Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәдениет және сауда жолдары


Мәдениет және сауда жолдары

Сабақтың тақырыбы Мәдениет және сауда жолдары

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
• Дамытушылық: Ертедегі сауда жолдарының бағыттары мен оның бойындағы гүлденген мәдениет ошақтарының дамуын бүгінгі күндегі жағдайымен салыстыра отырып бағалау.
• Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, мәдениетті түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Ұлы Жібек жолының картасы.
2. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі, ортағасырлық қалалардың суреті.
3. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған заттардың суреті.
4. Дүниежүзінің картасы.
5. Қазакстан Республикасының картасы.
6. Кестелер.
Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі.
                     II. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын алдымен   төмендегі сұрактар бойынша ауызша тексеріп шығамын.
1. Ежелгі түркі жазуы қашан дүниеге келді?
2. Түркілердің руникалық жазуын алғаш ашып, кілтін тауып оқыған ғалымдарды атаңдар.
3. Неліктен түркі жазуын руна жазуы деп атаған?
4. Тарихи шежірелер дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Неліктен ХІ-ХІІ ғасырларда түркі жазуы қолданыстан шыға бастады?
6. Осыдан кейін сабақтағы үйге берілген «Білгім келеді» бағаны бойынша оқушылардың ауызша сұрақтарына өздері жауап тапқандары тексеріліп, оқушылар жауабын таба алмаған сұрақтардың жауабын мұғалім өзі береді.
7. Осылайша өткен сабақтың материалдарын толықтырып, қорытындылап, мұғалім жаңа сабаққа көшеді.
Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:
1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы.
2. Ұлы Жібек жолыньщ бағыттары мен Қазақстан қалалары.
3. Ұлы Жібек жолы сауда және халықаралық қатынастар жолы.
4. Ұлы Жібек жолының бойымен мәдениеттің таралуы.
5.  Оңтүстік және солтүстік арасындағы сауда-керуен жолдары.
6. Ұлы меридианалды жол - көшпелілер жолы. 
   Жоспардағы бірінші мәселе бойынша   Ұлы Жібек жолы деген шартты атаудың пайда болуы мен бұл жолдың қалыптасу тарихына тоқталамын. Жібек жолының түрлі бағыттарының болғандығын, оның бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу өңірі арқылы өткенін айта отырып, картаның көмегімен бұл жолдың бағыттары мен жолдың бойында орналаскан Қазақстан қалаларын картадан көрсетеді. Сонымен қатар Дүниежүзінің картасы мен қазіргі Қазақстан картасын қатар қойып салыстырамын. Тақтаға ілінген ортағасырлық Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қалалардың суреттеріне оқушылардың назарын аударамын.    
       Одан әрі Ұлы Жібек жолы бойымен әр түрлі бағыттарда экзотикалық тауарлармен көпес керуендері жүрді. Олардың ішінде ең қымбат тауар қытай жібегі болды деп, жібекті өндірудің құпия сырының басқа елдерге ашылғаны жөніндегі қосымша әдебиеттен үзінді келтіріп, әңгімелеп беремін.
 Қосымша көмек ретпінде төмендегі әдебиетті пайдаланамын: Сәуірбек Бақбергенов. «Бөрте - Шыңғыс ханның жубайы». 68-73-беттер.
2. К. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортагасырлық Қазақстан. Алматы, 1992.
Ұлы Жібек жолының бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың жандануына, өнім өндіру тәсілдерінің артуына себеп болғанын ашып көрсетеді. Ұлы Жібек жолымен түрік елдері түрлі өркениеттермен сауда жасасты. Оны түсіндіру үшін төмендегі кестені оқушылардың көмегімен толтырамын.
                                       Не әкелінді?                            Не шығарылды?
Қазакстан

Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс, Орта Азия, Иран, Араб халифаты, Еуропа, Русь т.б. елдер

Ұлы Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, халықтардың мәдени жетістіктері де тарады. Жібек жолымен діни сенімдер де таралды, әр алуан уағыздаушылар (миссионерлер) өздерінің діндерін құрлықтың арғы бетіндегі елдерге ала барды.  Оқушыларға осы абзацты мәтіннен тауып дауыстатып оқытқызады. Оқушылардың дін туралы, әлемдік діндер туралы түсінігін қалыптастыру үшін төмендегі кестені ұсынамыз.
ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Будда Б.з.б. I ғасырдың ортасында Үндістанда пайда болып тарады.
Христиан I ғ-да Рим империясында пайда болды.
Манихей III ғ-да Иранда пайда болды.
Зороастризм Б.з.б. VII-VI ғ-да ежелгі Еуразия даласында пайда болды.
Ислам VII р-да Арабия түбегінде пайда болды.
Ұлы Жібек жолының өмір сүруімен «әлемнің төрт патшалығы» деген ұғым қалыптасты, оны да төмендегі кесте түрінде беру.
                    Құнды байлыктар патшалығы
                   Жылкы патшалығы
Византия Түркі кағандығы
Үндістан Қытай
                  Пілдер патшалығы
                  Адам патшалығы
Одан кейін   Ұлы Жібек жолының ХІV-ХV ғасырларда өз маңызын жойып, кейін мүлде өмір сүруін тоқтатты деп, оқушылардың өздеріне неліктен? деген сұрақ қоямын.
Жоспардың соңғы мәселесі көшпелілердін өмірінде маңызды рөл атқарған Ұлы меридианалды жол туралы сөз етемін. Егер Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты жалғастырса, Ұлы меридионалды жол оңтүстік пен солтүстікті байланыстырған көшпелілердің өмірінде маңызды рөл аткарды. Көне түркі дәуірінде Ертіс бойындағы қимақ қоныстары мен Түркістан арасында қызу сауда жүрді. Бұрын мектептің тарих оқулықтарында бұл жайында жазыла қоймағандықтан,   қосымша дерек ретінде төмендегі әдебиеттерді пайдаланамын: 1. Ә. X. Марғулан. Древние караванные пути через пустыню Бетпак-дала. Мирказаха. Отв. редактор. Маргулан Д. А., Арынов Е. М. Алматы, 1997. 
Оқушылардың Ұлы меридианалды жол туралы қалай түсінгендерін төмендегі сұрақтар тізімі бойынша тексеріп шығамын.
1. Ұлы меридианалды жол қандай бағыттарды байланыстырды?
2. Ұлы меридианалды жолдың басты бағытын атаңдар.
3. Бұл жолды негізінен кімдер пайдаланды?
4. Ұлы меридианалды жол қандай өзенді жағалап өтті?
5. Орта ғасырларда бұл жолмен қимақ қалаларына қай елдерден көпестер келді?
Бекіту сұрақтары:
1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталды?
2. Ұлы Жібек жолынын бағыттарын картадан керсетіңдер.
3. Ұлы Жібек жолы бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?
4. Неліктен Ұлы Жібек жолы мәдениет пен халықаралық қатынастар жолы деп аталады?
5.  Жібек құртын әсіру құпиясы баска елдерге қалай ашылды?
6. Көшпелілердің басқа өркениеттермен қарым-қатынасында Ұлы меридианалды жолдың маңызы қандай болды?
7. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атаңдар.
Бағалау:
Үйге тапсырма. 23-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмаларға ауызша дайындау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Монғол шапқыншылығы
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының пайда болуы, дамуы
Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері
Үндістандағы феодалдық қатынастар
Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы
Ежелгі Қазақстан мәдениеті
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4542 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык