Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары


«Әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары

«Әскери  коммунизм» саясатының экономикалық салдары

Сабақтың тақырыбы: «Әскери  коммунизм» саясатының экономикалық салдары

Сабақтың мақсаты:

1.Азамат соғысы кезінде енгізілген әскери  коммунизм саясатының мәнісі туралы,  Кеңес  үкіметінің күш қолдану шаралары, әскери  коммунизм саясатының  қиыншылықтарымен,  экономикалық салдарымен   оқушыларды  тереңірек  таныстыру;

2. Қоғамдық  қатынастардың  даму сатысының бұзылу  себептері,  оның  зардаптары мен  залалдарының  Қазақстан  тарихындағы  орнын  айқындау.  3.Оқушылар  санасындағы отаншылдық,  ұлттық  тәуелсіздік, тәуелсіз  мемлекет  идеяларын  жандандыру;

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивт

Көрнекілік: карта, сызба, слайдтар

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Қазақстан азамат соғысы және шетел интервенциясы жылдарында.

-Азамат соғысының болу себептері?

-Азамат соғысы барысында қандай ірі оқиғалар болды?

2. Кестелермен жұмыс

 

  • Артығын ата
 А. Дутов, Колчак, В.И. Ленин, Анненков
Ә. Жанкелдин., А. Байтұрсынов., А. Иманов., Б. Қаратаев.
М.Г. Летуов, Г.И. Муляр, Ө. Ыбыраев, М.В Фрунзе
М.Н.Тухачевский, М.В Фрунзе, А.И Миронов, В. Чапаев
  • Керекті сөзді тауып қойып, сөйлемді толықтыру
  • Семантикалық кесте          Берілген ұғымдарды сәйкестендіру
  А. Дутов А. Колчак А. Анненков
Сібір   *  
Жетісу     *
Адмирал   *  
Орынбор *    
«Монғол» кемесі     *
 Алашорда *    
Ақтөбе   *  
Фрунзе   *  
Лепсі уезі     *

 

8 млн.
1918 ж. күз
     37

3.Сергіту тапсырмасы:  «Таза тақта» ойынын ойнату (Слайд) Тақтада азамат соғысына байланысты бірнеше тарихи жылдаркөрсетіледі.. Оқушылар бұл жылы не болғанын айту керек. Дұрыс айтылса тақтадан ол тарихи жыл алынады. Ең соңында таза тақта қалу керек.

1920 ж.

наурыз

25 мың
1918-1920

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Әскери  коммунизм саясаты                                                                                           

1.«Әскери  коммунизм» саясатының мәнісі

2.«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты (1918–1921 жж.) .

3.Жер және өнеркәсіп орындарын национализациялау

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты  Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен,  адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық дағдарыс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді.

Сұрақ қою:

-Бұл саясат неліктен енгізілді деп ойлайсыздар? (Оқушылардың жауабын жазып қою

2. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­тының белгілерін анықтау:

       Әскери коммунизм саясатының                                 

                      белгілері

Азық-түлік салғырты
Жеке саудаға тыйым салу
Азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету
Өнеркәсіптерді мемлекет меншігіне көшіру
Еңбек міндеткерлігі
Басқаруды орталықтандыру
Бірыңғай мемлекеттік бюджет

3. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­тының қалай орындалғаны жөнінде анықтама жазу

Топтық тапсырма:

І-топқа :  Азық-түлік салығы .( Оқушылар топ болып жұмыс жасап, плакатқа жазып қорғайды.)

ІІ-топқа:  Өнеркәсіптерді мемлекет меншігіне көшіру. (Картаға  мемлекет меншігіне берілген кәсіпорындар атын жазу)

ІІІ-топқа:Еңбек міндеткерлігі ( Еңбек міндеткерлігінің қандай түрлері болғанын анықтау)

 

4. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты кезіндегі халықтың әрекеті. Тірек сызба құрастыру

¯  Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аудандарында астық дайындалды

¯  Қостанай уезінен   6млн. пұт астық жиналды

¯  Қарғалы шұға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады

¯  Майдан апталықтары өткізіліп,  астық, киім-кешек жиналды

¯  1920жылы Атыраудан  Ресейге 600 мың пұт мұнай әкетілді.

¯  Семейде 500жұмысшы сенбілік ұйымдастырып , паравоздарды тегін жөндеуден өткізді

¯  1919 ж.желтоқсан-Александров-Гай-Ембі темір жол желісі салынды

¯  Петропавл-Көкшетау темір жол желісі салынды

Қорытынды: Қазақ өлкесіндегі халық азамат соғысының қиындықтарына қарамастан өз елінің өркендеуіне үлес қосты.

Проблемалық сұрақ: Қазақ өлкесіндегі халық  неліктен осыншама жанқиярлықпен еңбек етті?

Оқушылардың жауаптары

ІҮ Сабақты бекіту:

1. ҰБТ тестерінен   «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты тақырыбына қатысты сұрақтарды табу, дұрыс жауабын белгілеу.

  1. 3 жолдық тұжырымдама  жазу
  2. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты Кеңес мемлекетінің азамат соғысы жылдарында жеңіске жетуін қамтамасыз етті
  3. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер  күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.
  4. Большевиктердің социалистік тәжірибелерге дайын еместігін көрсеткен жағдайлар қалыптасты.

Ү. Рефлекcия: Бүгінгі тақырыбымызды мына суретпен байланыстыруға болады ма?

Ел президентінің биылғы “ Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Жолдауы  болуы мүмкін экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін жолданды.Қазір бүкіл әлем дағдарыс жағдайында және осы дағдарыс Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Шындап келгенде, бұл – дағдарыспен күрес емес, дағдарыстың алдын алу шарасы. Мемлекет тарапынан халыққа үлкен көмектер жасалмақ.

- Осы екі экономикалық саясатты салыстыратын болсақ қандай ерекшеліктері бар?

- Қай экономикалық саясатты қолдайсыздар?

Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың  «еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында  жан теріңмен еңбек ет, жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген сөзімен аяқтағым келеді.

Ү. Оқушыларды бағалау: Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Бағалау парағы бойынша бүгінгі сабағымыздың үздігін анықтайық.

( Бағалау парағында көп балл жинаған оқушының атын атау)

ҮІ.  Үйге тапсырма: 1.«Әскери  коммунизм» саясатының экономикалық салдары оқу;

2. Ақтөбе облысы «Әскери  коммунизм» саясаты  жылдарында мәліметтер жинау

Қазақстандағы әскери коммунизм саясаты

Кеңес еліндегі сияқты Қазақстанда да азамат соғысы жағдайында  ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта «Әскери коммунизм»  деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.

1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы «салғырт» енгізілді. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз  ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді. Өлкеге азық-түлік дайындауға 11500 –ге жуық жұмысшы келді.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді.

Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді.

Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік  инфрақұрылымдары   мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.

Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар.Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды

Азамат соғысы жылдарында енгізілген «Әске­ри ком­му­низм» жылдарында Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.

Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді.

Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді.

1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.

Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті

 

 

  1. «Әскери  коммунизм» саясатының Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері

1. Өлкенің адам және материал байлықтарын игеру күштеу әдістерімен жүргізілді

2. Ұсақ өндірушілер майдагерлік артельдерге  біріктірілді

3. Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді

4. Егістіктерді суландыру, ,жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді.

5. Өлкеге азық-түлік дайындауға 11500 –ге жуық жұмысшы келді.

4. Қазақстандағы «Әскери  коммунизм» саясатының  нәтижелерін оқулықтан анықтату және жаздырту.

5. 1921 жылғы жұт пен аштық.  Қазақстандағы  шаруалар толқулары.

ІҮ. Қорытынды.

-Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер  күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.

-Елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті

-Большевиктердің социалистік тәжірибедерге дайын еместігін көрсеткен жағдайлар қалыптасты.

Ү. Оқушыларды бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: « Әскери  коммунизм» саясаты.  Мәнжазба, сөзжұмбақ


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазан төңкересі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ САЯСАТЫ
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Кеңес одағы
Америка Құрама Штаттары. Канада
КСРО-да тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Азамат соғысы
Қазақстандағы азамат соғысы (1918-1920 жж)
Қазақстандағы азамат соғысы (1918-1920 жж)
“Әскери коммунизм “ саясатының экономикалық салдары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 51485 | Қосты: Нуртаева Айнаш Аленовна | Ілмек сөздер:
avatar
• 26 декабря 2014 15:28
Сабағыңыз жоспары жақсы құрылған.Тапсырмалары орындауға ыңғайлы.Қосымша мәліметтермен толықтырылған.Сізге шығармашылыө табыс тілеймін. applause
avatar
• 26 декабря 2014 16:41
Рахмет! Ұнағанына қуаныштымын! Келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, сізге де творчестволық табыс тілеймін!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык