Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2395 |
|
|
|
Тас дәуірін қорытындылау
Тас дәуірін қорытындылау
Сілтеме
Ежелгі Қазақстан тарихы Садықов Т.С. Төлеубаев Ә.Т. Халидуллин Ғ. Сәрсекеев Б. Слайдтар.
Жалпы мақсаты
а) білімділік: Оқушылардың тас дәуірі туралы алған білімдерін жан-жақты тексеру барысында білімдерін жүйелендіру;
ә) дамытушылық: алған білімдері арқылы ой қорыта білуге, өз ойын жеткізе білу, өз-өзін бағалай білу қабілеттерін дамыту;
б) ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, әділдікке,шапшаңдыққа, ізденушілікке баулу
Міндеттері
Әртүрлі тапсырмалар орындау мақсатында оқушылрдың білімінің жан-жақтылығын тексеру, нақты жауап беруге, шынайы бағалауға дағдыландыру
Күтілетін нәтиже
- өзіне, бір-біріне деген сенімділіктері орнайды;
- еркін ойлауға мүмкіндік алады;
- айтылған ойды негізгі ақпарат көзімен салыстыра алады;
- сұрақтар мен жауаптарды нақтылай алады;
- топтарда пікірін тыңдата отырып ой қорыта біледі;
- шығармашылықтары дамиды;
- АКТ-ны пайдалана алады;
- қосымша ақпараттар арқылы ой-өрісін кеңейтеді;
- бірін-бірі бағалай алады.
- Берілген тапсырмаларды жүйелі орындай алады;
Тапсырмалар
- жеке жұмыс
- топтық жұмыс
- шығармашылық жұмыс
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады?
а) «Тілек тіле досыңа» тренинг /5 мин/ (Ортаға шығып бір-бірінің қолынан ұстап тұрып тілек айтады)
б) сабақ жоспарымен таныстыру (бағалау парағы бойынша) /2 мин/
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? - тас дәуірінің даму ерекшеліктерін саралай алады;
- суреттер арқылы ой қорытады;
- тас дәуіріне байланысты күнделікті өмірден мысал келтіре алады;
- Тапсырмалар орындай отырып өз ойын басқамен бөлісе алады;
- пікірлесе отырып өзін және өзгені оқыта алады;
-тас дәуірі туралы тақырыптың мәнін аша алады;
-тас дәуірі ескерткіштерін картадан көрсете алады;
-дәуірлеу жылдарын ажырата біледі.
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? 1. «Уақыт шеңбері» /2мин/
- әр оқушы білгенін ортаға салады;
- басқаларды түсіну үшін ой бөліседі.
2. Тас дәуірі туралы постер құрастыру /3мин/
- тапсырманы әр топ өзі таңдайды;
- тапсырма экранда торкөздер арқылы беріледі.
3. Қорғау /5мин/
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу 4. «Суреттер сөйлейді» /2мин/
- экранда суреттер беріледі;
- сол суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
5. Қорғау /4мин/
6. «Менің тарихым» /3мин/
- берілген сұрақтарды картада орналастыру.
7. Сергіту сәті /2мин/
8. Тест жұмысы (7 сұрақ) /5 мин/
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру 1. Кері байланыс орнату /2 мин/
2. Мұғалімнің қортынды сөзі /1мин/
3. Үй тапсырмасы. § 1-6 оқу қайталау «Тас дәуірі тақырыбынан менің түйгендерім» эссе жазу (1 мин)
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау Оқушылар өз-өзін бағалайды, бірін –бірін бағалайды, стикер арқылы бағаланады. Спикер анықталып бағалау парақтары беріледі.
№ Аты-жөні «уақыт шеңбері «Тас дәуірі» постер құру Постерді қорғау Суреттер сөйлейді Картамен жұмыс рефлексия Тапсырма ұпайы Тапсырма бағасы Тест бағасы Ортақ баға
1
Бағалау критерийлері бойынша мұғалімнің бағалауы қоса ескеріледі.
5-тен жоғары «5» 3- тен жоғары «4» 2-ден жоғары «3»
Тест: 7-6 – «5» ; 5-4 – «4»; 3 – «3»; 2-1 – «2»
4 – кезең тапсырмлары « Картамен жұмыс»
1-топ
Жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездесетін , оған қарап сол кездегі адамдар құс, балық аулау, терімшілікпен айналысқанын білуге болады. Қазақстанның қай аймағынан бұндай заттар табылған?
2- топ
Шақпақ (кремний) тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездескен жерді картадан көрсет
3- топ
Бұл жерден 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған. Жерлеу орындарының үстіне тас үйілген. Бұл қай жерден табылған ескерткіштер?
4- топ
Бұл өңірден табылған қоныстар құрал-саймандарға өте бай. Өткір ұсақ сынатастар ұштар, кескіштер, құрамалы құралдар табылған. Қазақстанның қай аймағы деп ойлайсыңдар?
5- топ
Бұл тұрақтардан үй малының сүйектері табылған. Бұған қарап олардың мал шаруашылығымен айналаысатынын байқау қиын емес. Бұл қай жер?
1 нұсқа
1. Ең ежелгі адамның еңбек құралы
А) Үшкір тас В) Бумеранг С) Болас
2. Неолит дәуірінің ең үлкен жаңалығының бірі
А) Қыш құмыра жасауды үйрену В) Егіншіліктің пайда бола бастауы С) Аңшылықтың жедел дамуы
3. Малды қолға үйрете бастау қалыптасқан кезең
А) Ерте полеолит В) Орта полеолит С) Мезолит
4. Тас дәуірін (палеолит) қамтитын кезең
А) б.з.д. 12-5 мың жыл В) б.з.д. 2 млн 600 мың-12 мың жыл С) б.з.д. 100-75 ғасырлар
5. Жер бетінде 40-35мың жыл бұрын өмір сүрген адам:
А) "Епті адам" В) Питекантроп С) "Саналы адам"
6. Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі
А) Тайпалық В) Рулық С) Тері илеушілер мен егіншілер ұйымы
7. Орта тас ғасырындағы балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы
А) Жетілдіру В) Бағыштау (инициация) С) Дағдыландыру
2 нұсқа
1. Ең ежелгі "епті адамның" мөлшермен өмір сүрген мерзімі.
А) 1 млн жыл бұрын В) 1 млн. 750 мың жыл бұрын С) 100-35 мың жыл бұрын
2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі
А) Рулық В) Тайпалық С) Тобыр
3. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең
А) б.з.б. 140-40 мың жыл В) б.з.б. 40-12 мың жыл С) б.з.б.5-3 мың жыл
4. Алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дәуір
А) Ерте палеолит. В) Орта палеолит. С) Мезолит
5. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі
А) Терімшілік В) Егіншілік С) Аң аулау мен балық аулап күнелту
6. Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі
А) Синантроп В) Неандертальдық С) Кромонондық
7. "Қыш құмыралар заманы" деп аталатын дәуір
А) Неолит В) Мезолит С) Энеолит
3 нұсқа
1. Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді:
А) Синантроптар В) Неандертальдықтар С) Кроманондықтар
2. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы:
А) епті адам В) синантроп. С) неандерталь
3. Қазақстан жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі
А) б.з.д. 5 мың жылдыққа тән В) б.з.д. 10 мың жылдыққа тән С) б.з.д. 7 мың жылдыққа тән
4. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең
А) б.з.б. 140-40 мың жыл В) б.з.б. 40-12 мың жыл С) б.з.б.5-3 мың жыл
5. Егіншіліктің пайда болу мерзімі
А) 10 мың жыл бұрын В) 50 мың жыл бұрын С) 30 мың жыл бұрын
6. Мезолит заманының үлкен жаңалығы болып саналатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар атауы
А) Қырғыш В) Бифас С) Микролит
7. "Саналы адам" сүйегі алғаш рет табылған үңгір
А) Неандерталь В) Кро-Маньон С) Олдувай
4 нұсқа
1. Неолиттік саздан жасалған қыш ыдыс атауы
А) Астау В) Көзе С) Тостаған.
2. Мезолит заманының басты жаңалығының бірі
А) Тобырдың қалыптасуы В) Садақ пен жебенің жасалуы
С) Мал шаруашылығының қалыптасуы
3. Орта тас ғасыры қамтитын кезең
А) б.з.б.1 млн. 750 мың жыл бұрын В) б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын С) б.з.б.12-5 мың жыл
4. Адамдардың дән үккішті ойлап тапқан кезеңі
А) Полеолитте В) Мезолитте С) Неолитте
5. Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары
А) Шөп тамырлары В) Ағаш қабықтары С) Жануарлардың сіңірлері
6. 1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір
А) Тесіктас В) Арыстанды С) Бөріқазған
7. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең
А) б.з.д.12-5 мың жыл В) б.з.д.5-3 мың жыл С) б.з.д. 3-2 мың жыл
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |