Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дін және мәдениет. Исламның таралуы


Дін және мәдениет. Исламның таралуы

Сабақтың тақырыбы: Дін және мәдениет. Исламның таралуы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Орта ғасырлық Қазақстандағы әр түрлі діни –наным . 
 Дамытушылық: Оқушылардың рухани дүниесін дамыту.
  Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу
 Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу, тірек сызба
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Ұлы Жібек жолының карталары, Айша бибі мазарының суреті
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасы
      3. Өткен сабақты қорытындылау
        4. Жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың жоспары: 1. Ислам дініне дейінгі діни –нанымдар
     2. Мұсылман дінінің енуі және таралуы
    3. Мұсылман дінінң мәдениет дамуына тигізген әсері.
4. Картаны пайдаланы отырып оқушыларға діннің пайда болуы, діни әдет –ғұрыптар туралы бірнеше сұрақтар қоюға болады. Мысалы:
Зымыран сұрақтар:
1. Алғашқы адамдар арасында діни наным –сенімдер қалаай пайда болды?
2. Көп құдайға табынушылық қалай пайда болды?
3. Ислам діні қай жерде қашан пайда болды?
Ислам дәініне дейінгі әр түрлі діни –нанымдарды түсіндіргенде археологиялық дерекиерге сүйенеміз. 
Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік- Шығысындағы қалаларына зерттеу жұмыстарын жүргізгенде қала тұрғындарының арасында түрлі діни наным-сенімдердің болғаны байқалады.Сырдария боиындағы қалалаларды
Қазғанда қошқар мүйізіне, құс айдарына ұқсас қыш құмыралар табылған. Оқушыларға зороастыралық фарын,
тотемге табыну белгілері жайлы баяндай келіп, отқа табыну әдетіне кеңірек тоқталу қажет.
      Құйрықтөбе және Отырар қалаларына қазба жұмыстарын жүргізгенде ХІ-ХІІ ғасырлардағы Отырар қаласындағы
үйлердің ошақтары ерекше безендірілгені байқалған.Мұндай отқа табыну белгісі қырғыз халқында да бар,
олар отқа табынуды «қасиетті Ұмай анамен»байланыстырады. Ал қазақ халқы отқа қасиетті дүние ретінде табынады.
Соған байланысты дүниеге келген «отқа түкірмеу»,  «от жанған жерді баспау », «түнде от жарқылдатпау» сияқты
әр түрлі ырымдар, жас келін түскенде отқа май тамызу ғұрпы әлі күнге дейін сақталған. 
Жетісу аймағында кен тараған діни-наным дәстүрлері заростризм, несториандық түсініктегі христиан діні, буддизм діндерінің салт-дәстүрлері де назардан тыс қалмауға тиіс.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Екінші мәселеде Х-ХІ ғасырлардағы қала мәдениетінің дамуындағы жаңа дін ислам дінінің әсеріне тоқталамыз. Хғ бас кезінде Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ ханның ислам дінін қабылдап, оның баласы Боғра ханның 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні ретінде жаялағаны белгілі. Оқушыларға түсінікті болу үшін ислам дінінің таралуы туралы деректер келтіреміз. Сондай-ақ әл-Макдисидің орта ғасыр қалалардың мешіттердің көптен салынғаны жайлы хабары да ислапм дінінң орныға бастағанын көрсетеді. 
Сонымен қатар ислам дінінің орнығуына байланысты жерлеу дәстүріндегі өзгерістерді айта кету қажет. 
 
Сабақты қорытындылау:
1. Ислам дініне дейін қазатардың сенген діни-сенімдері?
2. Тәңіршілдік дегеніміз не?
3. Отқа, суға және т.б. заттарға сену. Түсіндір.
4. Ислам діні туралы не білесіздер?
5. Ислам дінінің қасиетті кітабы?
6. Ислам дініндегі парыздар?
  
Үйге тапсырма: 19-параграфты оқу. Ислам діні туралы қосымша деректер жазып келу.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ислам дінінің пайда болуы
Көшпелілер мәдениеті
Қазақ халқының наным-сенімдері
Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы
Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Ғылым мен білімнің дамуы
Қазақ халқының наным-сенімдері
Дін және мәдениет. Ислам дінінің таралуы.
Қазақ халқының наным-сенімдері.
Ислам – бейбітшіл дін.
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 7682 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 4 сентября 2015 12:25
Саламатсыздарма? Сіздерден дінтану деректемелері жайлы толық мәліметті қалай алуға болады. Көмек көрсетсеңіз алдын ала рахмет
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык