Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыңғырла, соңғы қоңырау!


Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау

24.05.2014жыл.

БҚО Теректі ауданы

Подстепный ауылы

Подстепный  қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сыныптардағысоңғы қоңырау салтанатты жиыны

Ұйымдастырған: Бастауыш сынып мұғалімі Бейбитова Т.М.

Тақырыбы:  Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар,қымбатты оқушылар, және бастауышты бітіруші түлектер!

Міне,бүгін қызығы мен қиыншылығы мол,әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі,оқушылардың сыныптан –сыныпқа көшіп,асыға күткен

жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы қоңырау салтанаты. Баршаңызда  қош келдіңіздер!

Биылғы  2014 жылдың 17 қаңтары күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
 

Думанды дүбір, ән жырлы

Жайқалған өмір жас бағы.

Мінеки, тағы бір жылды

Сырғытып кейін тастады.

 

Ұстаздардың – жаны нұр

Шаттық күйін бөліскен.

Аяқталды тағы бір

Оқу жылы жеміспен.

 

Жайнаса бал-бұл бүлдіршін

Бір сынып тағы өрлеген

Түлектер тұйық, кім білсін

Сезім бе қимас кернеген.

  Кеше ғана тұлымдары желбіреп,жүректері лүпілдеп,мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,бойы өсіп,бастауыш буынмен қоштасқалы отыр.Бұл күн-мектеп тарихында,бастауышты бітіретін 4 сынып оқушылары

есінде мәңгі өшпесі анық.

Жүргізуші:

Жас жүректің  өмірлік құштары- гүл

Бағбан- ұстаз баулыған құстары –бұл

Қоштасып бүгінгі күн  бастауыштан

Сол  құстардың бір тобы  ұшқалы тұр, деп  бастауышпен қоштасқалытұрған  4 сынып оқушыларын ортаға  шақырамыз

1.4 «а»сыныбы Сынып жетекшісі

 Ажмуратова Саида Орынбасарқызы

2.4 «ә»сыныбыСынып жетекшісі

Сайнова Нұрлы Сайнқызы

3 4 «б»сыныбы Сынып жетекшісі

Жунусова Шолпан Тыныштыбайқызы

4.4 «в»сыныбыСынып жетекшісі

Масалимова Рысгүл Ерғазықызы

Жүргізуші: Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұнан ыстық,жалын-от бар ма,сірә,

Отан-әнмен жүрегім тербеледі.

ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалады

Туды көтеру рәсімі 4 а сыныбының оқу озаты Сарсенғалиева Айнұр мен 4 в сыныбының оқу озаты Айтен Диасқа беріледі.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.
    «Қазақстан жолы- 2050»  Стратегиясимволының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі. Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.

Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.
Ән: « Бақытты балалық шақ»

Орындайтындар: 4 сынып оқушылары Алталиева Дильназ, Қосжанова Мира

            Сөзін жазған:

            Әнін жазған:

Жүргізуші:   Ажырамай мектептен бір елі сіз,

                      Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

                      Сөз береміз құрметпен басшымызға,

                      Бастауышқа арналсын тілегіңіз.

   Бүгінгі оқу жылының аяқталу сәтіне арналған салтанатты жиынды ашу үшін

және оқу озаттарына Мақтау қағаздарын табыс ету үшін сөз кезегі мектеп

директоры Нигметов Берік Задагерейұлына беріледі. (Мақтау қағаздары беріледі)

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Жүргізуші: Қай ата-ана болмасын баласының жақсы азамат болып өсуін

армандайтыны анық.Олай болса сөз кезегі  ата-аналар комитетінің төрайымына

беріледі.

 

 «Білезік» биі. 3-сынып оқушылары


Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Жүргізуші:

Сан жылдар бойы асыр сап,

Бауырың басқан ұяны.

Кезеңде мынау – ақтық сәт,

Көңілің қалай қияды?

 

Орынды көңіл толқыны,

Түлектер бәрін ұғамын.

Өзіңмен бірге толқулы

Сөз алсын енді мұғалім.

Сөз кезегі 4 сынып жетекшілеріне беріледі.

  Бастауыш сынып мұғалімдеріне гүл шоқтарын табыс ету үшін сөз кезегі

бастауыш сынып түлектеріне беріледі.

Ән: «Біздің ауыл»

Орындайтын:

Әні: Т:Молдағалиев

Сөзі:

Соңғы қоңырау соғу рәсімі облыстық, аудандық олимпиада жеңімпазы 4  «б» сыныбының  оқу озаты Сандибек Дана мен  4 «ә»сыныбының оқу озаты  ҚайралиевАблайханға беріледі.

Жүргізуші:

Кеше ғана жас едік,

Есейіппіз бір жылға.

Біткенін жылдың паш етіп,

Сыңғырла қоңырау сыңғырла.

 

Сыңғырла сұлу үніңмен,

Кеудеге үміт шамын жақ.

Өзіңе ғана жүгінген

Мектепті жазға дамылдат.

 

Тербеткен мектеп албарын,

Үніңнен алып жан отын.

Тынығып балдырғандарың,

Түлектер қақсын қанатын.

Ұстаздар, сізге мың алғыс,

Арайлы болсын ертеңің.

Көңілге құйып қуаныш,

Өркендей берсін өркенің!

Біз  21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенеміз.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген Елбасымыздың қорытынды сөзімен \бүгінгі оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиынымыздыжабық деп жариялаймыз. Қош сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
Соңғы қоңырау» мерекесі
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012.
«Құлақтан үнің кетпестей,Сыңғырла, соңғы қоңырау»
Қазақстан-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
«Армысың, алтын ұя мектебім!»
БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
мемлекеттік тілге құрмет-елге құрмет
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 48016 | Қосты: Бейбитова Т.М | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык