Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 15265 |
|
|
|
Сәулет ескерткіштері
Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның Х – XV ғасырлардағы сәулет өнері, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мұрасын, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, тірек-сызба.
Пән аралық байланыс: әдебиет, география
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ
3. Тапсырмалар орындау
4.Қорытындылау
5.Үйге тапсырма беру
6. Бағалау
Жаңа сабақ:
Жоспары:
1.Сәулет өнері
2. Қазақстан жеріндегі кесенелер
Миға шабуыл:
1. Сәулет өнері туралы не білесіздер?
2. Кесене деген не?
Жауабы:
1. Сәулет өнері (архитектура) –құрылыс, тұрғын үй салу және жобалау өнері.
2. Кесене - қайтыс болған адамдардың басына тұрғызылған құрылыс.
Сәулет өнері Х – ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, оған Тараз қаласының маңынан 18 шақырым жерде салынған Айша Бибі, Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындылары.олардың ішіндеең айшықтылары-«дың» аталатын құрылыстар.Оған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Домбауыл» жатады,кейде қазақтар мұндай ескерткіштерді үйтас деп те атайды. Сәулет өнері тағы да тамаша туындыларының бірі Арыстан баб кесенсі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Көккесене, Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі т.б. кесенелер жатады. ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандануы нәтижесінде ХІҮ-ХҮ ғасырларда ірі сәулет құрылысы басталды.
Қарахан кесенесі –Тараз қаласының маңында орналасқан. ХХ ғасырда қайта салынған.
Жошы хан күмбезі –Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерде ,Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. ХІІІ ғасырда күйдірілген кірпіштен салған.
Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.
Алаша хан кесенесі ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою –өрнегімен безендірілген.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің құрылысы-«Әзірет сұлтан» деп аталады. XIV-XV ғасыр аралығында Орта Азия мен Мәуреннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. Қожа Ахмет Йасауи мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене о ңтүстік Қазақстанда Түкістан қаласының орталығында орналасқан. Кесененің ішінде үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Бұл қасиетті кесенеде атақты адамдар жерленген. Сондықтанда бұл кесенені «Пантеон» есебінде құрметтейді. Пантеон- құдайлар мекені дегенді білдіреді. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған, қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті жерлердің бірі болып саналады.
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. Ахмет Йасауи кесенесінің шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған.
Тақтамен жұмыс:
1 тапсырма. Мазмұны жағынан бір-бірімен ұқсас кесте ұяшықтарын сәйкес сандармен белгілеп,сәйкетерін бірдей түспен боя.
Сәулет өнері «құдайлар мекені»
Пантеон Үстіне киіз үй орнатылған арба
Дың Құрылыс, тұрғын үй салужәне жобалау өнері
Күйме «Үйтас»
2 тапсырма.Мына кесенелерді картаға орналастыр.
1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
2. Жошы хан кесенесі
3. Айша бибі кесенесі
4. Қарахан кесенесі
3 тапсырма.Тірек сөздерді пайдалана отырып Қожа Ахмет Йасауи кесенесін сипаттап бер. Тірек сөздер: Әмір Темір, тайқазан, кітапхана, мұсылмандар, Әзірет Сұлтан.
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4._______________________________________________________________
5._______________________________________________________________
Сабақты қорытындылау.
Қазақстанда салынған әрбір сәулет өнері біздің тарихи байлығымыз. Біздің міндетіміз оларды қорғап,сақтау. Одан әрі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, әр азамат тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
Үйге тапсырма беру.
1.Сәулет ескерткіштерін оқу
2.Өзің тұратын қалада тарихи ескерткіштер болса олардың тарихын жазып кел.
Оқушыларды бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |