кішігірім жерлер.
Оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау мақсатында сұрақтар қойдым.
- «Елді мекен» деген не? Оның қандай түрлерін білесің?
- Туған өлкеге қандай жерлер жатады?
- Өз өлкеңнің тарихын білесің бе?
- «Отан» ұғымын қалай түсінесің?
- Қазақстан кімдердің отаны?
- Қандай облыстар бар?
- «Топонимика» деген не?
Осыдан соң «атамекен», «өлке», «туған жер» туралы түсінік беріп, өздерін былтырғы оқу жылында өткізілген «Топонимика» тақырыбында айтылған «Қаракөл» өңірінің аталу тарихы туралы сұрақтар берілді. Картаға төмендегідей сызба ілініп сабақ түсіндірілді.
Өлкедегі тарихи – мәдени ескерткіштер
Қызыл үй мектебі Қарабаудағы Қызыл үй
«Кермеқас» мектебі
Қорғанша қаласы Соңғы жаңалық
«Сарматтардың көмбесі»
Ауданның Ақтөбемен шекаралас аймағынан шамамен б.э.д. VІІ-ІІ ғғ-да өмір сүрген Сарматтықтардың көмбесі, онда жерленген ақсүйек әйел адамның сүйегі, оның алтын әшекейлері, темір бұйымдар, грек ыдыстары табылды. Табылған әйел сүйегінен оның өте бай әулеттен екендігі байқалады. Бір ғажабы әшекей дүниелер: екі гриф құсы түрінде жасалған тұмарлы алқа, алтын сырға, әдемі салпыншақ еш бұзылмастан сақталған. Сондай-ақ Сарматтықтардың дәстүріне сәйкес, көмбеден қанжар, үлкен әрі толығымен дерлік сақталған, жиегінде иленіп жасалған бейнемен әшекейленген амфора, әр түрлі ыдыстар, құтылар, қоладан жасалған айна сынықтары, тастан қашалған зергерлік бұйымдар, тіпті темір қасық та табылып отыр. Көмбеден табылған құтыны гректердікі деп сеніммен айтуға болады. Бұл зат Каспий өңірінде ежелгі Сарматтардың Грекиямен сауда-саттық байланыста болғанын дәлелдейді.
Сынып оқушыларының «Қорғанша» қаласына барған саяхаты түсірілген бейнетаспа көрсетілді. Қаланың орны, зерттеу жұмыстары туралы айтылды.
Халық аңызы бойынша ХV ғасырларда өмір сүрген Асан Қайғы бабамыз халқына жайлы жер іздеп, талай жерді шарлаған екен. Сол сапарларының бірінде өзі «қақпақты қара қазан» деп атаған, бүгінде құрамы әлемдік стандартқа сай келетін «Мұздыбұлақ» минералды суы шығып жатқан Тайсойған өңірінің экологиялық зардабы, адам өміріне зияндылығы бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Бұл тақырып, бізге жақсы таныс тақырып, себебі біз «Атамекен» бағдарламасының «Заман-ай» бағыты бойынша жыл бойына жұмыс жасап келеміз. Олай болса, оқушылар өз ойымызды ортаға салайық. /Сынып оқушылары өздерінің білетін деректері бойынша өз ойларын айтты/
1. Тарихшы (оқушы)
2. Эколог (оқушы)
3. Дәрігер (оқушы)
Мұғалім сөзі: Оқушылар бұл экологиялық апат яғни сынақ жаттығулары жөнінде оқиғаны өз көзімен көрген ауылымыздың ақсақалы Бағыт атаның әңгімесін тыңдасақ. /Бейнетаспа көрсетілді/
Соңғы жаңалықтар бойынша,2008 жылдың 1 қаңтарында жоспарланған жалға беру мәселесін тоқтату жұмысы шешімін тапқан жоқ. 55 жыл бойы осы өңірге әбден бауыр басып, меншіктеп алғандай болып көрінетін Қызылқоға ауданының үштен бір жерін пайдалануға бермей, алып жатқан Ресей Федерациясының әскери сынақ алаңында 1988 жылға дейін ракеталары ойнақ салып келді. Осындай жағдайлардың кесірінен жергілікті халық ұлан-ғайыр алқапта шаруа қожалықтарын да құра алмай отыр. Осының салдарынан Миялы мен Мақат поселкелерінің арасындағы алып аймақта жерасты қойнаулары, мұнай мен газ кен орындары да әлі күнге дейін шыры шықпастан игерілместен жатыр. Сондықтан да Үкімет пен Парламент осы жайды дұрыс таразыдан өткізіп, тек біздің облысымыздың ғана емес, бүкіл Республикамыздың да экономикасының дамуына зиянын тигізіп отырған бұл сынақ алаңын жеделдетіп жаптыруы керек қой деп есептейміз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |