Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәдениеттің дамуы ғылым және өнер


Мәдениеттің дамуы ғылым және өнер

Сабақтың тақырыбы Мәдениеттің дамуы ғылым және өнер

Сабақтың мақсаты: 
   Білімділік: 1945-1960 жылдар аралығындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы, ғылым, әдебиет, өнер, қоғамдық ғылымдардың даму ерекшелігі туралы түсінік беру.
   Дамытушылық: Оқушылардың білім, ғылым, өнерге деген белсенділігін арттыру, топпен жұмыс арқылы олардың  бойында ізденгіштік шығарма-шылық, танымдық  қабілетін дамыту.
  Тәрбиелік: Бірлікке, ұжымшылдыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу. Ел тарихына, мәдени мұраларына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Ізденіс- жарыс сабағы
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс.  
Көрнекілігі: Сөздік, портреттер, сұрақтар салынған конверттер, энциклопедия, тест сұрақтары, куб, әдеби кітаптар.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
  Оқушыларды топқа  бөлу, топ  жетекшілерін тағайындау. Топқа ат қою.
 
 Жарыстың жүргізілу жоспары: 
- Бәйге;
- «Ғажайып сұрақтар»;
- Шығармашылық ізденіс;
- Зерттеу жұмысы; 
- «Жұлдызды сәт»; 
 Жарысатын топтар:
1. Білім, ғылым.
2. Мәдениет,өнер.
 Топ  жетекшілері ортаға шығып куб айналдыру арқылы жарысқа қатысу ретін анықтайды.
 ІІ Үй тапсырмасын сұрау. Бәйге (12 сұрақ)
1. Тың және тыңайған жерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды? (1954 ж. көктемі).
2. Қазақстанның қандай облыстарында тың игеру жүргізілді?( Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай)
3. 1954 жылы  Қазақстанда жыртылғын жер? (6,5 млн. ) .
4. 1954-1955 жылдары қанша астық алу белгіленді ? (1млрд. 100 млн. – 1млрд.200 млн. пұт астық алу белгіленді).
5. Тың игеру жылдары Қазақстанда қанша жер жыртылды? (25 млн. га ).
6. 1954-1962  жж Қазақстанға қанша адам келді? (2 млн. адам.).
 
7. 1954-1956 жж. Қазақстан КП ОК І хатшысы кім болды? ( П.К. Пономаренко). 
8. КСРО  бойынша тың жер игерілген  аймақтар? (Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы, Қазақстан).
9. Тың және тыңайған жерді игеру туралы қаулы қашан қабылданды?       ( 1954 ж. тамыз).
10. Тың игеруге 1954-1959 жылдары қанша қаржы жұмсалды? (20 млрд. сом).
11. 1955 ж. жоспарлы 7,5 млн. га  орнына  неше  га  жер  жыртылды? (9,4 млн. га). 
12. 1962 ж. қазақтар республика тұрғындарының  неше пайызын  құрады? (29%)  
                 
ІІІ. Оқушылар тың игерудің   тиімді -тиімсіз жағын анықтайды.
Әр топқа парақ беріледі.
І топ 
Тиімді жағы. 
1. Ғасырлар бойы бос жатқан жерлерге жан бітірді.
 Дәлел: 1954-55  жылдардың ішінде  Қазақстанда 17 млн. 967 мың га жаңа жер игерілді. 1953 жылы  республиканың  бүкіл  егістік жер көлемі  9,7 млн. га  болған болса, 1955 жылы ол 20,6 млн. га-ға жетті. Тың игерудің басында  республиканың  егістік жер көлемі екі есеге артты.
2. Жаңа совхоздар ұйымдастырылды.
Дәлел: 1954-1958 жылдарда Қазақстанда 337 жаңа совхоз ұйымдас-тырылды. Мемлекет 10 млн 814000 сом жұмсады. Мысалы: Москва жұмысшылары  күшімен  Солт.Қаз. облысында, Ақмола облысында «Бауманский», Қостанай облысында «Красна пресненский» совхоздары құрылды.
3. Шетсіз – шексіз далаға техника  салу түрлі жабдық толасыз тасқынмен  жіберіліп жатты.
  Дәлел: 1953 жылы салыстырғанда 1956 жылы тыңға әкелінген тракторлардың саны 213 %, комбайындар232% артты да, 156 мыңға немесе 4 есе трактор, ал комбайындар 4,3  есеге көбейді.
4. Өндірістік қор молайды.
Дәлел: Өндірістік негізгі қор  молайды.
Дәлел : Өндірістік негізгі қор 1953 ж. 276 млн. сомнан 1965 ж. 2,6 млрд. сомға дейін, 10 еседен астам өсті.
5. Тұрғын үйлер  көптеп салына бастады. Автомобиль жолдары төселді.
Дәлел: 1954-1955 жж Қазақстан республикасының  тың  аймағында 853 мың  шаршы  метр тұрғын үй салынды.
6. Электр жүйелері  мен байланыс тораптары пайда болып жатты.
 Дәлел: 230 елді мекенде радио, 152 елді мекенде электр желілері  тартылды. 
7. Республикамыздың ғылымы мен мәдениетінің  жан- жақты дамуына жол ашты.
Дәлел: 1955-1956 жж  селолық  жерлерде  17 мәдениет үйлері , 450 клуб, 300 кітапхана, 50 оқу орны, 10 стадион мен спорттық алаңдар салынды.         
ІІ топ
     Тиімсіз жағы: 
1. Миллиондаған  гектар жерді астық дақылдарын себу үшін жырту  жайылымдық жердердің және жем- шөп дайындайтын алқаптардың көлемін тарылтты.
Дәлел: 1954 ж. аралығында барлығы 26 мың 484 мың гектар жер жартылды.
2. Мал шаруашылығы орны толмас шығынғы ұшырады. Ауыл шаруашылығының даму деңгейінің  төмендеуі ет, сүт өнімдеуінің тапшылығын туғызды.
Дәлел: Бұл мал өндірісінің Республикадағы 63 мың гектар жайылымның  1 3 тозығы жетті.
3 . Топырақтың, жердің құнарлы қабаты желге ұшты. Эканомикалық тепе- теңдік бұзылды.
 Дәлел: Тың игеру жылдарында топырақтың сапалы қыртысы 15-20 %-ға дейін бүлініп, құнарсызданды.
4.Қазақ халқының әдет- ғұрпына, салт- дәстүріне оның мәдени ерекшеліктеріне нұқсан  келтірді.
 Дәлел: Қазақстанда қазақтың салт- дәстүріне бірте-бірте  орыс дәстүрлері ене бастады.
Мысалы: Той дәстүріне «горько», «шыны сындыру» енді . Қазақтардың жерлеу ғұрпына табытқа салу енді, т.б.
5.Қазақ мектептерінің саны күрт төмендеді.
 Дәлел: Республиканың тың аймағындағы 700 қазақ мектебі орыс мектебіне  айналды.
 Мысалы: Ақмола қаласында қазақ тілінде не бары, бір мекреп сақталып қалса, Көкшетау қаласында барлық мектеп орыс тіліне көшірілді.
6. Қазақ тілінде шығып тұрған мерзімді баспасөз жабылды.
Дәлел: 1960 ж. басында облыстық, аудандық барлық қазақ газеттері жабылды. Іс- қағаздары, байланыс, телеграф қызметтері орыс тілінде  жіберілді.
7.Қазақстанның Солтүстігінде тілдік және демографиялық хал- ахуал өзгерді.
Дәлел: 1952 ж. санақ бойынша қазақтар өз елінде 29% құрады.
Бекіту: оқушылардыңжауабын талдау арқылы жасалады.
ІІ Жаңа сабақ.
Жоспары: 
1. Ғылым дамуы.
2. Көркем әдебиет туындылары.
3. Қазақ өнерінің дамуы.
1. Мұғалім түсіндіруі.
2. Топ бойынша жұмыс (Әр топ өз атына байланысты) «Ғажайып алаң» Торкөздердегі сандар өсу ретіне  қарай деңгейлі  сұрақтарға жауап беру.(12 сұрақ).
1. Қазақ КСР ҒА қашан  құрылды? (1946ж.) 
2. Қазақ КСР ҒА тұңшыш президенті? (Қ. Сәтбаев).
3. «Абай» роман-эпопеясының авторы? (М.Әуезов).
4. 1958 ж Қазақ КСР ҒА –ның қандай институты ашылды? (Философия және құқық).
5. « Біржан-Сара» операсы қашан алғаш рет қойылды? (1946ж.).
6. «Космополит» айыбы қай сала ғалымдарына тағылды? (Биология, медицина).
7. Соғыстан кейінгі  дәуірде жазылған  С. Мұқанов шығармасын ата ? (Сырдария). 
8. 1950 жылы ҒА неше ғылыми зеттеу институты болды (16 институт).
9. Ғ.Мұстафин  жазған   романдар? ( «Шығанақ» , «Миллионер»). 
10. М.Әуезов І дәрежелі Мемілекеттік  сыйлықты қай жылы алды және қай еңбегі үшін? (1950 ж. «Абай» романының алғашқы екі кітабы үшін).
11. Интернаттар жүйесі қашан, не үшін құрылды? Онда қанша  бала тәрбиеленді? (1950ж 40 бала).
12. Е.Бекмаханов кім? «Қандай еңбектерін білесің? Тарихшы, ғалым. 1943 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихы» авторларының бірі, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясы).
 
- Шығармашылық ізденіс.
  Әр топтың  зерттеушілері белгілі бір тұлғаны немесе шығарманы зерттеген еңбектерін  қорғайды .
  -Зерттеу жұмыстары. 
  1. Білім –ғылым  орталығындағы оқушылар: 1947 жылғы қарашы – «Қазақ КСР-де жоғарғы және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары» туралы қабылданған қаулы бойынша жүргізілген  жұмыстар нәтижесі, 1950 ж. білім беру жүйесіндегі іске асырылған шаралар, мектептер және оқушылар санына тоқталады.
2. Мәдениет, өнер  ғ.о. Оқушылар 1947 жылғы қаңтар, наурыз айларындағы қаулыларды баяндай отырып, идеологиялық қаулыларға ұшыраған ғалымдар жайлы  айтады.                            
Жалпы екі топтың оқушылары  соғыстан кейінгі онжылдықтардағы театрдағы драма, опера, музыка, қылқалам шеберлерінің туындылары, олардың  негізгі  тақырыбы жайлы байандайды.
 « Жұлдызды сәт» .
«Ғылыми орталық жетекшілер сайысы» «Кубизм» әдісі бойынша жетекшілер 6 сұрақтан таңдағанына жауап береді.
1.Мектептерге  1946ж,1950ж., қанша қаражат бөлінді? (85,6 млн. сом, 146,5 млн.сом).
2. 1950 жылы қанша мектеп болды, онда неше бала оқыды?                                               ( 9088мектеп,1493 мың бала).
3. Соғыстан кейінгі жылдардағы үздік туындыларды ата? («Абай» , «Қазақ солдаты», «Ш.Уалиханов», «Оянған өлке», « Өмір мектебі» т.б.)
4. КОКП ХХ съезінен  кейін ақталған  қайраткерлер.( С.Сеифуллин, Б.Майлин, І. Жансүгіров).
5. Ақталмай қалған зиялыларды ата: ( А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, М.Дулатов, Ж. Аймаутов)
6. Қазақ КСР ҒА ғылыми  мекемелері халық шаруашылығына  қанша ұсыныс енгізді (900-ден аса зерттеулер мен ұсыныстар).
 
ІV.Қорыту.
Жетекшілер өздеріне берілген сұраққа жауап беріп жатқан кезде әр орталық оқушыларына 5 сұрақтан  тест таратып беремін.
1. Е. Бекмахановты ресми түрде айыптаудың басы болған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыда баяндайық» деген мақала қай газетте жарияланды?
А) «Правда»       В) «Звезда»     С) «Ленинград»    Д) «Комсомолка»
2. Е.Бекмаханов еңбегін бағалап, қолдағаны үшін кімге қатаң сөгіс беріп, қызметінен босатты?
А) Қ. Беккожин.       В) Қ. Сәтбаев.    С) Т.Тәжібаев.     Д) М.Әуезов  
3. Ірі ғалым Ә.Марғұланға қандай айып тағылды?
А) Космополит           В) Халық жауы        С) Көзқарастары ғылымға жат  Д) Буржуазияшыл 
4.»Біржан-Сара» операсы қай жылы қойылды?
А) 1947 ж.                    В) 1946 ж.           С) 1994 ж.       Д) 1950 ж. 
5. «Ұлтшыл» деген айып кімдерге тағылды?
А) С.Мұқанов пен М.Әуезов.    В) Қ.Сәтбаев.        С) Ғ.Мүсірепов
Д) Е.Бекмаханов
Кілт:          1          2           3        4        5
V.  Бекіту, бағалау.
Жарыс соңында тақтаға белгіленген ұпай саны бойынша қорытындысын шығарамын. Топ ішіндегі белсенді оқушылар аталып, бағаланады.
VI. Қорытынды.
Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанда қуғын-сүргін жаңа қарқын алды. 1940-1950 жылдары зиялы қауымның көрнекті өкілдері қудаланды. А.Жұбанов, Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов сынды қайраткерлеріміз осындай қудалауға ұшырады. Бүгінгі сабақтың тақырыбынан Сталиннің жеке басына табыну әшкереленгеннен кейін ақталған мемлекет қайраткерлерін танып, білдіңдер.Бірақ зиялы қауым өкілінің үлкен шоғырын ақтау, еңбектерін жарыққа шығару болашақ еншісіне қалған еді. Коммунистік партияның ықпалынан шықпай, бір жақты ғана дамуда болғанымен мәдениет саласының өкілдері өздерінің керемет шығармаларын сендерге мұраға қалдыра білді. Осы  мәдени мұраларды оқып, танысып, болашаққа жеткізу сендердің міндеттерің.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9 сынып 20-80 жж ХХ ғасыр
Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті
Ауыл шаруашылығы. Тың эпопеясы
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ САЯСАТЫ
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың игерудің нәтижелері
Тың игеру
Соғыстан кейінгі ғылым мен білім
Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ КСР-да жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 10886 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык