Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Металдан әр түрлі бұйымдар жасау


Металдан әр түрлі бұйымдар жасау

Металдан әр түрлі бұйымдар жасау

Сабақтың тақырыбы:   Металдан әр түрлі бұйымдар жасау

 Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларды топса жасау технологиясымен таныстыру, сызба бойынша шартты белгілерді оқи білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушылылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру.Қаңылтырдан топса жасау технологиясын меңгеру, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс тудыратын бұйым жасап шығаруға үйрету;
3. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Баяндау, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың түрі: Теориялық, сарамандық.
Сабақтың көрнектілігі: Үлгі, технологиялық карта.
Құрал – жабдықтар: Қаңылтыр, балға, кемпірауыз, төс, қарындаш, сызғыш, темір кескіш қайшы, бұрғы, арнайы қысқыш.
Пәнаралық байланыс: Сызу.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
а. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
ә. Сабаққа дайындығын тексеру. 

ІІ.Үй жұмысын қайталау.
1. Бөлшектерді біріктіру дегеніміз не?
2. Ойма кесу дегеніміз не?
3. Ойма бөліктерін ата?
4.Ойма  кескіш құралдарды ата?
5. Металдарды  бір-біріне қалай біріктіреміз?
6. Сыртқы ойма кескіштері дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабақ:
Металл өндірісіндегі кеңінен қолданылатын күрделі мамандықтың бірі ұсталық және зергерлік өнер. Оны өндіріс салалрының көпшілігінен кездестіреміз. Ұста мен зергер әр түрлі металдардан сан алуан бұйымдар сәндік әшекейлер жасайды. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір, шойын, алтын, күміс сияқты түсті металдардан бұйымдар жасау ісі өте ерте заманнаң басталған. Ерте заманда қазақ халқының арнайы шеберханасы, дүкендері болмаған, соған қарамай ұсталар мен зергерлер қысы, жазы киіз үйде ж ұмыс істеген.

1. ¥сталар:

ағаш ұстасы және темір ұстасы деп бөлінген.
Ағаш ұстасы жұмыс түріне байланысты балташы, оймашы, үйші жэне тоқымашы деп бөлінген.
Балташылар - негізінен қайық, арба, шана жасаумен айналасқан.
Оймашылар - әр түрлі ағаштан үй жиһаздары мен ыдысаяқ жасаған.
Үйшілер - негізінен киіз үй сүйегін жасаумен айналысқан.
Тоқымашылар - талдардан әр-түрлі себет, шарбақ және шараушылық бұйымдар тоқыған.
Темір ұсталары - жұмысқа қажет бұйымдарды жасаумен қоса, қажет кезінде соғыс қаруларын жасаған.

2. Зергелер: Негізгі кәсібі алтыннан, күмістен, жезден, мыстан әр-түрлі әшекей-бұйымдар жасаумен айналысқан,

3. Ісмерлер: Әр-түрлі материалдардан киімдер тігумен және қой жүннен сырмақ, алаша, т.б. тұрмысқа қажетті заттар жасаған.

Зергерлік бұйым

Тұрмыс – салт әбзелдері

киім үлгілері

әшекей

күміс ер

зер шапан

моншақ

күміс жүген

оқалы камзол

сырға

өмілдірік

кестелі кимешек

білезік

құйысқан

кісе белбеу

шашбау

тартпа айылбасы

сәукеле (эерлі қасаба)

сақина

үзеңгі

кемер белбеу

 

торсық

 

 


 

 

 

 


 

Зергерлер өте нәзік құнды заттармен айналысқан – сақина, білезік, алқа, сырға жасаған. Ұсталар қара темірді қамырша илеп, күнделікті қажетті бұйымдар жасаса, зергерлер өз бұйымдарына түсті металдарды қолданған.
Темірден жасалған бұйымдар. Темірдің түрлері өте көп, оның ішінде сым темір, аллюминий, мыс, темір, қаңылтыр. Соның ішінде біздің бүгін танысатын темірдің түрі қаңылтыр. Атап айтсақ қаңылтырдан топса жасау.

 

Топса аса қажетті заттардың бірі. Бұлар сандық, асадал, тіпті ашылатын кез келген бұйымның аса қажетті бөлігі болып табылады. Ертеде зергерлер мен ұсталар сандықтың топсасынан бастап үлкен есікпен қақпалардың топсаларын өз қолдарымен жасаған. Топсаны  оңай әрі тез игеру үшін, жұмсақ материалдан жасап көреміз. Қажетті заттар: кемпірауыз, қысқыш, сызғыш т.б құрал-саймандар.  Жұмыс істемес бұрын  қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.

1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама
5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме.
6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса мұқият бол.
7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.
8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол.
9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінщі қолыңды соғып алма.
10. Балға мен бедерлегішті (шекігішті) осылай ұста!

 Шеберхананың іші таза, жұмыс істеуге ыңғайлы жинақы болуы тиіс. Арнайы киім кию керек. Жұмыс кезінде көршіңе сөйлеп, бөгет жасамау керек. Жұмыс кезінде мұқият болу керек.

Қауіпсіздік ережесін сақтап, құрал –саймандарды дайындап алғаннан кейін берілген өлшем бойынша тегістелген қаңылтыр бетіне топсаны сызамыз және екі бөлек кесіндіні дайындаймыз. Топса айқасу үшін екі бөлшектің бірін ортасынан ал екіншісін екі жағынан қайырып берілген мөлшермен бірдей етіп кеседі. Егер өлшемдер бұзылса екі бөлік айқаспай немесе айқасу өлшемі кең болып қалады. Мұндай жағдайда топсаның қызметі нашарлайды. Қайырылатын топса бөліктерінің ортасына кішігірім қатты темір қойып, өлшеміне қарай кеседі немесе оған ұсақ 20-25 мм ұсақ шегеніде пайдалануға болады.Топса бөлігінің алдымен біріншісі қайырылып, шегеге еркін беттестіріледі. Ал екіншісі екі жанындағы бүртігі еркін орнығатындай жіне әрі-бері еркін жылжитындай болуы тиіс. Топсаның көлденеңнен ауытқуына жол бермеу керек. Егер олар солқылдап тұрса, ұзаққа жарамайды. Барлық талаптарға сай орындалған топсаның 4 бұрышынан бекініс тесіктерін жасаймыз. Топсаның кесілген шеттерін егеумен, ысқыш қағазбен өңдейміз, бұрышының қырларын кетіреміз.

ІV. Бекіту:

  1.  Металдың қандай түрлері болады?
  2.  Металдың қасиеттері туралы не білесіңдер
  3. Қауіпсіздік ережесін сақтаймызба?
  4. Топса туралы не білдіңдер?

 

V. Бағалау:

VІ. Үйге тапсырма:  Металдан әр түрлі бұйымдар жасау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәндік қолданбалы өнер
Ойма кескіш аспаптар және сыртқы ойма кескіштер
Металды көркемдеп өңдеу
Металды көркемдеп өңдеу
Сымдарды ию, жалпақ сымдарды шегемен бекіту
Сандық жасау технологиясы
Қаңылтырмен көркемдеп безендіру
Сызба бойынша ағашқа белгілер түсіру. СТД-120 станогін жұмысқа дайындау
Қарапайым бөлшектерді өңдеудің технологиялық картасын жасау
Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері.
Бөлім: Уроки / Технология | Көрсетілім: 17920 | Қосты: Сапаров Бөлтірік Жалғасұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык