Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері


Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері

Сабақтың тақырыбы Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері

Сабақтың мақсаты:  
 Оқушыларды ежелгі Грекия жеріндегі тәрбие мектебімен, грек ойшылрады мен ғалымдарының еңбектерімен таныстыру және де Грекия мәдениетінің дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсету.
 Бұл тақырыпты түсіндергенде ежелгі Грекияда оқу-білім, тәрбие беруге ерекше мән берілгендігіне оқушылардың назарын аудара отырып, білімнің қажеттілігін түсіндіру, білімді болуға, ғылыми білімнің негізін қалаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау «Хабар»
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Пелопоннес аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
2. Ежелгі Гректер үшін Олимп қаласы нелектен қасиетті жер болып есептелінді?
3. Қалай ойлайсыңдар, Зевске арналған басты храмның Олимпия жеріне салыну себебі неде?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Ежелгі Грекия мектептері
2. Ежелгі Грекия ойшылдары
3. Еделгі Грекияда ғылыми білімдердің дамуы
4. Грекияда мәдениеттің тарихи маңызы
Бұл сабақты оқушылардың оқулықпен, «Жұмыс дәптерімен» өздік жұмысын ұйымдасытыра отырып, әңгіме, әңгімелесу әдістерінің көмегімен өткіземін. Сонымен бірге «Дидактикалық материалдардағы» әр түрлі тапсырмаларды орындатамын.
   Сабақты    оқушыларға сұрақтар қою арқылы, әңгімелесуден бастаймын. Ежелгі дүниедегі барлық мемлекеттерге де білімді адамдар қажет болған. Әсіресе ежелгі Грекияның қала-мемлекеттеріне білімді адамдар өте қажет еді. Неліктен? Афиныда білім мен өнерді дамытуға қай қоғам қайраткері ерекше үлес қосты? Білімді адам қандай болды? Сенің ол туралы ойың қандай?
  Грек мектептері туралы, олар неше басқыштан тұрғанын, қандай білім мен тәрбие беру ісі жолға қойылғандығы туралы  оқулықтағы материал бойынша әңгімелеп беремін.
    Оқушыларға оқулықтағы ежелгі гректердің балаларын қалай тәрбиелегендігі туралы мәтінді оқытып, алған әсерлері жөнінде сұраймын. Афиныдағы гимнасиялардың білім мен тәрбие берудегі ерекшеліктерін сипаттап, гректер үшін гимнасияның қандай маңызы болғандығын оқушылармен бірге талдаймын.
   Ежелгі Грек мектептерін қазіргі мектептермен салыстырамын.
• Меткеп неше басқыштан тұрды?
• Мектепте кімнің балалары оқыды?
• Қандай пәндер оқытылды?
• Гимнасия мектептерінің ерекшеліктері
«Ғылыми білімдер» тақырыпшасын түсіндірместен бұрын оқушылармен төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесемін.
1. «Ғылыми білімдер» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Ежелгі шығыс елдерінде ғылыми білімдердің қандай саласы дамыды?
3. Ғылыми білімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер етті?
4. Ойшылдар деген кімдер? Қазақ жерінде қандай ойшылрар болған?
5. Олар қай кезеңде өмір сүрді?
6. Әл-Фарабидің ұстазы кім? Ол қай  елден шыққан?
Жеке-жеке ғылыми білімдер туралы, оған үлес қосқан ғалымдар туралы және күні бүгінге дейін өзінің мазмұнын жоғалтпаған ғылыми жаңалықтар туралы әңгімелеп беремін.
     Айтылған ғылыми білімдердің ішінде қайсысы ежелгі Грекия жерінде пайда болып, дамыған? Оларды атаңдар. Неліктен «тарих ғылымы» ежелгі грекияда ерекше орын алған? Неліктен Геродотты «тарихтың атасы» деп атаған?» деген сұрақтарға оқушылардың жауаптарын тыңдап, тақырыпшаны қорытамын.
    Сондай-ақ оқушыларға «Жұмыс дәптеріндегі» 2-тапсырманы орындатамын.
    Грек мәдениетінің маңызы туралы тақырыпшаны жақсы ұғындыру үшін, оқушыларға ойлау және таным қызметін дамытатын сұрақтар қоя отырып, гректердің дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі туралы әңгімелеймін. Ол үшін оқушыларға төмендегі берілген сұрақтарды қоямын.
    Ежелгі гректер қандай ғыдыми білімдердің негізін салды? Олардың өкілдерін атаңдар. Пифагор теоремасы мен Гиппократ анты мәніні сонау ежелгі дүниеде жазылса да, әлі өз мәнін жоғалтқан жоқ, неліктен? Ежелгі Грекида философиялық білімдердің даму себебі неде? Грек философтарын атаңдар. Ежелгі Грекияны неге театр отаны деп атаймыз?  Ежелгі Грекия жерінен басталған Олимпиадалық ойындар бүгінгі күні  өз жалғасын тауып келеді. Бұл ойынның дүние жүзі халықтары үшін қандай маңызы бар? Өз ойларыңды ортаға салыңдар. Гректер сәулет және мүсін өнерінде қандай үлгі қалдырған?

Жаңа сабақты бекіту:
1. «Жұмыс дәптеріндегі» 3-тапсырманы орындау.
2. Афины гимнасиясын сипаттап бер. Гимнасиялар саған несімен ұнайды? Қазіргі гимназиялардан айырмашылығы неде?
3. Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «Әдепті бала қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап бер.
4. Қыз балаларға қандай тәрбие берілген?
Үйге тапсырма:§25
25параграфты оқып келу. «Дидактикалық материалдардағы»  тапсырманы орындау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ежелгі грек өнері
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдер
Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Ежелгі грек өнері
Ежелгі дүние тарихы
Ежелгі Қазақстан тарихы
Грекияда таптық қоғамдар мен мемлекеттердің қалыптасуы
Ежелгі грек өнері
Ежегі Македония
Қорытынды сабақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5766 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык