Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2920 |
|
|
|
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Тақырыбы XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Сабақтың мақсаты: Еліміздің азаттығы жолындағы Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістердің ұлттық тарихи маңызын көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістердің себептерін, мақсатын түсіндіре отырып, салыстыра білу, өз пікірлерін дәлелдермен тұжырымдау дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, халқын сүюге баули отырып , патриоттық сезімдерін ұштау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы.
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, топпен жұмыс.
Ұйымдастыру :
Кенесары Қасымұлына мінездеме беріп өтейік:
1.1802 жылы туған. Абылай ханның немересі.
Жастайынан ат құлағында ойнаған.
Құралайды көзге атқан мерген болған.
Қара қылды қақ жарған әділ болған.
Ерік жігерімен, қажымас қайратымен батыл болған.
Ұйымдастырушылығымен көзге түскен.
2.Сызбаны толықтыр және негізгі себепті белгілеп көрсет.
Кенесары Қасымов көтеріліс себептері. 1)……………………………………………………………………………………….. 2)………………………………………………………………………………………… 3)…………………………………………………………………………………………
3. Сызбаны толықтыр
Көтерілістің мақсаты
Көтеріліске қатысқан туыстары
Көтеріліске қатысқан батырлар
Жеңілу себебі
4.Мәтіндегі түсіп қалған сөздерді орнына қойып жаз.
1836-1838 жылдары шаруалар көтерілісінің басты себебі - ордасында халық ханның саясатына қарсы көтерілді…. ордасы…. мен Жайық өзендерінің аралығында орналасты. Көтерілісті….пен……басқарды. Исатай батыр үкімет әскерімен соғыста қаза болды , ал…….көтеріліс күшпен басылғаннан кейін патша тыңшыларының қолынан қаза тапты.
5.Топпен жұмыс. Әр топқа тапсырма беру: І-топ: 1837-1847 жылдардағы күрестің алғы шарттары, мақсаты, сипаты. ІІ-топ: Кенесары Қасымұлы- тұлға, қаһарман батыр, хан, қолбасшы, дипломат, шешен, мемлекет қайраткері. ІІІ-топ: Ұлт-азаттық күрестің барысы, жеңілуі, тарихи маңызы.
Бекіту:
Тест сұрақтары таратылады.
Қорытынды сұрақтар:
1.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс пен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің ерекшелігін, ортақ белгілерін,сипатын ата.
2. 1836-1838, 1837-1847 жылдар аралығында болған көтерілістердің қамтыған жерлерін картадан тауып, салыстырыңдар.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
1.Тақырыпты оқып келу.
2.«Аңыз адам» -Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы , Исатай Тайманұлы туралы қызықты деректер жинап келу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |