Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кеңес үкіметі билігінің орнауы


Кеңес үкіметі билігінің орнауы

Сабақтың тақырыбы Кеңес үкіметі билігінің орнауы

Сабақтық мақсаты:
 Білімділік: оқушыларға Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы мәлімет беру, аталған төңкерістердің мәні мен сол кездегі Қазақстандағы саяси ахуал жайын түсіне білуге жағдай жасау.
 Дамытушылық: тақырыпты түсіндіре отырып, негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, саяси көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, нақты тарихи оқиғалармен таныстыру арқылы ой-өрістерін дамыту.
 Тәрбиелік: отарлау саясатының салдарын түсіндіре отырып оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы және баяндау жоспары алдын ала тақтаға жазылып қоямын.  Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын.
Алдымен  сабаққа кіріспе ретінде оқушыларга жалпылама сұрақ қоямын.
Революция дегенді қалай түсінесіңдер?
Бұл сұраққа оқушылар әр түрлі жауаптар беруі мүмкін. Оқушылардың берген жауаптарын бір сөзбен тақтаға жазып қоямын.
Осыдан кейін   жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Сабақ жоспары:
1.  Патшаның тақтан құлауы.
2.  Кеңестердің билікке келуі.
3.  Азамат соғысы.
Алдымен оқушыларға Ресейдегі император билігі туралы айтып беремін. Үлгісі:
 Монархиялық жүйе.
 Императорлар.
 Император қоластындағы халықтың жағдайы.
- Халықтың император билігіне қарсылығы («Қанды жексенбі»).
Бұдан кейін 1917 жылғы Ресейде өткен Ақпан және Қазан төңкерістері жайлы оқушыларға түсіндіремін. Оны түсіндіруде төмендегідей схеманы қолданамын.
Уақыты Сипаты Нәтижесі
Акпан теңкерісі
Қазан төңкерісі
Осы үлгімен оқушылармен бірігіп отырып кестені толтырып шығамын.
Осыдан кейін  алдымен Қос үкіметтің содан кейін Кеңес үкіметінің билікке келуі жайлы оқушыларға айтып беремін.
1917 жылғы 25 қазандағы Петроград қаласындағы төңкеріс нәтижесінде билікке жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі келеді. Кеңестер көсемі В.И.Ленин болды. Кеңестер үкіметі Ресей қарамағындағы аумақтарда әр түрлі кезеңде және әр түрлі жағдайда (қарулы күрес нәтижесінде немесе бейбіт жағдайда) орнады. Қазақстан жерінде де осындай жолдармен кеңестер билікке келеді.
Алғашқы кезде кеңестер билігіне қарсы шыққан топтар өте көп болды. Нәтижесінде 1918-1920 жылдар аралығында Азамат соғысы өтті.
Азамат соғысы — бір мемлекеттің ішіндегі саяси топтардың билік үшін күресі. Оқушыларға Азамат соғысының барысы, аяқталуы жайында әңгімелеп береміз.
Мұғалім оқушылар дәптерлеріне Кеңестер мемлекетінің құрамындағы Қазақстан мемлекетінің (автономиялық және одақтық) құрылу жолын хронологиялық кесте түрінде жазғызады.
Оқулықпен жұмыс.
2-3 оқушыға мәтінді дауыстап оқытып, түсінгенін айтқызамын. Оны сынып оқушыларын қатыстыра отырып талдатамын.
Қорытынды кезең.:
Сабақты бекіту мақсатында    көбінесе проблемалық және салыстырмалы сұрақтар қоямын.
Сұрақтардың үлгісі.
 Монархиялық биліктің ерекшелігі неде? Демократиялық Қазақстандағы билік пен монархиялық билікті салыстыр.
 Патша билігіне халықтың қарсы шығуының басты себептері неде деп ойлайсың?
 Ақпан төңкерісі мен Қазан төңкерісінің айырмашылықтарын көрсет.
 Азамат соғысы дегеніміз не?
 Кеңес өкіметі билікке қалай келді?
 Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан мемлекетінің құрылуы қалай өтті?
Оқушылардың жауабын толықтырып отырамыннемесе әр оқушының жауабын келесі оқушыға толықтыртамын.
Бұдан әрі   тақырыптың негізгі, басты мәселелеріне тоқтала отырып бүгінгі сабақты қысқаша қорытындылап өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
45-параграфты оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазан төңкересі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
КСРО-да тоталитарлық жүйенің орнауы
КСРО-да тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Қазақ хандығынан Кеңестер билігіне дейінгі Қазақстан
Алаш қозғалысы
1920-1930 жж білім мен мәдениеттің дамуы
Ұлы Отан соғысының басталуы
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қазақстан-Егемен мемлекет
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 15708 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык