|
|
Сабақтың тақырыбы Римнің мәдени өмірі
Сабақтың мақсаты:
Қалалардың мәдени орталыққа айналуы, сурет, мүсін өнерінің дамуы және христиан дінінің қалыптасуы туралы оқушыларға түсінік беру.
Рим мәдениетінің өзіндір ерекшеліктерін ұғындыру.
Мәдени мұраларды қорғауға, әсемдікке, эстетикалық талғамдарға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер. Карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Рим балалары қандай мектептерде оқыды?
Мектептерде қандай пәндер оқытылды?
Вергилий «Энеида» поэмасында не туралы жазды?
Гораций не туралы жазды?
Шешендік өнер дегеніміз не?
Құқық қалай қалыптасты?
ІІІ. Білімді бағалау.
IV. Үй тапсырмасымен жаңа тақырыпты байланыстыру.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Қалалар және қалалақ өмір
2. Сәулет өнері
3. Мүсін өнері
4. Христиан дінінің шығуы.
Рим қалаларының әкімшілік орталығы ғана емес, мәдениет орталығы болғандығы туралы әңгімелеймін. Мысалы Рим қаласын алса, жеткілікті. Бұдан әрі оқулықтағы материалдарды пайдаланамын. «Қазіргі Қазақстан қалаларында қандай театрлар, мәдениет ошақтары бар? Қандай мерекелер тойланады?» деген сауалдар қоямын. Римдіктер өздері жаулап алған елдердегі өнер туындыларын олжалаумен қатар, сәулет және мүсін өнерінде өздерін де көптеген жетістітерге жеткеніне баса назар аударамын.
Оқулықпен жұмыс жүргізілген кезде жеңіл әрі қысқа тақырыпшаны оқушының өзіне оқытамын. Бұдан кейін суреттермен жұмыс жүргізіледі.
Колизей, пантеон, форум т.б. суреттеріне оқушылардың көңілін аудару. Оқулықта берілмеген суреттерді плакатқа өзім салып, көрнекілік ретінде қолданамын.
Христиан дінінің қалыптасуы және Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызы туралы оқулық көлемінде әңгімеленеді.
«Грекия сәулет өнерінің ерекшелігі неде?
Мүсін өнерінде қандай өзгешелігі болды?» деген сияқты сауалдар оқушылардың Грекия, Рим мәдениеттірінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қадағалап отыруына мүмкіндік береді.
Бұдан соң жаңа тақырыппен және оның жоспарымен оқушыларды таныстырамын да, Рим қаласы бойынша ойша саяхатқа шығарамын. Әңгіменің ұтымдылығы шығармашылығына, қосымша әдебиеттер мен көрнекіліктерге байланысты.
«Бүгін ежелгі римдіктер 123 күнге созылған үлкен мерекеге дайындалуда. Қаланың барлық көшелері түсәсетін орталық алаң-форумға жиналған қалың халықты қала әкімшілігі, елге танымал саяси қайраткерлер құттықтап, Палатин жотасының оңтүстік жазығында орналасқан ипподромға шақырады. Біздер де солармен бірге ипподром орналасқан Палатин жотасын бетке алып, жүріп келеміз. Жол бойы бау-бақша қоршаған зәулім үйлер. Бұлар-Рим шонжарларының үйлері. Үйлердің маңында –жұмыс істеп жүрген құлдар. Палатин жотасының төбесінде императордың сарайы тұр.Оның үлкендігі соншалықты, бір ауданның жерін алып жатыр. Елдің бәрі император сарайына қызыға қарауда. Сарайдың бірінші залында императордың үлкен мүсіні тұр. Бөлмелердің дәрі де алтынмен, қымбат тастармен және меруерт қабыршақтарымен әшекейленген екен. Бір бөлме бұрышсыз, дөңгелек етіп салынған, оның төбесі жұлдыздары жымыңдаған ашық аспанды еске түсіреді. Сарайданшығып, ат жарысы өтетін жерге келдік.
Ипподром өте үлкен екен. Ондаған мың көрермен сыйып кетердей. Император мен шонжарлар өздеріне арналған ложаларға келіп орналасты.Керней тартылғаннан кейін алаңға шабандоздар төрт ат жегілген жеңіл арбалармен жарыса шықты. (Осы жерде оқушылардан: «Ипподромда болғандарың немесе теледидардан ипподромда өткен осындай жарысты көргендерің бар ма?» деп сұрап, ат жарысының ежелден келе жатқан спорт және демалыс түрі екеніне тоқталамын.)
1,5-2 сағат шабандоздар жарысын қызықтаған халық Колизей амфитеатрына қарай жүрді. Онда гладиаторлар шайқасы болды. Сәулет өнерінің ірі жетістігі Колизей амфитеатрына оқулық көлемінде сипаттама беремін. Міне, қос дөңгелекке мінген, салтанатты киінген император жауынгерлері аренаға шықты, олардың соңында- қару жарақ көтерген құлдар. Император ложасының қарсы алдында гладиаторлардың салтанатты шеруі келіп тоқтады. Олар оң қолдарын жоғары көтеріп: «Армысың, император, өлімгебас тіккендер сені құттықтайды!» деді. Гладиаторлардың кейбілеулері алғаш рет аренаға шыққалы тұрса, енді біреулері-осындай аренада талай рет жеңіске жеткендер.
Олар тағы да өз өмірлері үшін шайқаспақ. Құттықтаудан соң ұйымдастырушылар гладиаторлардың қаруларын тексере бастады. Жүзі қайтқан семсерлерді өткірлеуімен ауыстырды. Қару таратылған соң, жекпе-жекке шығатындар анықталды. Міне, қолына ау мен аша ұстаған құлға қарсы қысқа семсер мен қалған ұстаған гладиатор шықты. Дабыл қағылып, керней ойналған соң, шайқас басталып та кетті. Көрермендер оларға бәс тігіп жатыр. Біраз уақыттан кейін семсерлі гладиаторлар қарсыластарын тізе бүктірді. Император мен өзге көрермендер «Өлтір оны!» деп дауыстап, бас бармақтарын төмен қарай нұсқады. Жеңілгенқұлдың басы кесілді».
Христиан дінінің пайда болуы, оны уағыздаушылардың түрлі пікірлері, т.б. жөнінде оқулық көлемінде баяндаймын. Оқушылардың есте ұстайтыны-христиан дінінің әлемдегі ең ірі үш діннің бірі екендігі. Кейін үстем тап өкілдерінің оны халықты өзіне көзсіз бағындырудың құралына айналдырғаны туралы баса айтамын.
V. Жаңа тақырыпты пысықтау:
Өтілген 30-параграф бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың материалдарды жадына сақтауына ықпал етемін.
VI. Бағалау.
VII. Жаңа тақырыпты қорытындылау.
Өтілген тақырып бойынша қорытындылар жасаған соң, оқушыларды сыныптан тыс оқылатын материалдармен , суреттермен таныстырамын.
VIII. Үйге тапсырма.
30-параграфты оқу, «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындау, сыныптан тыс оқылатын материалдарды оқу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |