Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ахмет Байтұрсынов «Ақын ініме»


Ахмет Байтұрсынов «Ақын ініме»

 

Ахмет Байтұрсынов «Ақын ініме»

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Ақын ініме»

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін толықтыру, оның қазақ тілі мен әдебиеті тарихында алатын орнын,  маңызын таныту, «Ақын ініме» өлеңін оқытып,  идеясын меңгертіп, талдау жасау;

дамытушылық: оқушыларды шығарманың идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге үйрету;

тәрбиелік: ақын мұрасына құрметпен қарауға,  көркем әдебиетті, поэзияны сүйе білуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу, пікірлесу.

Сабақтың түрі: жаңа  сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақтың құрал-жабдығы: интерактивті тақтаға дайындалған көрнекіліктер мен сызба  тапсырмалар, Ахмет Байтұрсынұлы  суреті,  ақын туралы дәйексөздер, кестелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,  оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Слайд

Мұғалім сөзі: Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет және ірі қоғам қайраткері – Ахмет  Байтұрсынов болатын.

Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.
Ал, құрметті оқушылар алдарыңа қағаз үлестіріп беремін. Сол қағазға өзіміз білетіндей, біз төменгі сыныптарда да Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныспыз, кестеге  не білетіндіктеріңді және не білгілерің келетінін жазып, толтырыңдар.

 

          Білемін

      Білгім келеді

         Үйрендім

 

 

 

 

(2-3 оқушыдан сұраған соң...)

Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:

«…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті»

Иә, сонымен Ахмет Байтұрсынұлы расында кім болып,  қандай  адам болғанын білу үшін, алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша дайындалып келген  оқушыларымызға берсек.

І топ: Бізге «Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілін зерттеуші» деген тақырып берілген. Біз осы тақырыбымыз бойынша көптеген мәліметтер қарастырдық.

1-оқушы: Ахмет Байтұрсынов  кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартса да,  оқуды армандаған.Осы мақсатпен ол  оқу іздеп Орынборға барады. Ыбырай Алтынсарин салдырған  мұғалімдер даярлайтын оқу орнына – «Учительская школа» дегенге түседі.  Мұнда  төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді, бала оқытуға кіріседі. 13-14 жыл бойы мұғалім болып жүрген кезінде,  оқыту ісіне қажетті жағдайларды ойлайды. Ең алдымен,  қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары бар ма,  үкімет тарапынан ашылған мектептер бар ма,  үшіншіден ондай мектебі мен әліпбиі  мен мектебі болған  күнде қазақ  тіліндегі «Әліппесі» мен  ана тілі оқулықтары бар ма,  баланы ана тілінде оқытудың тиімді әдістері қайсы – міне, осыларға назар аударады. Әрине, бұлардың бірде-біреуінің жоқ екенін  біледі және осыларды дүниеге әкелмейінше  қазақ даласындағы оқу-ағарту  ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес екенін  жақсы түсінеді.

2-оқушы: Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдан бастап қазақ жазуымен айналыса бастайды.  Ахмет Байтұрсыновтың  араб жазуын қазақ тіліне икемдеген  нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер ешбір талассыз қабылдады, себебі Байтұрсыновтың реформасы  қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. 1915 жылдың өзінде осы емлемен 15-тей қазақ кітабы басылып шығады. Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов реформалаған  араб жазуы  өз кезеңінде  қазақ мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған,  қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа  жұмысының жандануына қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды.

3-оқушы: Ахмет Байтұрсынов – қазақ балаларының  ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазған. Ол «Оқу құралы» деген атпен  алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылды. 7 рет қайта басылып,  оқу-ағарту жұмысында кең әрі ұзақ қолданылды. 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазады,  бұл осы күндегідей суреттермен жабдықталған  оқулық болды. Ахмет Байтұрсынов мектепте қазақ тілін пән ретінде  үйрететін  оқулық жазуға кіріседі. Ол – «Тіл - құрал» деген атпен үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі – фонетикаға, екінші бөлімі -  морфологияға, үшінші бөлімі – синтаксиске арналады.  Қазақ тілін танып-талдауда – термин жасаудағы іс-әрекетін  ерекше атау керек. Себебі, ол  осы күні қолданып жүрген – зат есім, сын есім, етістік,  есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш,  баяндауыш, қаратпа сөз,  леп белгісі, сұрау белгісі деген сан алуан сөздер Ахмет Байтұрсыновтікі.

4- оқушы: Ахмет Байтұрсынов өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды. Ол әуелі алдымен қазақша сауат аштыруды көздеді, бұл үшін әліппе – «Оқу құралын» жазған, одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен граммматикалық құрылымын ана тілінде талдап, пән ретінде оқып үйренуді мақсат еткен, бұл үшін үш бөлімнен  тұратын «Тіл – құралды жазған», үшіншіден дұрыс жазып,  дұрыс оқып, дұрыс сөйлеуге көмектесетін «Тіл жұмсарды» жазған, төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту методикасы үшін «Баяншыны», «Әліппе астарын» жазған,  бесіншіден балалардың тілін ұстартып, оларды көркем  сөзге баулуды көздеген,  бұл үшін үлкен хрестоматия құралын құрастырған.  Ол да «Оқу құралы» деп аталған.

Міне, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі істері мен жасаған еңбектері осындай.

ІІ топ. Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиетін зерттеуші.

1-оқушы: Ахмет Байтұрсыновтың қызметі тек тіл білімі саласында ғана емес, әдебиеттану саласында да  айрықша зор болды.  1923 жылы «Ер Сайын»  жырын Москвада жарыққа шығарады.1926 жылы «26 жоқтау» атты жинақ түзіп оны да Москвадан шығарады. Мұнда да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері берілген. Әдебиетке қатысты ой-пікірлерін білдірудің басы деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылдың 39-41 сандарында жарияланған «Қазақтың бас ақыны» деп аталатын көлемді мақаласын  атауға болады.  Бұл – Абай Құнанбайұлы туралы жазылған тұңғыш, алғашқы еңбек болып саналады.  Ақынның  «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті  тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы және  бүгінгі әдебиеттану саласының басы. Мұнда да әдебиеттану саласының терминдерін өзі ұсынған және олар күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

2-оқушы: Ахмет Байтұрсыновтың  ақындық таланты да, позтикалық мұрасы да оның өте дарынды, күшті, ойлы ақын екенін танытады.  Оның өлеңдері  «Маса», «Қырық мысал» деген аттармен  Санк –Петербург,  Қазан, Орынбор қалаларында басылып 1912 дылдан 1922 жылдарға дейін жарияланып тұрған.

 «Қырық мысал»  орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан  аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдері. Ақынның ідеби шығарманың діл осы  жанрын таңдауында үлкен мән бар.  Мысал – қазақ халқына да жақын,  ғибрат айтып жақсылыққа шақырудың  ең ұтымды амалы.

3-оқушы: Ахмет Байтұрсынов – ақын.  «Маса»  жинағындағы ақынның өлеңдері өзінің төл туындылары.  Мұхтар Әуезов «Қырық мысалды»  қалың қазақ жұртының алғашқы естіген  төңкеріс рухындағы сөзі десе, «Маса»  қазақ оқушысына естілген екінші елшілдік ұран деп баға берген.  Бұл жинақтағы автордың өлеңдері ақын Байтұрсыновтың  азаматтық борышының, арман-мақсатының толғауы.  Өлең иесі аяқтары ұзын, сары маса  болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятып, жыланнан сақтандырмақшы:

Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,

Жыланды біле делік аңдып баққан,

Бәленің түрін көрген мен сары маса,

Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан.

4-оқушы: Ахмет Байтұрсынов – публицист. Өз кезеңі үшін мәні зор «Қазақ» газетінің редакторы болған. «Айқап» журналының беттерінде де өз ой-пікірін жиі білдіріп отырған. Ақынның публицистикасы көбіне мақала түрінде келеді. 1912-1915 жылдар аралығында  отыз шақты мақала жазған. «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Білім жарысы», «Оқыту жайынан», «Шаруа жайынан», «Қазақ өлкесі» деген мақалалары бар.  Ақынның публицистикасын тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де көреміз.  «Жизнь национальностей»  атты журналда «Революция және қазақтар»,  «Тағы да Қазақстандағы аштық жайында» атты  мақалалары жарық көрді.

Фонмен бір жақтан Ахмет көрінеді. Рөлінде  Айдос оқушы, қасында Міржақып – Марат оқушы, соңынан Анель оқушы Ақтөбелік ақын Әкімәлі Қаржауовтың өлеңін оқиды. Оқушыларға неге атылып, айдалғанын, заманын түсіндіру

 Мұғалім сөзі: ал енді оқушылар  «Ақын ініме» атты өлеңі бұл да қазақтың біртуар перзенті Міржақып Дулатұлына арналған. (мәлімет слайд)

Оқушыларға өлеңді оқу. 1-2 оқушыға оқыту

Ақын ініме

Азырақ құлағың сал, ақын інім,

Ойымыз, рухымыз жақын інім.

Ағалық правосын қолыма алып,

Келемін айтайын деп ақыл, інім!

Өзімді ағаңмын деп үлкейтемін,

Онымды көремісің мақұл, інім.

Адасқан ағаңыздың жері болса,

Тілеймін ете гөр деп ғапу, інім.

Жай жатсаң, жаңылмайсың, адаспайсың,

Күресте кім кетпейді ғапыл, інім.

Ат қойған аз-көбіне қарамастан,

Ақылға біздер жарлы пақыр, інім.

Доңыздай талғамай жеп семіргендер,

Саналып ақылдыға жатыр, інім.

Сүйікті милләтіңе болам десең,

Нашардың көбірек же, хақын, інім.

 Сыйласын десең жұрты қадір тұтып,

Айғырсып момындарға ақыр, інім,

Білімді ел ішінде болам десең,

Шешенсіп, жоқты сөйлеп лапыр, інім.

 

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,

Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім.

Сөзіңдң тыңдатайын десең жұртқа,

Ет асып табақ-табақ шақыр, інім.

 

Аузымен орақ орып бәрін де етер,

Қымызды шара-шара сапыр, інім,

 Ет пенен қымыз беріп сөйлеп көрсең,

Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім.

Ақылың Аплатондай болса дағы,

Қымыз бен еті жоқ құр татыр білім.

Ирония туралы айту. Мысал келтіру

Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды "қоңқағым" деу). Ирония 18 ғасырдың аяғында барынша дамыды. Еуропада - Вольтер, Г.Гейне, Ф.Франс, Б.Шоу, Ресейде Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин, В.В. Маяковский, А.Т. Твардовский, т.б. шығармаларында кеңінен қолданылды. Ирония қазақ әдебиетінде де көп кездеседі. Мысалы, "Айман-Шолпан" жырында Айманның Әлібекті, "Біржан - Сара" айтысында Сараның Жиенқұлды "Мақтауы". Абай иронияны әлеуметтік өмірдегі кемшіліктерді мінеп, шенеуге арнады ("Болыс болдым мінеки", "Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек", т.б.). С.Дөнентаев, С.Торайғыров, А.Тоқмағамбетов, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, Ғ.Қабышев, С.Адамбеков, т.б. Иронияға толы көптеген шығармалар жазды. М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің прозалық туындыларында ирония молынан кездеседі.

Иронияны  тапқызу

Өлеңде ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарында ирониялық сарын басым.
Енді осы өлеңді болымсыз түрде оқып көрелік.
Міне, ақынның нағыз айтар ақылы енді белгілі болды.
                                                     Сұрақ-жауап
1. Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?
2. Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?

3. Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы, міндеті қандай болу керек екенін Ахмет қалай аңғартуға тырысады?
4. Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
Өлең құрылысына талдау

ББҮ кестесін толтырту.

Үй жұмысын беру. Өлеңді жаттап келу. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ахмет Байтұрсыновтың Ғылыми-педагогикалық мұрасы
Ахмет Байтұрсынов «Ақын ініме»
Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Ахмет Байтұрсынұлы және «Қазақ» газеті
Ахмет Байтұрсынұлы, Ақын ініме
Ахмет Байтұрсынов Екі шыбын
Ахмет Байтұрсынұлы Ақын ініме өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
: А.Байтұрсынов. Аққу, шортан һәм шаян
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 5369 | Қосты: Айсулу Шакина Шотбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык