Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы


Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы

Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғұн мемлекетінің қалыптасу жайында алған білімдерін нақтылай отырып, ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы, қоғамдық құрлысы және мәдениеті жайында таныстыру. Олардың ерекшеліктерін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өз елінің барлық  тарихи құндылықтарын құрметтеуге,мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру, «пошта» ойыны, «тұлғаны таны», «білім жәрмеңкесі» ойыны.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі-түсті  қағаздар, Абылай хан суреті,т.б.

Сабақтың  барысы:

  І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

  2.Бар ынтасын сабаққа аудару.

  3.Оқушыларды топқа бөлу.

(Оқушыларды тақтаға шығарып шар тәрізді тұрғызып бір-біріне тілек айтқызу , сол кезде түрлі-түсті қағаздар таратып беру арқылы топқа бөлу,қағазда топтың аттары жазылған сол бойынша әр топ өз орындарына жайғасады. І-топ Зерттеушілер/қызыл/,

ІІ-топ Тарихшылар/сары/,

ІІІ-топ Этногрофтар/жасыл/)

Миға шабуыл жасау.

Берілген сөздерден сөйлем құра:

ЖОРЫҒЫ  ХАЛЫҚТАРДЫҢ  СЕБЕП  ҒҰНДАРДЫҢ   ҰЛЫ  БАТЫСҚА  ҚОНЫС  БОЛДЫ  АУДАРУЫНА

Шешуі: Ғұндардың батысқа жорығы халықтардыңұлы қоныс аударуына себеп болды.

ІІ. Ұй жұмысын «пошта» ойыны арқылы сұрау

Халықтардың ұлы қоныс аударуы

Қойылатын сұрақтар:

 

І-топ Археологшылар /қызыл/

1.Ғұндар қай империаға үлкен қауіп төндірді?

2. 5 ғасырда ғұндардың басшысы кімболды және ол өз қол астына кімдерді жинады?

ІІ-топ  Тарихшылар/сары/

1.Ғұндардың соғыста жеңу себептері неге байланысты болды?

2.Каталауын шайқасы өткен жыл және соғыстың қорытындысы қалай болды?

ІІІ-топ Этногрофтар/жасыл/

1.Ғұн жорықтарының маңызы неде?

2.Ғұндар туралы жазған Византия елшісі?

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

Аттила қандай адам болған екен?

                                                                                                   Қаһарлы ел билеуші

 Ержүрек жауынгер

 

 

        Дарында қолбасшы                                                             Ғұндардың патшасы

«Тұлғаны таны» ойыны

Ол үшін тақтады жасырылған суретті анықтау үшін сұрақтарға жауап беру керек

 

1 сұрақ-Ғұндардың билеушісі шаньюй сөзінің мағынасы /шексіз билеуші/

2 сұрақ-Ғұндар қай елмен 300 жылдан астам уақыт соғысты? /Қытай/

3сұрақ-Цинь патшалығы  ғұндардан қорғану үшін не істеді? /Ұлы Қытай қорғанын салды/

4сұрақ-Ғұндар қай ғасырда оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді?/б.з.б 1 ғасыр/

5сұрақ-Ғұн тайпасы қай билеуші тұсында күшейді?/ Мөде/

6 сұрақ-Ғұн тайпасы қанша рудан тұрды? /24/

 

Жасырылған сурет

 

ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Ғұндардың тұрмысы

2. Ғұндардың қоғамдық  құрылысы

3. Ғұндардың мәдениеті

1. Тірек- сызба бойынша түсіндіру

 
   

Ғұндардың қоғамдық  құрылысы бойынша топтарға сұрақтар беріледі.

 

Археологшылар /қызыл/

Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғасы қалай аталады?

Тарихшылар/сары/

Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша бөлініп қанша қанатқа бөлінген?

Этногрофтар/жасыл/

Түменбасы өзінің қарамағына кімдерді тағайындады?

3.Мәтінмен жұмыс.Қалып қойған сөзді тауып сөйлемді толықтыр

Ғұн тайпаларында ..................... теңсіздік қалыптасқан. Ғұндар- көшпелі

                     .......................... ел. Оларды .................. кеңесі басқарған.Елді ................ биледі.

                    Ғұндарда өзіндік ............... қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс пен опасыздық

жасағандарға  ................. жазасы тағайындалған.

4. Ғұндардың мәдениеті.

Ғұндар көшпелі өмір кешті.Олардың өмір салты римдіктер мен гректерге өзгеше болып көрінген.Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әртүрлі көзқарасты кездестіреміз.

1.Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин ғұндарды қалай сипаттады?

2.Ғұндардың қалалары жайында Прииск қалай сипаттады?

3.Аммиан Марцеллин ғұндардың өмірі туралы пайымдап жазғаны.

 

 Көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды негізінен былғары, жүн, киіз, ағаштанжасады.

 

Көшкелілер зергерлік әшекей бұйымдар жасауда тамаша жетістіктерге жеткен.

Олар бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді білген. Мұндай шеберлікті зерлеу деп атаған.

Безендіру кезінде бұйымдарға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсырған.Ғалымдар мұндай стильді «полихромдық стиль» деп атаған.

 

Тарихи терминдер:

Жүзбасы – жүз адамдық әскердің басшысы.

Патриархалды билік- ер адамдардың билігінің жоғары болуы.

Тәлімді  егіншілік -қолдан суарылмайтын егін.

Зерлеу әдісі- бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу.

«Полихромдық стиль»- бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жабыстыру.

 

Ү.Сабақты бекіту. «Білім жәрмеңкесі » ойынын ойнату арқылы

 

Әр топқа мына заттарды алу үшін сұрақтар беріледі.

Дәптер-Ғұндардың шаруашылығы туралы айтып бер

Қаламсап-Ғұн қоғамында кімдер билік етті?

Қалам-Ғұндарда құқық қорғау жүйесі болды ма?

Түрлі-түсті қалам-Ғұдар ыдыс-аяқ жасауға қандай материлдар пайдаланған?

Сызығыш Бұйының бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталады?

ҮІ.Сабақты бағалау. Қай топ жоғары ұпай жинаса сол топ «білім шыңына» бірінші жетіп 5-тік баға алады.

Үйге тапсырма.

Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті.

Көшпелілердің баспанасы киіз үй туралы эссе жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Ғұн мемлекеті
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндар тарихы Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихының ерте кезеңі
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сармат тайпаларының орналасуы
Ежелгі Қазақстан тарихы
Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 11640 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык