Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош келдің-Әз Наурыз!


Қош келдің-Әз Наурыз!

 

Қош келдің-Әз Наурыз!

 Мақсаты: Наурыз мерекесінің ерекшелігімен таныстыру. Балаларға ата- жолын үлгі тұта отырып, наурыз туралы мәліметтерді, өлең жырларды үйрету. Оның тәрбиелік мәнін ұғындыру. Балаларды мәдениеттілікке, әдептілікке баулу.

Барысы

І- жүргізуші:  Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.

ІІ- жүргізуші:  Естімегендер, естіңдер,

Тыңдамағандар тыңдаңдар!

Наурыз тойын бастайық!

І- жүргізуші:

Келіңдер, наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

ІІ- жүргізуші:

Тойлайық халық тойы Наурызымның,

Шуағын жерге төккен наурыз күнін.

І- жүргізуші:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

ІІ- жүргізуші:

Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

Арқаңды кеңге салшы, уа халайық.

«Наурыз, наурыз» әні орындайтын Тоқташ Салтанат.

І- жүргізуші:

Наурыз- өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде «нау»- жаңа, «рыз»- күн деген сөздерден шығып жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні, ұлыс күн» деп атаған.

ІІ- жүргізуші:

Иә,Наурыз тойына жиналған халайық! Ойын- тойымызды жалғастырайық. Той – тойға ұлассын. Бүгінгі күн- салт – дәстүрімізді жаңғыртып, көсегеміз көгерген күн.

І- жүргізуші:

Айтпақшы, бүгін Капиза әжейдің үйінде қуаныш, той болады деп естідім. Ендеше, бекер отырмайық.  «Қызықтан құр қалма» деген, неге ойын- тойды тамашаламасқа?! Кеттік Қапиза әжейдің үйіне. (Сахнада асық ойнаған балалар, келіні самауыр қайнатып жүрген көрініс) Екі жақтан сахнаға атасы мен әжесі шығады.

Атасы: Ау, кемпір, оның- мұның дайын болды ма? Жақсы хабар жетісімен опынып қалып жүрмеңдер.

Әжесі: Ой, байғұс – ай, тек құлынымның жаны қалсыншы десейші! Өзгесін сонан соң көре жатармыз. (Көрермендер залынан бір топ балалар шулап жүгіріп, сахнаға көтеріледі)

  • Сүйінші, сүйінші!
  • Алақай, алақай!
  • Дүниеге жас нәресте келді!
  • Көкем ұлды болды!
  • Әпкем ұл туды! Сүйінші!
  • Ата, әже, сүйінші! Өмірге немерелеріңіз келді.
  • Ақ түйенің қарны жарылды.

Әжесі: Не дейді? Шын айтып тұрсыңдар ма? Құлыным –ай!

Атасы: Рахмет, қарақтарым. Рахмет міне сүйіншілерің. Ала қойыңдар, қарақтарым, ала қойыңдар. (Балаларға кәмпит, тиын береді)

Әжесі: Ала қойыңдар ,құлындарым.  Қуаныш бәрімізге ортақ.  (сахнаның сыртынан жас келіншек шығады.)

Келіншек: Ата әже немерелеріңізді әкеле жатыр.

Дауыстар:

  • Немерелеріңіздің бауы берік болсын!
  • Қуаныштарыңыз қызықты болып, ұзағынан сүйіндірсін!
  • Жақсылық жақсылыққа ұлассын!
  • Жас тума шаңырақтарыңызға бақыт әкелсін.

Атасы: Қарақтарым ,орта толсын.

(Екі жас келіншек сәбиді үйге алып кіреді. Қонақтармен бірге екі жүргізуші де келеді. Әжелер жас нәресте жолына шашу шашады. Келіншек сәбиді алдымен әжесіне береді)

Әжесі: Ой құлыным –ай, өмір жолың ұзақ болғай! Тілмен көзден аман болғай! Тіфә, тіфә! Құлыным аумаған атасы ғой. Ал, атасы, немереңді сен ал қолыңа.

Қонақ әже: Жо- жоқ, кезекті алдымен бізге бер. Біз атасынан көрімдік аламыз.

Әжесі: Алыңдар, алыңдар, міне, атасы екеуміздің көрімдігіміз. (Көрімдігін береді) Төрлетіңіздер, отырыңыздар, құрметті қонақтар. Дәмнен ауыз тиіңіздер! Бүгін біздің үйімізде той –думан, немереміздің дүниеге келген күні.

Атасы: (Немересін қолына алады) Бақытты , өмірлі бол, қарағым.

І жүргізуші: Ата немереңізге ақ жол тілеп, батаңызды беріңіз.

Атасы: Құлыным, үлкен жігіт бол,

Халыққа сенім үміт бол.

Ата- анаңа, баршаға,

Ұлы бақыт, қызық бол.

Анық ойла шешен бол.

Ел бастаушы көсем бол.

Қорғансызға қамқор бол.

Елеусізге кешен бол.

Бар қазақтың ұлы бол.

Көл қауымның дүрі бол.

Өзің берік бұтағым,

Қайда жүрсең тірі бол.

Әумин!!!

Әжесі: Құрбыларым, келін, сіңілілерім! Ата- бабамыздан қалған дәстүр бойынша бала туған күні сол жанұяда той болып, қалжа сойылады. Қалжа дәмінен ала отырыңыздар. Қымтырылмай, кең отырыңыздар!

Қонақтар: - Рахмет, Қапиза. Ризамын саған. Немереңнің бауы берік болсын.

Әжесі: Тілектеріңді тәңірім қабыл етсін. Айтпақшы ауылдың алты ауызын айтайық.

Келіні: Иә, алты ауыз айтқан адамға әжемнің сыйлығы бар. Гүлназ баста!

Абзал: Жарайды, қоймадыңдар ғой, айтсам айтайын. Дүниедегі ең қымбат жан- ана. Ана баланы өмірге әкеледі. Ана балаға өмір бойы қамқор болады.

«Ана турылы жыр» әні орындайтын Тұрсынхан Гүлназ. (Ән біткен соң Қапиза әжей қызға кәдесін береді.)

Атасы:Жас сәбиге азан шақырып ат қою- парызымыз. Балам болашақта құрметті азамат болып өссін деп, ат қою рәсімін өзіңіз өткізгенді жөн көріп отырмын Мырзеке

Мырзабек ата: Бұл баламыз мереке күні дүниеге келгендіктен , атын Наурызбай қояйын.
Есімің Наурызбай болсын.
Есімің Наурызбай болсын.
Есімің Наурызбай болсын.

Қонақтар: - Иә , біраз отырдық. Енді мына дәмге, өмірге келген жас сәбиге елдің алдында жүріп, еліне қызмет қылсын деген ниетпен бұл балаңызға ақ батаңызды беріңіз (Бата беріледі)
Бата:
Әнет бидей еліңнің ағасы бол,
Халқыңның Қазыбектей данасы бол.
Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған,
Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.
Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол.
Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.
Керейде Белгібайдай білекті бол,
Беріште Исатайдай жүректі бол...

Аумин!!!

Әжесі: Немеремнің қызығына ортақ болғандарыңызға рахмет айтамын. Енді қырық күннен кейін шілдехана тойын жалғастырмақ ойымыз бар. Сол рәсімге қатысуға шақырамыз. Ал, мынау той жыртысы. Алыңыздар. Тойымыз тойға ұлассын! (Қонақтар ризашылықпен аттанады)

І жүргізуші: Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық тола берсін.

Азамат боп еліне біздің жігіт,

Тұғырына биіктен қона берсін!

ІІ жүргізуші: Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы.Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.
Бүгін ендеше біз баланы бесікке бөлеп, бесік жырын айтуды үйренейік.Бесік түгел
ағаштан жасалады. Оның құрылысын да білуіміз керек.

І жүргізуші:
Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған.
Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі.Шашу үлестірілгеннен соң бесікті отпен аластайды.

І жүргізуші:
Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы.Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан.Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.
Келін:
Түбегіңді, шүмегіңді салайын.
Денең таза болсын деп
Бас жастықша салайын
Басың жұмсақ болсын деп
Екі бел көрпе жастаншы
Бел көрпеңді салайын.
Сымбатты, сұлу өссін деп
Тартпа бауды тартайын
Сымға тартқан сүйректей
Денең сұлу болсын деп
Жабуыңды жабайын
Жел, суық тимей қалсын деп.

Әжесі: Енді бесікке салуды аулымыздың қадірменді анасы Аққыз әжелеріңе берейін. Ұлым елге сыйлы болып өссін.
Аққыз әже:
-Ал енді алдымен баламызға жын-шайтан жақындамасын деп бесікті аластап алайын.

Алас,алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш
Алас,алас баладан алас.
Көзі жаманның, көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас
Отыз омыртқасынан алас, - деп пәле- жала, жын- шайтан, тіл-көзден сақтасын деген тілек айтылады.
-Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын.Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын. Қамшыдай өткір болсын деп басына қайшы жастайын.

-Баланы әкеліңдер бесікке бөлеп берейін.
Мойынымдағы тұмарым
Тарқамайтын тұмарым
Тағдыр берген алсын деп
Ақ бесікке салсын деп
Мойынымдағы маржаным
Қорадағы мал-жаным,
Бесігіңе жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой
Балам жатсын бесікте
Пәлесі қалсын есікке,-

Келіңіздер қане, Наурызбайымның тыштымасын алыңдар.Наурызбайым тышты ма,
Наурызбайым тышты ма? – деп тыштыма үйлестіреді.Тыштыма үйлестіріп болған соң барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады.

Қонақтар: Әжесі- ау балаңа бесік жырын шырқасаңшы
Әжесі: Әрине. «Бесік жыры»

Әлди –әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құүйрығын

Жіпке тағып берейін.

Арша ма екен бесігі?

Алар мекен әкесі?

Өрік пекен бесігі?

Сүйе мекен әкесі?

Жиде мекен бесігі?

Жігіт пекен әкесі?

Әлди – әлди аппағым,

Қойдың жүні қалпағым...

 

 

І жүргізуші:

Сен білесің бе? 22 наурызда туылған Наурызбайдың туылғаны кеше ғана сияқты еді, бүгін міне дәл сол күні тұсаукесер тойы болады деп естідім.

ІІ жүргізуші: Рас па?  Уақыт деген зымырап өтіп жатыр расында да. Олай болса қуаныштарына ортақтасып барып қайтайық.

Әжесі: Сәбиім қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен, тұсауын кестіргелі өздеріңізді жинадық жамағат.

Келін: Тұсауын кесуге өзі жылдам, соған ұқсаса жаман болмас деп өзіңізден кесіп беруіңізді өтініп отырмыз Әлимаш әже.

Әлимаш әже:  Әрине өтініштеріңізді жерге тастамаспын. Олай болса ақ ниетіммен рәсімімізді бастайық.Керек жарағын әкеле қойыңідар. (Келіндер әкеп береді)

Ақ матаны төсегенім, жолың ақ болсын дегенім, ала жіпті байлағаным ешкімнің ала жіпін аттамай адал бол дегенім.

Тұсауыңды кесейін,

Күрмеуіңді шешейін

( Тұсауын кеседі, екі келін ақ мата үстімен алып жүреді, шашу шашылады)

Қаз қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Тағы , тағы баса ғой,

Тақымыңды жаз балам.

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Әжесі: Ал, Келін ау кәделерін әкеле ғой.

Әлимаш әже: Менің де балама дайындаған сыйлықтарым бар еді.

Әжесі: Ән мен биден шашу шашылсын. Ән «Аманат» орындайтын Тұрсын Ақерке

  • Оу мырзалар! Ұлыс күні екеуіңнің  мына тоң- теріс отырыстарыңа жол болсын!? дейді сынай қарап.  Жігіттер бір- біріне сынай қарасып алып:
  1. Жігіт:- Алдияр ақсақал! Мына отырған Ержан осы қыста астымдағы атым болдырып келіп, ылау сұрағанымда қорадағы байлаулы атын бермеді. Соған өкпелімін деді.
  2. Жігіт: -Ақсақал, Бағланның өкпесі орынды. Бірақ дәл осы күні өзімде азанмен алыс жол жүргелі даярланып отыр едім: Атымды бермеу себебім сол еді,- дейді.

Қариясақалын тарамдап отырып: - Ой пәлі- ай! Істеріңнің түрін! Ау біріңнің атың болдырып келсе, ылау сұрағаның дұрыс- ақ.

  • Ал, сен болсаң сол атпен ертесіне жол жүргелі отырған болсаң, өзге басы артық мініс көлігің болмаса, сұрағанын бере алмасың да анық. Тек екеуіңнен қатар кеткен қателік, мынау екен: - ЕКЕУІҢ ДЕ АСЫҚПАЙ, БІР КҮН БІРІҢ ҚОНАҚ БОЛЫП, ЕКІНШІҢ БІР КҮН ҚОНАҒЫҢДЫ КҮТІП, АТЫН ДЕМАЛДЫРЫП, жемдеп сулап, жолға ертесіне бірге шыққандарыңда  бәріде орнында болғандай екен.
  • «Дос көңілі бір атым насыбайдан қалады» деген, сөз бар, қарақтарым! Мына ұлыстың ұлы күнінде бұлай  тоң- теріс отырмаңдар. Қане, біріңді- бірің кешіріп, татуласыңдар енді!

(Осы кезде екі жігіт шалт тұрып, төс түйістіріп, айқара құшақтасып, жауырындарын қағысады.)

  • - Бәрекелді! Ұлыс күні авлдыңа келсе, Атаңнын құнын кеш!- деген. Бұдан кейін бауырласқан дос болыңдар. Әумин!- деп бата береді.
  • Бүгін той мереке. Олай болса ән мен күден шашу шашайық .

Ән «Қазақы дастарханым» орындайтын Әлиясқар Фариза

Наурыз жыры

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар...

... Ұлыстың ұлы күнінде

Бай шығады балбырап.

Қасында жас жеткіншек

Тұлымшағы салбырап.

Келіншек шығар керіліп

Сәукелесі саудырап.

Қыз шығады қылмиып,

Ек көзі жаудырап.

 

Наурыз бата.

Өркенің өссін!

Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!

Ұлың- оңға, қызың –қырға қонсын!

Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!

Айың тусын оңыңнан.

Жұлдызың тусын солыңнан

Бақ берсін, Қыдыр дарысын!

  •  

 

Соңы: Ән «Құтты болсын мереке!»

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Наурыз - жыл басы
Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.
Мен өсіп келемін
Армысың, әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ардақтайық!
Наурыз - думан
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 5603 | Қосты: Маханова Айдана Рысбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык