Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Халықаралық қатынастар


Халықаралық қатынастар

Сабақтың тақырыбы Халықаралық қатынастар

Сабақтың мақсаты:
 ХІХ ғасырдың соңында капитализмнің  империализм сатысына өтуіне байланысты аса ірі капиталистік мемлекеттердің сыртқы саясатының  негізгі бағыттары мен мақсаттарын баяндап, оның басқыншылық сипатын ашып көрсету. Империалистік державалардың  дүние жүзін қайта бөлу жолындағы соғыстарын нақты деректермен түсіндіру.
 Үштік одақ пен Антантаны құруға жеткізген келісімдердің сипатын ашып, екі одақтың арасындағы қайшылықтардың  шиеленісуі. 1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеп тірегеніне оқушылардың назарын аудару.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Әнұран орындау, «Хабар».
 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
 Араб елдірінің ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы жағдайларына сипаттама беріңдер
 Қандай елдерде жаңа қатынастар дамыды?
 Ол неге байланысты еді?
 Еуропа елдерінің арабтарды жаулауы туралы оқулықтар мен қосымша әдебиеттерден оқып танысыңдар
 Мысырды қолға түсіру үшін Англия қандай әрекеттер жасады? Араби  паша көтерілісі неге жеңіліс тапты?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Дүние жүзін аймақтық тұрғыдан бөлуді аяқтау.
 Англияның және Францияның дүние жүзін бөлісуді аяқтауы
 Германияның  отарлар басып алуы, итальяндық отарлау
 Жапонияның басып алу соғысы
2. Әскери саяси блоктардың құрылуы
 Үштік одақтың  құрылуы және оның міндеті
 Антанта одағының құрылуы және оның міндеті
3. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың басындағы империалистік соғыстар
Аса ірі капиталистік елдердің иелігіндегі отарл.рдың көлемі және халқының саны

Елдер 1875 ж. 1900 ж. 1914 ж.
Отарлар ауданы Халқы
(млн адам) Отарлар ауданы Халқы
(млн адам) Отарлар ауданы Халқы
(млн адам)
Ұлыбритания 22,5 250 32,7 370 32,7 350
Франция 1,0 6 11,0 50 11,0 54
Германия - - 2,6 12 2,9 13
АҚШ 1,5 0,05 1,9 9 1,9 10
Жапония - - 0,003 2,8 0,3 19,2

ІҮ. Сабақты бекіту:
1. Англия мен Франция арасындағы бақталастық күрес ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қай құрлықта  шиеленісе түсті?
2. Қиыр Шығысты қай ел  басқыншылық саясатқа көшіп, көрші елдерге көз аларта бастады?
3. Сан-Стефано келісімі бойынша қандай елдер өз тәуелсіздігіне қол жеткізді?
4. 1907 жылғы ағылшын-орыс келісімі бойынша қандай мәселелер шешілді?
5. Антанта одағы қашан құрылды?
6. Балқан халықтарының бірігуіне қандай  оқиғалар себеп болды?
7. 1913 жылғы Балқан соғысының  салдары қандай болды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§29.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар және бірінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Бірінші дүние жүзілік соғыс
Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар
Азия және Африка елдерін отарлау, Отарлық езгі зардаптары
Араб елдері Араб елдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар
Мәдениеттің дамуы
Қорытынды сабақ
ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастардың шиеленісуі
Әлем екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 10644 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык