Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оңтүстік Америкаға саяхат


Оңтүстік Америкаға саяхат

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америкаға саяхат

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оңтүстік Америка тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, материалды меңгеру дәрежесін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, есте сақтау дағдыларын дамытып, өтілген материалды жүйелей білуге баулу. 
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Қайталау, жинақтау сабағы 
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес, сайыс сабағы 
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс
Көрнекіліктері: Дүние жүзілік саяси картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы, атлас, қосымша сурет, интерактивті тақтадан көрсетілетін тапсырмалар, ТСО 
Дидактикалық материалдар: Үлестірмелі конверттер 
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу, түгелдеу
• Сынып оқушыларын 3 топқа бөлеміз 
• Топтарға бағалау парағын тарату 
 
Балалар, бүгін біз «Оңтүстік Америка»  тарауы бойынша алған білімімізді жүйелеп, қорытындылау мақсатында сабағымызды сайыс түрінде өткізгелі тұрмыз.
 
І кезең: «Нақты сұрақ – ұтымды жауап»
ІІ кезең: Ғалымдар сөйлейді 
ІІІ кезең: Геологтар байқауы
ІV кезең: Сәйкесін тап
V кезең:  Мені орналастыр
VI кезең: Географиялық лото
VII кезең:Ойлан тап!
VIII кезең:Сен білесің бе?
 IX  кезең: Кестені аяқтау
X кезең: Әріптер сыры
XI кезең:Саяхат диктант 
XII кезең:Венн диаграммасы
 
І кезең: «Нақты сұрақ – ұтымды жауап»
Әр топтың  капитан командаларына 10 сұрақ оқылады, әрбір дұрыс жауап 1 – ұпаймен бағаланады. 
Амазонка тобы: 
   1.Дүниежүзіндегі ең үлкен арал:  Гренландия
2. Ресейден кейін жер көлемі бойынша 2 -ші орын алатын жоғары дамыған ел: Канада                                   
3. Оңтүстік Американың жер көлемі: 18,3 млн км кв
4. “Миссисипи” атауы қандай мағына береді: су атасы                 
5. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі:   Кордильера                              
6. Американы алғаш зерттеген саяхатшы: Х.Колумб
7. Материктің батысын тынық, ал шығысын қай мұхит шайып жатыр: Атлант
8. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама: Анхель
9. Материктің мұнайға бай көлі:  Маракайбо
10. Амазония ормандарының топырағы: қызыл – сары ферралитті 
 
Анд тобы: 
1. Дүниежүзіндегі ең ұзын ел: Чили
2. Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашқан саяхатшы: Джон Кабот
3. Солтүстік Американың жер көлемі: 24,2 млн км кв
4. «Канада» атауы үндістер тілінде қандай мағына береді: қоныс, қауымдастық
5. Лос – Анжелес қаласындағы кино өндірісінің орталығы: Голливуд 
6. Солтүстік Америкадағы дүниежүзіндегі ең дамыған ел: АҚШ 
7. АНДттауларын зерттеген: Гумбольдт 
8. Жер шарындағы, еің жасыл материк: Оңтүстік Америка 
9. Оңтүстік Американың ең ірі көлі: Титикака
10. Тайга зонасының топырағы: Күлгін 
 
Анхель тобы 
1. Дүниежүзіндегі ең ұзын тау: Анд 
2. Еуропалық пен үндістердің некесінен тараған ұрпақ қалай аталады: метистер 
3. Жер шарындағы ең мол сулы өзен: Амазонка
4. Х.Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы: А.Веспучи 
5. Ақш солтүстігінде Канадамен, оңтүстігінде қай елмен шектеседі: Мексика 
6. Магеллан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан арал: Отты жер аралы 
7. Титикаканың оңтүстігінде ыстыққа кеуіп қалатын тұзды көл: Поопо
8. Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен биік нүктесі: Аканкагуа 
9. Автомобильдер астанасы: Детройт 
10. Анд тауында Тынық мұхит жағалауындағы шөл: Атакама 
 
ІІ кезең: Ғалымдар сөйлейді 
Әр топ өздерінің топ атауын таныстырып, слайдпен жұмыс жасайды.  
 
ІІІ кезең: «Геологтар байқауы»
Төменде көрсетілген материктің әрбір бөлігінде орналасқан құбылыстар мен нысандарды талда, оларды табиғи орталық компанеттерінің типтеріне қарай топтастыр: 
Ла – Плата, Амазонка, Поопо, Перуана, Дрейк, Тынық, Анд, Анхель, Парана, Ориноко, Пантанал, Маракайбо, Эл-Ниньо, Магеллан, Атакама, Гран – Чако, Атлант,Патагания, Перу, Титикака, Бразилия, Колумбия.
      Мысалы: жазықтар: (Гран – Чако, ...)
      
     ІV кезең: Сәйкесін тап (климаты бойынша)
1. Экваторлық а) бұл белдеумен жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропик ауа массаларының ықпалында болады.
 
2. Субэкваторлық ә) Материктің оңтүстігі жіңішке бөлікті. Белдеулердің шығысында фолкленд суық ағысының әсерінен осы күнгі климат қалыптасты
 
3. Тропиктік б) Бразилия таулы үстіртінің Оңтүстік – шығыс жағалық бөлігін, Ла – Плата ойпатының солтүстігін алып жатыр, жазда орталығы температурасы +28С-қа дейін жоғарылайды. 
 
4. Субтропиктік в) Жауын – шашын жылы бойы мол түседі.
 
5. Қоңыржай: г)Экваторлық белдеу аймағындағы шыңның басында жыл бойы қар жатады, ал тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат құрғақ келеді. 
6. Биік таулы д) материктің 30 және 40 градус оңтүстік ендігі аралығын алып жатыр. 
1.В 2.А 3. Б 4.Д 5.Ә 6.Г
V кезең:  Мені орналастыр... (қай табиғат зонасына тән )
 
1. Ылғалды экваторлық орман Пума, шиншилла
 
2. Саванналар мен сирек ормандар Нанду, кактус
 
3.Субтропиктік дала Колибри, гевея
VI  кезең: Географиялық лото 
Әрбір топтан бір оқушы шығып, жасырып сөзді таңдап, ол қай елде екенін анықтап, картаға жабыстыру. 
Анд – мыс Эквадор – 30 жанартау
Бразилия – темір Перу – Титикака көлі 
Чили – Атакама шөлі Боливия – биік қала  
VII кезең: Ойлан тап! 
  Берілген елдердің астанасын табу.
 
Дұрыс жауаптары:
Кито - 
Лима -
Сантьяго -
Каракас-
Буйнос - Айрес -
Бразилиа -
Монтевидео -
Парамаримо -
 
           VIII кезең: Сен білесің бе? (иә, жоқ)
1. Христофор Колумб Америкаға 4 рет саяхат жасады: иә
2. Испанша Рио – де – Жанейро «Аспан өзені» деп аталады: жоқ
3. Оңтүстік Америка ең ыстық материк: жоқ
4. А.Гумбольдт Оңтүстік Америка табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасады: иә
5. Батыс жарты шардың ең биік нүктесі – Аконкагуа: иә 
6. Боливия жеріндегі әйгілі алтын белдеу батыстан шығысқа қарай 940 км – ге созылып жатыр: жоқ
7. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы Суэц каналы бөліп тұр: жоқ
8. Материктің батысында Анд тауы орналасқан: иә 
9. Титикака көлінде жапырағының диаметрі 2 метрге жететін виктория – регия кездеседі: жоқ 
10: Оңтүстік Американың негізгі халқы үндістер мен негр ұрпақтары – самболар кең тараған: иә 
 
 
IX кезең: Кестені аяқтау (Шеткі нүктелерін табу )
 
Шеткі нүктелері Географиялық координаттары
Солтүстік
Оңтүстік
Батыс
Шығыс
 
X кезең: Әріптер сыры 
 
Б – Мемлекеттік құрылымы 22 штаттан тұратын Федерациялық Республика: Бразилия 
В – Оңтүстік Америка материгін картоп, жүгері, қызанақтың отаны екенін дәлелдегенорыс ботанигі: Вавилов 
Г – Табиғи каучук алынатын ағаш түрі: Гевея 
Д – Отты Жер аралының батысымен оңтүстікке қарай Тынық пен Атлант мұхитын жалғастырып жатқан бұғаз: Дрейк 
К – XIX ғ. Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік – шығысына қоныс аударған олардың ұрпақтары өздерін қалай атайды: Креолдар 
С – Жергілікті халық материктің қалың орманын қалай атайды: Сельвас 
 
XI кезең: Саяхат диктант 
Әр топтан бір конверт таңдалады. Оның ішіндегі жасырын сөзді табу керек. 
 
№1 Біз Оңтүстік Американың солтүстігіндегі ең шеткі нүтесі  . . . ..  мүйісінен якорьді көтеріп, саяхатқа ..... теңізінің суымен жүзіп отырдық. Оңтүстік шығысқа бағыт алып, ... мұхитына шықтық. 
 
№2 Капитан кешені материктің шығыс жағалауымен алып жүрді. Кенет кеме, тез жүре бастады. Неге: Біз ... жылы ағысына түсіппіз. Ағыс бізді материктің Оңтүстік жағалауына алыпкелді. Кешікпей жіңішке.... бұғазы көрінді. Бұғазбен жүзе отырып, сол жақтан ... аралын көрдік 
 
№3  Әрі қарай солтүстікке бағыт алып, ... мұхит суымен жүзе келе, тағы бізді ағыс әкетті, бірақ бұл ... суық ағысы еді. Әйтеуір, біз ... каналына жақындадық, ол екі мұхитты жалғастырып, екі материкті бөліп тұр. 
Бағалау: А) жалпы топқа баға беру 
    Б) жеке оқушыларды бағалау 
Үйге тапсырма: Оңтүстік Америка материгіне эссе жазу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Солтүстік Америка материгіне саяхат
Солтүстік Америкаға саяхат
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер
Оңтүстік Америкаға саяхат
Климаты
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
Оңтүстік Америка материгі
Африкаға саяхат
Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4555 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык