Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі дүние тарихы және құқық негіздері


Ежелгі дүние тарихы және құқық негіздері

Ежелгі дүние тарихы және құқық негіздері

Түсінік хат
          Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесінің тұрғысынан қарасақ  қазіргі кезде біздің еліміз жан-жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті. 
        Жалпы орта білім беретін мектептерде Ежелгі Шығыс елдерінің құқықтық тарихын оқытудың білімділік, тәрбиелік, сондай-ақ оқушылардың таным қызметін дамытудың маңызы зор.
        Ежелгі дүние тарихы және құқық негіздері бойынша дайындалған бағдарламаның өзектілігі жас ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуына, өзінің жеке тарихи түп тамырын терең түсіне білуіне, тұрмыстық, алуан  түрлі моральдық адамгершілік мәселелерін шеше білуіне көмектеседі. 
       Жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы сатысындағы оқушыларға арнайы дайындалған курстық бағдарламада қамтылатын негізгі білім беру  мазмұнының нысанында  Ежелгі Шығыс халықтарының және Антик дәуіріндегі өмір сүрген мемлекеттердің пайда болуы, халықтардың ежелгі заңдық құқықтық ғұрыптары туралы баяндалады. 
        Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі -  оқушылар Ежелгі Шығыс елдерінің мемлекет болып қалыптасуы мен құқықтық тарихы туралы жалпылама мәліметтер алады.  Оқушылар жалпы  адамзаттық және құқықтық мәдениетті меңгереді. Курсты меңгеру үшін оқушыларға мектептің негізгі сатысындағы алған білімдері  қажет етіледі.
       Жоғарыда аталған тарихи обьектілер адамзаттың кез келген қоғамның қоғамдық - саяси, әлеуметтік - экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуіне мүмкіндік береді.
Курстың толық көлемі: 1 кредит. 
 
Курстың мақсаты:  
         Оқушыларды әлеуметтік белсенділікке, ежелгі дүние жүзінің және Шығыс мемлекеттерінің  басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалары мен, жинақталған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, әлем  халықтарының тарихы мен мәдинетін сүюге тәрбиелеу. 
Курстың міндеттері: 
• Ежелгі Шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық тарихын білуге үйрету; 
• Шығыс мемлекеттеріндегі құқық жүйелері мен қайнар көздерінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту;
• Антик дәуіріндегі мемлекеттердің пайда болуы мен құқықтық тарихының кезеңдерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
 Болжам:  
 
        Егер курс тыңдаушы Ежелгі мемлекеттердің құқық тарихын ажырата біліп, Антик дәуіріндегі мемлекттердің пайда болуы мен құқықтық тарихынның кезеңдерін ажырата білсе, онда тыңдаушылардың Ежелгі шығыс елдері туралы ой-өрісі кемелденген, жалпы  адамзаттық   мәдени-құндылықты меңгерген, бәсекеге  қабілетті тұлға қалыптасады. Сондықтан курс тыңдаушылары үшін өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесіне байланысты сұрақтардың жауабын алуға мүмкіндік алады. 
Пререквизит:  
       Курс тыңдаушылары үшін негізгі орта білімі бойынша  Ежелгі дүние жүзі тарихынан базалық білімдерінің болуы. 
Постреквизит:   
     Курсты оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер: Саясаттану, Тарих және әлеуметтік- саясат, Құқықтану т.б. 
 
• Оқушы білуі керек білімдер:
- Ежелгі дүниежүзі  халықтарының тарихы мен құқықтық тарихынның негіздері ;
- Шығыс халықтарының құқықтық жүйелері;
- Хаммурапи тұсында Вавилонның даму кезеңдерін;
- Египеттегі ірі өркениет ошағының дамуы;
- Антик дәуіріндегі мемлекеттерде құқықтың пайда болу тарихынның кезеңдері .
• Оқушы игеруі керек біліктіліктер:
- Ежелгі Шығыс тарихының хронологиялық шеңберін сипаттайды;
       -  Хаммурапи заңдарының ерекшеліктері;
       -  Ману заңдарының тарихи маңызы;
• Оқушы меңгеруі керек дағдылар:
- Құқықтық  ой жүйесі кемел, қолындағы материалдық игіліктерді, жұмыс уақытын тиімді пайдалана алатын;
- қойылған міндеттерді шешудің ең тиімді жолын анықтауға қабілетті болу;
- өз білімін жетілдіру, танымдық қабілеттерін дамыту арқылы белсенділіктерін арттыру
• Оқушыда қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер:
 
- Нақты жағдаятқа талдау жасайды, ойлаған және нақты жағдаяттар арасындағы қарама қарсылықты көрсете алады;
 
- Өз әрекетінің өнімін өз бетінше анықталған әрекет өлшемдерінің мақсаттарына сәйкес бағалайды;
- Алынған тапсырманы сипатына қарай өз бетінше негіздеме құрастырады, іздеген ақпаратты бөліп алады;
- Тез шешім қабылдауға,  мәселе бойынша пікірін ашық айтуға, еркін сөйлеуге үйренеді.
 
 
Курс бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
Тапс.№ Жұмыс формасы Мақсаты, мазмұны әдебиеттер Орындау мерзімі балл Бақылау түрі Тапсыру уақыты
Ежелгі Шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық
зерттеу Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы және оның кезеңдері. Қоғамдық
құрылыс және оның эволюциясы 11,12,13,1,4,5,3,2 25-30.10 20 Ағымдық 01.11
Хаммурапи заңдары мен Ману заңдары жоба Ежелгі Вавилонның құқығы және оның ерекшеліктері, Үндістан мемлекетінің пайда болуы. 22-27.11 40 Межелік 29.11
Араб халифатының құрылуы және мұсылман құқығы  
Ғылыми-зерттеу       Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері. Мұсылман құқығының қайнар көздері 2,3,6,7,8,9,10,1 20-25.12 20 Ағымдық 27.12
Антик дәуіріндегі мемлекеттер және құқығының  ерекшеліктері   
жоба Б.д.д. IV-V ғасырлардағы Грек халқының құқықтық жағдайы. Афина мемлекетінің демократиялық тәртібі 14-26.02 40 Межелік 28.02
Проблемалық жұмыстар Тест жұмысы, жоба Ежелгі Шығыс елдерінің құқықтық тарихы 11,12,13,1,4,5,3,22,3,6,7,8,9,10,1 01-30.04 100 Қорытынды бақылау   12.05Білімді бағалау саясаты және тәртібі 
Бағаның әріптік эквиваленті Бағаның сандық эквиваленті Пайыздық  көрсеткіш Дәстүрлі бағалау жүйесі өлшемдері
А 4 95-100 өте жақсы Оқушы барлық бағдарламалық  материалды терең және берік меңгереді,  сауатты, дәлелді, жауап береді және логикалық негізде жүйелі білімін көрсете  алады. Түрлендірілген тапсырмаларды орындайды. Қосымша дерек көздерін қолдана отырып, жан-жақты білім көрсетеді,  шешімдерін дұрыс негіздей алады, практикалық әрекеттің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерген, іскерлігі жоғары, өздік жұмыстарды қатесіз орындаған. 
А- 3.67 90-94
В+ 3.33 85-89 Жақсы Оқушы барлық бағдарламалық  материалды жетік біледі, білім  негізін  сауатты түрде меңгерген, дегенмен, жауабында ауытқулар кездеседі, теориялық білімді дұрыс қолданады, практикалық әрекетте қажетті білім, білік, дағдыларды меңгергендігін көрсете алады.
В 3 80-84
В- 2.67 75-79
С+ 2.33 70-74 Қанағатта-нарлық Оқушы тек негізгі материалды меңгеріп, жекелеген детальдарын меңгермеген, нақтылық көрінбейді, практикалық тапсырмаларды орындауда қиындықтар кездеседі. 
С 2 65-69
С- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1 50-54
F 0 0-49 Қанағат-танарлықсыз Оқушы бағдарлама материалының көп бөлігін меңгермеген, елеулі қателіктер жіберген, практикалық тапсырмаларды қиналыспен орындайды.
Оқушыны қорытынды бағалау 
Межелік бақылау-40%
Қорытынды жоба  -60%
Қ%=( М1+М2+)/2*0,4+ҚЖ*0,6
М1,М2, – межелік бақылаулардың пайыздық көрсеткіші
ҚЖ-қорытынды жобаның пайыздық көрсеткіші
Оқушылардың оқу жетістігін бақылау түрі:  Ауызша-жазбаша, Рефераттар, шығармашылық  жобалар, т.б.  /тыңдаушы ерекшелігіне қарай таңдалады/
      Жобаларды бағалау өлшемдері
 
өлшемдер көрсеткіштер Өлшеуіштер
19-20 15-18 10-14 0-9
Жобаның өзектілігі
Тақырыптың таңдалу себебінің негізделуі
Жобаның   аталған курс мазмұнына сәйкестігі                      
Болжамның  қойылуы
Жобаның мақсаттылығы Жоба мақсатының  қол жетімділігі
Міндеттердің  қойылуы
Міндеттердің орындалуы
Ақпараттық қамтылуы
Мектеп курсындағы оқулықтар
Ғылыми-танымдық әдебиеттер
Интернет-ресурстар
Бағдарламалық қамтылуы
Стандартты бағдарламалар
Кәсіби бағдарламалар
Бейнеөңдеу
Оқушының  зерттеу мәдениеті Зерттеу әдістерін қолдануы
Талдау жүргізуі, қорытындылауы
Жобаны ұсыну деңгейі
 
 
«19-20» - талап толық орындалған, нақты көрсетілген
«15-18» -талаптың орындалуы толық емес
«10-14» -жеткіліксіз деңгейде көрсетілген
«0-9» -қателіктер кездеседі    
 
Курстың саясаты мен процедурасы (оқушыларға қойылатын талаптар)
1. Сабаққа кешікпеу;
2. Сабаққа мектеп жарғысына сәйкес формамен келу;
3. Сабақты себепсіз босатпау;
4. Босатқан сабақтарын оқытушы белгілеген уақыттан кешіктірмей өтеу;
5. Білімді тексерудің барлық түрлерінен   өтуге;
6. Тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;
7. Педагогикалық үрдіске белсенді қатысу;
8. Үй тапсырмасын мұқият орындау;
9. Сабақты ұйымдастыру барысындағы әрекетке бейімделу, жағымды қарым-қатынас  орнату. 
 
Курс мазмұны және әдістемелік қамтамасыз етілуі:
 
           Модуль бойынша лекциялық сабақтар, семинар сабақтары, топтық, ұжымдық, жеке жұмыс, СТО, жобалау технологиясы, дебат технологиясы, т.б. қолданылады
 
I - Модуль. /16 академ сағат/  Ежелгі шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық 
№1 тақырып.Ежелгі Египет ( Мысыр) мемлекеті.
     Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы және оның кезеңдері. Қоғамдық
құрылыс және оның эволюциясы. Құлдық.Ұжымдық құл иелену. Төменгі Египет және Жоғарғы Египет. Ежелгі патшалық.Орта патшалық. Жаңа патшалық. Орталық және жергілікті басқару.Абыздар.Сот.Әскери күштер.
№2 тақырып. Ежелгі Вавилон.
       Месопотомиядағы мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері. Қала – Мемлекеттер. Ур қаласының жоғарылауы және гегемониясы. Біздің дәуірге деінгі XVIII ғасырдағы Вавилонның  мемлекеттік құрылысы. Патша – Патеси – лугаль. Төрешілік аппарат. Мемлекеттік аппараттағы және соттағы абыздардың функциялары. Сот билігі. Халықтың құқықтық жағдайы. Ежелгі Вавилонның құқығы және оның ерекшеліктері.
№3 тақырып. Ежелгі Үндістан.
      Үндістан мемлекетінің пайда болуы. Халықтардың құқықтық жағдайы және қоғамдық құрылысының ерекшкліктері: қауым, касталар, құл иеленушілік. Мемлекеттік құрылыс. Бірінші тайпалық мемлекеттердің құрылуы. Біздің дәуірге дейінгі IV – II ғасырлардағы Маурья империясы. Патша. Паришад. Орталық және Жергілікті басқару Сот. Әскери күштер.
№4 тақырып. Ежелгі Қытай.
      Қытайдағы таптық қоғамның және мемлекеттің құрылуы. Қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негізгі белгілері. Даму кезеңдері. Біздің дәуірге дейінгі Шань Инь мемлекеті ( XV – II ғ.ғ.). Қытайдың бірінші бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті. Легизм және Шонь Янның реформалары 
( б.д.д. III ғ.). Хан империясы. Қаржы, әскери, цензорлық және басқа қызметкерлердің құқықтық мәртебесі. Ежелгі Шығыс елдеріндегі құқық.
Өзіндік жұмыс тақырыптары:          
• Ежелгі Египет мемлекеті және Қоғамдық құрлысы
• Месопотамиядағы мемлекет және құқық
Жоба тақырыптары:
• Ежелгі Шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық
• Хаммурапи заңдары мен Ману заңдарының ерекшеліктері
Негізгі әдебиетер: 11,12,13,1,4,5,3,2.   
  II – модуль. /18 академ сағат/.  Антик дәуіріндегі мемлекет және құқық.
№6 тақырып. Ежелгі  Грек мемлекеті.
        Афинадағы рулық құрылыстың ыдырауы. Тезейдің реформалары. Синойкизм. Архонттар және ареопаг. Солон реформасы. Афина халқының төрт топқа бөлінуі. Халық жиналысы. Бесжүздік кеңес. Клиефен реформалары. Остракизм. Жергілікті бөліну. Эфиалть және Периклдің реформалары. Б.д.д. IV-V ғасырлардағы Грек халқының құқықтық жағдайы. Афина мемлекетінің демократиялық тәртібі. Притондар. Притания. Гелиэй. Сот.
                            №7 тақырып. Ежелгі Спарта.
        Спарта мемлекетінің шығуы. Спартандар. Периэктер. Иаоттар. Қауым. Ипоттарға істелген террор. Криптия. Спартадағы саяси ұйымның әскери-ақсүйектік сипаты. Спарта мемлекетінің құрылысы. Екі Патша. Герусия. Эфорлар. Халық жиналысы-апелла. Спартаның әскері, тәрбиесі.
                          №8 тақырып. Ежелгі Рим  құқығы
        Римде мемлекеттің пайда болуы. Римнің әлеуметтік құрылысы. Сергей Тумий реформалары. Рим аристократиялық республика. Рим империясы.Диоклетиан және доминит жүйесінің пайда болуы. Әкімшілік, әскери реформалар. Батыс Рим империясының құлауы.
         Рим құқығының негізгі кезеңдері. 12- кесте заңдары. Магистраттардың эдиктері. Преторлық құқық. Халықтар құқығы. Рим құқығының кодификациясы. Гаидың конституциясы. Юстиннон кодексі. Римнің меншік құқығы. Міндеттеме құқығы. Рим құқығының жалпы тарихтық маңызы.
 
№9 Тақырып. Араб халифаты.
       Араб халифатының пайда болуы. Исламның Араб халифатының құрылуына және дамуына әсері. Өмейядтар мен Абфссидтар кезіндегі мемлекеттік өкімет ұйымы. Хагиф. Уәзір.Кади. жергілікті басқарудын өзгешеліктері. Сот жүйесі. Араб халифаты шексіз теократиялық манархия Эмираттар.
Шығыс мемлекетінің құқықтары.
       Мұсылман құқығы және оның ерекшеліктері. Мұсылман құқығының қайнар көздері: Құран, Сұнна, Иджма (фетға), қияс. Мұсылман құқығының бөлінген мемлекеттері. Жеке меншік құқығы. Мүлік. Вакф. Икта. Шарттар. Жеке және отбасы. Қылмыс және жаза. Сот процесі.
                          №10  Тақырып. Жапониядағы феодалодық мемлекет.   
       Жапониядағы мемлекет пен феодалдық қоғам дамытуының өзгешеліктері. Тайка реформалары Императар билігі. Сегунаттар. Басқару ұйымы және әскери күш. Бакуфу-орталық басқару. Буддизм жергілікті басқару. Әскер Жапония құқығы. Жапония құқығының қайнар көздері. Тайхөре кодексі. Жеке меншік құқығы. Қылмыстық және жаза құқығы. Жеке және отбасы. Қытай құқығының әсері.
Өзіндік жұмыс тақырыптары:          
• Ежелгі Грек мемлекетінің тарихы және құқығы
• Ежелгі Рим құқығы              
Жоба тақырыптары: 
• Араб халифатының құрылуы және мұсылман құқығы  
• Антик дәуіріндегі мемлекеттер және құқығының  ерекшеліктері   
Негізгі әдебиеттер:2,3,6,7,8,9,10,1
 
Тақырыптық  -  күнтізбелік жоспар
реті Тақырып мазмұны Академиялық  сағат саны Бақылау түрі
Аудито
риялық сағат практика Өзіндік жұмыс
І Модуль Ежелгі шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық /16 Академ сағ/
1 Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекеті 7 7 10
2 Ежелгі Вавилон мемлекеті, құқықтың негізгі нышандары
Ағымдық  бақылау-1 1 / зерттеу /
3 Ежелгі Қытай мемлекеті және құқықтық тарихы
4 Ежелгі Үндістан мемлекеті және құқық тарихының негізгі кезеңдері
Межелік  бақылау-1 1/жоба қорғау/
ІІ Модуль  Антик дәуіріндегі мемлекет және құқық /18 Академ сағ/
5 Ежелгі Грекия мемлекеті,Тезей, Солон реформалары 7 7 15
6 Спарта, Ефарлар алқасы, Герусия қариялар кеңесі
7 Ежелгі Рим құқығы
Ағымдық  бақылау-2 1 /ғылыми-зерттеу/
8 Араб халифаты, мұсылман құқығының ерекшелігі
10 Жапонияның мемлекеттік құрылысы және Сегунаттар
Межелік  бақылау-2 1/жоба қорғау/
Қорытынды бақылау   2/Тест,Жоба /
БАРЛЫҒЫ 34 сағ
 
Әдебиеттер тізімі: 
Негізгі әдебиеттер
1. Мұхтарова.А.К.Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы.Алматы                                                        2005, 
2. Крушкол. Ю.С. Хрестоматия по история древнего мира. 1987 г
3. Степанова В.Е, Шевеленко.А.Я. История средних веков хрестоматия,1988
4. Немировский. А.И. Книга для чтения по истории древного мира.1991.
5. Қазақ СССР  2 том қысқаша энциклопедия.
6 . Вигосин. А.А, Годер. Г.И, Свенцицкая И.С. Ежелгі Дүние тарихы. Алматы «Рауан» 1998
7.Историки Античности. Москва Издательства «Правда» 1998
8. Бойцов. М, Шүкіров. Р. Орта ғасырлар тарихы, Алматы «Рауан»1998
9. Төлебаев. Т.Ә. Ежелгі Дүние тарихы. Алматы «Атамұра», 2001
10. Любимов. Л. Ежелгі Дүние өнері. «Мектеп»Алматы, 1980

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстанда көшпелі өркениеттің пайда болуы және оның дамуы
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Киев Русінің құрылуы
Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Көне дәуірдегі Қазақстан жеріндегі ежелгі этникалық үдерістер
Көшпелілікті зерттеу тарихы. Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы
Ежелгі дүние тарихы
Ежелгі Қазақстан тарихы
Ежелгі Римнің өнері
Қорытынды сабақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4475 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык