Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Табиғаттың тылсым сыры көп.


Табиғаттың тылсым сыры көп.
Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3, 5, 7 сандары киелі сан болып есептеледі. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Қайтыс болған кісінің 7-сі беріледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» дейді. Көкте 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіретін сол ата-бабалар. Тіпті жұт 7 ағайынды деген сөздің де өзі тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байлам! Әз Тәукеханның 7 жарғысы мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санның тектен тек тумағандығы айқын. Қауіп-қатерден аман қалған адам үшін, не анасы, не жұбайының 7 шелпек пісіруі не садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы да наным түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «7-ге келгенше жерден таяқ жейсің», «7 атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырымы, ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

Жеті бірдей өренбіз,
Жеті шумақ өлеңбіз,
Жеті түрлі бояумыз,
Жеті түрлі әуенбіз.
Мейлі, бізді мақтама,
Бірақ бекер даттама.
***
Көрші – Жеті қарақшы,
Жеті күн бар аптада.
Жеті жұт
1. Құрғақшылық.
2. Жұт.

Неде қасиет жоқ?
Бал салмаса, ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса, бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса, дана қасиетсіз.
Көк шықпаса, жер қасиетсіз,
Ойсыз болса, ер қасиетсіз.
Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз.

Наурыз көже
1. Тұз.
2. Су.
3. Ақ. (Құрт, қатық, айран).
4. Ет (Соғымнан қалған).
5. Кеспе.
6. Бидай (келіге түйген).
7. Күріш не тары.
Жеті түрлі дәм қосылады

1. Жеті атасын білген ер,
2. Жеті жұрттың қамын жер.
3. Өрт.
4. Оба.
5. Соғыс.
6. Топан су.
7. Зілзала.

Аптаның жеті күні
1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі (сәтті күн)
4. Бейсенбі
5. Жұма (қасиетті күн)
6. Сенбі
7. Жексенбі
7 дегенім – жалау,
жүректегі алау.
7 дегенім – жейде,
Кір болмасын кейде.
7 – жеңіс біздікі.

Жеті қат көк
1. Ай.
2. Меркурий (шоқ ж.)
3. Шолпан.
4. Күн.
5. Марс (өмірзая).
6. Муштари (Юпитер).
7. Сатурн.

Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айрылған ел жетім.
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.

Жеті шелпек

Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан, жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады.
Алушы: «Қабыл болсын», - дейді. Таратушы: Әумин! деп жауап береді. Оны таратып болған соң: «Ата-балаларға тие берсін», - деп ауыз тиіп, аруақтарға арнап, аят оқып, бата қылады. Сонда аруақтардың мұрнына нанның исі тиеді. Сосын жеті нан әрқашанда аруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді, - дейді. Бұл жеті санының киелі қасиеттілігінен болса керек.

Жетіген
Қолға алайын, аспабым жетігенім,
Бізге ғасыр қойнынан жетіп едің.
Елді жаудан қорғамақ болған кезде.
Қапылыста қиылған жеті ұл едің.
Бөлшегісің баба айтқан шежіренің,
Тыңдап күнде аңызды көз ілемін.
Жетігенде ойнасам, жеті ерді,
Жіберердей оятып сезінемін.

ЖЕТІЛІК ҰҒЫМ
4 САНЫ ТУРАЛЫ
Төрт тұлға
От. Су. Жел. Жер.
Төрт құбыла
Шығыс. Оңтүстік. Батыс. Солтүстік.
Төрт маусым
Көктем. Жаз. Күз. Қыс.
Төрт тоқсан
1. Қыс тоқсан.
2. Жаз тоқсан.
3. Шілде тоқсан.
4. Күз тоқсан.
Төрт бұрыш
Шығыс елі дүниенің төрт бұрышы деп Шын-Машын (Үндістан), Мысыр, Рұм, Еуропа елдерін айтқан.
Төрт түлік
Түйе пірі – Ойсыл қара.
Жылқы пірі – Қамбар ата.
Сиыр пірі – Зеңгі баба.
Қой, ешкі пірі – Шопан ата, Шекшек ата.
Төрт мұрат
Дау мұраты - біту.
Саудагер мұраты - ұту.
Қыз мұраты - кету.
Жол мұраты - жету. (Сырым батыр).
Төрт мүлік
Бас - саңдық. Тіл - кілт. Қол - мүлік. Аяқ - азамат.
Төрт қорлық
Шақырылмаған жерге бару.
Бейбастақ сөйлеу.
Дұшпаннан жәрдем күту.
Сараңнан қажет сұрау.
Төрт періште
Аллаға жақын төрт періште бар.
Олар: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил.
Төрт қылыш
Хәмхам. Сәмсам. Зұлпыхар. Зұлқажа.
Төрт кітап
Тәурат – Мұсаның кітабы.
Зәбүр – Дәуіттің кітабы.
Інжіл –Исаның кітабы.
Құран – Мұхамбеттің кітабы.
Төрт пір
Жарлының пірі – қалтаң ата.
Ұрының пірі – жалтаң ата.
Шебердің пірі – тепшем ата.
Кәрінің пірі – кекшіл ата. (Досбол шешен)
«3» ТЕ КИЕЛІ САН

Үш жұрт

Жігіттің 3 жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың – күншіл, нағашы жұртың – сыншыл, - деп мәтелдейді. Яғни ағайын бар болсаң – көре алмайды, жоқ болсаң – бере алмайды. Жақсы болсаң – күндейді, жаман болсаң – жүндейді. Қайын жұртың – қолыңның ұзындығына, жағаңның қызылдығына қарайды. Берсең – жағасың, бермесең – дауға қаласың. Нағашы жұртың – жақсылығыңа сүйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор болады.

Үш қуат
1. Асыл қуат.
2. Жүрек қуат.
3. Тіл қуат.
Осылардың біреуі кем болса: кемдік көреді. Жүрек кем болса, топта сөз айта алмайсың, ақыл болмаса, тіл де, жүрек те лағып кетеді. Ал ол екеуі болып, тіл болмаса, жігіт үшін үлкен мін. Жігітке әуелі білім керек, екінші ғылым керек, үшінші – ұғым керек. Сонсон күтім керек, ыстық жүрек, орамды тіл керек. Сонда жігіттің төрт құбыласы түгел болады.

Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз.
2. Күлкі арсыз.
3. Тамақ арсыз.

Үш даусыз
1. Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.

Үш ғайып
1. Дидар – ғайып (кездесу).
2. Несіп – ғайып.
3. Ажал – ғайып.

Қазына
- Қазына кімде? – деп сұрапты Абылай Бұқардан.
- Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсейші, - дейді Бұқар жырау.
- Мен айтсам, қазына байда, басқа кімде болушы еді? – депті Абылай. Сонда Бұқар: үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына білімдінің басында, - дейді Бұқар жырау.

Үш тағылым
1. Мейірімнен – сауап.
2. Жақсылықтан – шарапат.
3. Жамандықтан – кесапат.

Үш арыс
Сәкен, Бейімбет, Ілияс.

Үш би
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Үш кедейлік
1. Кежірлік.
2. Еріншектік.
3. Ұйқы.

Үш қадірсіз
1. Жігіттік.
2. Денсаулық.
3. Жақсы жер.

Үш көз
1. Су анасы – бұлақ.
2. Жол анасы – тұяқ.
3. Дау анасы – құлақ.

Үш жамандық
1. Нақақ қан төгу.
2. Аманатқа қиянат.
3. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Үш жақын
1. Жарық дүние.
2. Балаң.
3. Жарың.

Үш тоқтам
1. Ақыл – арқан.
2. Ой – оріс.
3. Адам қазық.

Үш қасиет
1. Өліде - аруақ.
2. Малда – кие.
3. Аста – қасиет.

Үш кемістік
1. Атың жаман болса – жалғанның азабы.
2. Алғаның жаман болса – дүниенің тозағы.
3. Балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.

Үш дана
Абай, Шоқан, Ыбырай.

Үш артық
1. Адалдық.
2. Еңбексүйгіштік.
3. Өнерпаздық.

Не бар?
1. Балдан – тәтті – бала бар.
2. Қылыштан өткір – тіл бар.
3. Удан ащы - әдепсіздің аузынан шыққан сөз бар.

Үш байланыс
1. Әке – асқар тау.
2. Шеше – мөлдір бұлақ.
3. Бала – жағасындағы құрақ.

Үш сауап
1. Шөлге құдық қазған.
2. Өзенге көпір салған.
3. Жолға ағаш еккен

Үш тәтті
1. Ананың сүті.
2. Баланың күлкісі.
3. Туған жер.

Үш қадірлі
1. Ырыс.
2. Баң.
3. Дәулет.

Үш кемдік
1. Надандық.
2. Еріншектік.
3. Зұлымдық.

Үш билік
1. Билік.
2. Дәулет.
3. Даналық.


1. Үш жүз
Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.
2. Үш жұрт
Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.
3. Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – ақжаулық.
Үшінші байлық – қорадағы он саулық.
4. Үш би
Төле би. Қаз дауысты Қазыбек би. Әйтеке би.
5. Үш дана
Абай. Шоқан. Ыбырай.
6. Үш арыс
Сәкен. Бейімбет. Ілияс.
7. Үш қат
Жоғары қат (аспан).
Орта қат (жер үсті).
Төменгі қат (жер асты).
8. Үш қуат
Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.
9. Үш ғайып
Ажал ғайып. Қонақ ғайып. Несібе ғайып.
10. Үш арсыз
Ұйқы арсыз. Тамақ арсыз. Күлкі арсыз.
11. Үш дауасыз
Мінез. Кәрілік. Ажал.
12. Үш қадірлі
Ырыс. Бақ. Дәулет.
13. Үш қадірсіз
Жастық шақ. Денсаулық. Жақсы жардың (әйел) қадірін білмеу.
14. Үш жамандық
Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
15. Үш жақын
Жан тәтті. Мал тәтті. Жар тәтті.
16. Үш ақиқат
Қымбат – шындық. Арзан – өтірік. Даусыз – кәрілік (Жанқұтты шешен).
17. Үш қуаныш
Алғыс алу. Өзінді көптің іздеуі. Ісіңнің өшпеуі.
18. Үш биік
Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.
19. Үш асыл
Көз. Тіл. Көңіл.
20. Үш артық
Адалдық. Еңбексүйгіштік. Өнерпаздық.
21. Үш ынтық
Еркін өмір. Құрметке бөлену. Пайдалы еңбек ету.
22. Үш тұл
Қайратсыз ашу тұл.
Тұрлаусыз ғашық тұл.
Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).
23. Үш апат
Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. Өкіметті сыйламау. Асты ысырап ету.
24. Үш мұрат
Жол мұраты – жету. Дау мұраты – біту. Қыз мұраты – кету.
25. Үш кедейлік
Кежірлік. Еріншектік. Зұлымдық (Абай).
26. Үш бақытсыздық
Жаман ат. Жаман қатын. Жаман көрші.
27. Үш көз
Су анасы – бұлақ. Жол анасы – тұяқ. Сөз анасы – құлақ.
28. Үш тоқтам
Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық.
29. Үш қасиет
Өліде – аруақ. Малда – кие. Аста – кепиет.
30. Үш тағылым
Мейірімнен – сауап. Жақсылықтан – шарапат. Жамандықтан – кесапат.
31. Үш тәтті
Жан. Мал. Жар.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРЫ
Баба – арғы ата, үлкен ата
Ата – әкесінің әкесі, бергі ата
Әже – әкенің шешесі, үлкен әже
Әке – өзінің туған әкесі
Ана – өзінің туған шешесі
Аға – өзінен үлкен ер бала
Әпке – өзінен үлкен қыз бала
Қарындас – өзінен кіші қыз бала
Іні – өзінен кіші ер бала
Сіңлі – әпкеден кейінгі қыз бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Нағашы – шешесінің туыстары
Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары
Жеңге – ағаның әйелі
Жезде - әпкенің күйеуі
Келін – інісінің әйелі
Күйеу бала – сіңлінің күйеуі
Жиен – тұрмысқа шыққан әпкеден не қарындастан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары
Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі
Абысын – қайын ағасының әйелі
Ажын – қайын інісінің әйелі
Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары
Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары
Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері
Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан
құдалар
Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар
Қарсы құда – ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар
Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар
Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары)
Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда
Немере – ата-ананың ұлынан туған бала
Шөбере – немереден туған бала
Шөпшек – шөбереден туған бала
Немене – шөпшектен туған бала
Туажат – неменеден туған бала
Жүрежат – туажаттан туған бала
Жегжат – жүрежаттан туған бала

ХАЛЫҚТЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ МЕН МӨЛШЕРІ
Өлшемдер Мағынасы
І. Ұзындық өлшемдері:
1) елі (бір елі) Саусақтың көлденең қалыңдығы, ені
2) тұтам Бармақ пен ортан қолдың түйісу аралығы
3) сүйем Бармақ пен сұқ саусақтың аралығы
4) қарыс Бармақ пен ортан қолдың аралығы
5) құлаш Иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы
ІІ. Қашықтық өлшемдері:
1) адым (қадам) Мөлшері 1 метр
2) таяқ тастам 10-15 метр
3) әудем жер 100 метр
4) шақырым 1 километр
5) қозы көш жер 5-6 километр
6) тай шаптырым 4-5 километр
7) көз ұшында 6-7 километр
8) құнан шаптырым 8-10 километр
9) ат шаптырым 25-30 километр
10) 1 қарыс 20 см
11) 1 қары 85 см
12) 1 құлаш 142 см
13) 1 елі 2 см
ІІІ. Салмақ өлшемдері:
1) мысқал 5 грамға жуық
2) қадақ 400 грамға жуық
3) пұт 16 килограмға жуық
4) қап 4 пұтқа жуық
5) батпан 10 пұт
ІV. Мезгіл және мерзім өлшемдері:
1) сүт пісірім 5-10 минут
2) ет пісірім 2,5-3 сағат
3) бір күн (тәулік) 24 сағат
4) апта 7 күн
5) ай 30-31 күн
6) тоқсан 3 ай
7) жыл 365 күн немесе 12 ай
8) ғасыр 100 жыл
V. Тәулік мезгілдері:
1) таңертең: алаң-елең, құлан иек, таң сәрі Таң бозғылт тартқан кез
Таң жаңа ата бастаған кез
Жерге жарық түскен кез
2) түс: сәске түс, тал түс, шаңқай түс Сағат 12 шамасы
Сағат 1 шамасы
Сағат 2 шамасы
Түс ауған шақ
3) кеш: ұлы бесін, намаздыгер, ақшам Күн ұясына кірер кез
Кешкі намаз оқитын кез
Күн батып, қас қарайған кез
Қас қарайып, түн болған кез
4) түн: іңір, қызыл іңір, жарым түн Түн ортасы

ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ӨЛШЕМДЕРІ
Уақыт өлшемдері
Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен және аптамен өлшенеді.
Апта – «жеті» деген сөзді білдіреді
Жеті күнді санау
1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күні
5. Қасиетті күн
6. Соңғы күн
7. Азына

Түнеугүні – бірнеше күн бұрын.
Аптада жеті күннің бесеуінің аты «сенбі» сөзінің алдына парсының 1, 2, 3, 4, 5 сияқты реттік сан есімдерін қою арқылы жасалған.
Олар мыналар:
ЖЕКсенбі – бірінші сенбі
ДҮйсенбі – екінші сенбі
СЕЙсенбі – үшінші сенбі
СӘРсенбі – төртінші сенбі
БЕЙсенбі – бесінші сенбі

Ай аттары

1.Наурыз – хамал – март
2.Көкек – сәуір – апрель
3.Мамыр – зауза – май
4.Маусым – саратан – июнь
5.Шілде - әсет – июль
6.Тамыз –сүмбіле – август
7.Қырқүйек – мизан – сентябрь
8.Қазан – ақрап – октябрь
9.Қараша – қауыз – ноябрь
10. Желтоқсан – жәди – декабрь
11. Қаңтар – дәлу – январь
12. Ақпан – хұт – февраль
Шілде
1.Жазғы шілде – 26 маусым мен 5 тамыз аралығы
2.Қысқы шілде – 27 желтоқсан мен 6 ақпан

Жыл аттары
1 – жыл – Тышқан жылы
2 – жыл Сиыр жылы
3 – жыл Барыс жылы
4 – жыл Қоян жылы
5 – жыл Ұлу жылы
6 – жыл Жылан жылы
7 – жыл Жылқы жылы
8 – жыл Қой жылы
9 – жыл Мешін жылы
10 – жыл Тауық жылы
11 – жыл Ит жылы
12 – жыл – Доңыз жылы 1972
1973
1974
1975
1976
1977
1978
1979
1980
1981
1982
1983 1984
1985
1986
1987
1988
1989
1990
1991
1992
1993
1994
1995 1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007

Жыл санау
1. Биыл – осы жылы
2. Былтырғы (өткен) жылы – 1 жыл бұрын
3. Бұрнағы (мұрнағы) жылы – 2 жыл бұрын
4. Одан арғы жылы – 3 жыл бұрын
5. Бұрынғы жылдары – 4 жылдан бұрынғы жылдары.
Жылдардың ретін еске сақтаудың оңай әдісі
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тойма именіп ділмардан.
*Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санауда қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпінен басталады.
Мүшел жас
1 – мүшел 13 жас (ер жете бастау)
2 – мүшел – 25 жас (жігіттік шақ)
3 – мүшел 37 жас (ақыл тоқтау)
4 – мүшел – 49 (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 – мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел 85 жас (кәрілік)
8 – мүшел 97 жас (қалжырау)
9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел 121 жас (немен сүю)
Жыл мезгілдерінің атаулары
1. Жазғұтыры – наурыз, көкек, мамыр айлары
2. Жаз – маусым, шілде, тамыз айлары
3. Күз – қырқүйек, қазан, қараша айлары
4. Қыс – желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.
Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері
1. Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.
2. Ет асым. 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі.
3. Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт
4. Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнатымдай мерзім
5. Қайнам: қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі
6. Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем
Азық-түлікке қатысты өлшемдер
1. Бір асым (ет)
2. Бір елі (қазы)
3. Бір жапырақ (ет, нан)
4. Бір жұтым (қымыз, сүт)
5. Бір тұтам (қазы)
6. Бір ұрттам (қымыз, ет)
7. Бір уыс (бидай, тары)
8. Бір үгім (тұз)
9. Бір үзім (нан)
10. Бір шөкім (тұз)
11. Бір шымшым (тұз)
12. Жұдырық (ет, қазы)
13. Қайнатым: бір қайнатым (шай)
14. Салым: бір салым (тұз, шай)
15. Турам (ет, нан)
Тәулік мезгілдерінің атаулары
1. Күн шығар алдыңдағы мезгіл атаулары – бұл мезгілді таң немесе таңертең деп атайды.
2. Алагеуім, алатөбе, алаң – ғұлан, алаң – елең – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.
3. Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.
4. Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.
Күн көкжиектен көтерілген мезгіл атаулары
Бұл мезгілді сәске деп атайды.
1. Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.
2. Сәске түс – түске жарқындаған мезгіл, сағат 12 шамасы.
3. Ұлы сәске – тал түске жақыңдаған мезгіл.
Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері
1. Елі – саусақтың көлденең қалыңдығы, ені
2. Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 – еліге тең ұзындық өлшем.
3. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.
4. Сынық сүйем – сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі.
5. Қарыс сүйем – бас бармақ пен орта саусақтың аралық мөлшері.
6. Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.
7. Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.
8. Кере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері. Кейде жарты қарыс деп те атайды.
Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдері
1. Білем – саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы.
2. Шынтақ – қолдың бас пен шынтақ аралығы.
3. Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың аралығы. Кез деп те атайды.
4. Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасы.
5. Кере (сала) құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы.
Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері
Табан – Аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы
Адым (қадам) – Жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы
Аттам – Екі аяқты кере созғаңдағы қашықтық.
Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері
1. Шымшым – Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем.
2. Шөкім – Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
3. Бір уыс – Қос саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем.
4. Қос уыс – Қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра, бүккендегі өлшем.

Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері
№ Өлшемі Түсінік
1 Көген бойы Көгеннің ұзындығы
2 Көген тастам Көген бойы, жақын
3 Қазық бойы Қазықтың ұзындығы
4 Найза бойы Найза ұзындығымен шамалас келетін халықтық өлшем
5 Оқ бойы Тым таяу, оқ жетер мөлшеріндегі қашықтық
6 Тізгін бойы Тым қысқа бір метр шамасында

Қашықтық өлшемдері
Өте жақын деген мағынада айтылытын қашықтық өлшемдері
1. Аттам (бір аттам) жер
2. Бөрік тастам жер.
3. Иек артпа жер.
4. Қозы көген жер.
5. Қол (құлаш) созым жер.
6. Қырық қадам.
7. Тас лақтырым жер.
8. Таяқ тастам жер.
9. Сідік шаптырым жер.
Жақын деген мағынада айтылатын
қашықтық өлшемдері
1. Ат жетер жер.
2. Ат шаптырым жер.
3. Аяқ жетер жер.
4. Әудем жер.
5. Қозы көш жер.
6. Құнан шаптырым жер.
7. Тай шаптырым жер.
8. Сәскелік жер.
9. Талай жер.
Өте алыс деген мағынада айтылатын
қашықтық өлшемдері
1. Айшылық жер.
2. Ит өлген жер.
3. Қырық күншілік жер.
Тереңдік өлшемдері
Адам бойына байланысты тереңдік өлшемдер.
1. Тобыққа дейін.
2. Тізе бойы.
3. Белуар (белбуар) бойы.
4. Кіндік бойы.
5. Кісі бойы.
МЕРЕКЕ - МЕЙРАМДАР
Қазақстан Республикасындағы мереке күндері
Жаңа жыл 1, 2 қаңтар
Рождество Христово 7 қаңтар
Құрбан айт мейрамы
Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз
Наурыз мейрамы 22 наурыз
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі 1 мамыр
Отан қорғаушылар күні 7 мамыр
Жеңіс күні 9 мамыр
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні 30 тамыз
ҚР Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсан
Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан
Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер мен атаулы күндер

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 31 мамыр
Баспасөз күні 28 маусым
Спорт күні 13 тамыз
Білім күні 1 қыркүйек
Қазақстан Республикасы халықтары тілдері күні 22 қыркүйек
Ұлттық валюта – теңге күні 15 қараша

ҚАЗАҚТЫҢ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРІ
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін қамти алмағанмен кейбір үлгілерін қағазға түсіріп ұсынып отырмыз.

Дастарханды, тамақты баспа.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Үй айнала жүгірме.
Босағаны керме, құшақтама.
Табалдырықты баспа, отырма.
Үйді сабама, малды басқа сабама.
Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.
Итке ожаумен ас құйма.
Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
Шашыңды жайма.
Бетіңді баспа.
Тізеңді құшақтама.
Өтірік жылама.
Жұлдызды, адамды санама.
Сыпырғышты тік қойма.
Қолыңды қусырма.
Адамға пышақ, мылтық кезенбе.
Бос бесікті тербетпе.
Құранды, тамақты баспа.
Жақын адамға пышақ сыйлама.
Тұзды, күлді баспа.
Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.
Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
Бейуақытта жылама, ұйықтама.
Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
Бөркіңді теріс киме.
Үйде ысқырма.
Үйге жүгіріп кірме.
Мойныңа белбеу жіп салма.
Айды қолыңмен көрсетпе.
Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме.
Шелектегі суға аузыңды батырма.
Ақты төкпе.
Адамды айналма.
Адамға қарап түкірме, есінеме.
Жалғыз ағашты кеспе.
Пышақтың жүзін жалама.
Пышақты шалқасынан қойма.
Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.
Қызды ұрма.
Кісіге, молаға саусағыңды шошайтпа.
Орынсыз күлме.
Кісі айыбын бетіне баспа.
Көп сөйлеме.
Адамға, малға зәбір жасама.
Балаңа басқа ұрма.
Ата-анаңа қарсы келме.
Түнде суға барма.
Бетіңді сызба.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
Асты үрлеме, асты жамандама.
Тамақты сораптап ішпе.
Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
Өтірік күлме, өтірік сөйлеме, өтірік жылама.
Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.
Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.
Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.
Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.
Қабірді баспа.
Аманатқа қиянат жасама.
Ант ішпе, әбес сөйлеме.
Өтірік куәлік жасама.
Намазды бұзба.
Құстың ұясын бұзба.
Құмырсқаның ұясын баспа.
Ұрлық қылма, зорлық қылма.
Тіліңді шайнама, тіліңді тістеме, шығарма.
Саусағыңды аузыңа салма.
Кісі үйінде түрегеп тұрма.
Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.
Саусағыңды кеземе.
Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама.
Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.
Желге қарсы түкірме, желге қарсы дәрет сындырма.
Үлкеннен бұрын сөйлеме.
Үлкеннен бұрын тамақ жеме.
Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.
Үлкеннің бетінен алма.
Шақырмаған жерге барма.
Рұқсатсыз үйге кірме.
Жұрт көзінше кекірме, қасынба.
Жұрт алдында құлағыңды қасыма, мұрныңды шұқыма.
Жерді сабама, жерді тепкілеме.
Баланы шошытпа.
Атқа теріс отырма.
Қайықты тербелтпе.
Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.
Әйелге күш көрсетпе.
Малды боқтама.
Асты қорлама.
Жәндікті жәбірлеме.
Уһілеме.
Маңдайыңды, басыңды ұрма.
Отты, ошақты аттама.
Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама.
Жаман әдетті үйренбе.
Жаманат шақырма.
Жаман ырым жасама.
Етбетіңнен жатпа.
Ерсі қимыл жасама.
Шашыңды, тырнағыңды өсірме.
Кісі төсегіне отырма.
Теріс қарап отырма, жүреңнен отырма.
Сол қолмен тамақ ішпе.
Шалбарды басыңа жастама.
Қолыңды артыңа ұстама.
Түнде мал санама.
Түнде күл шығарма.
Таңертеңгі асты тастама.
Көзіңді жыпылықтатпа.
Қолыңды кеудеңе қойма.
Ерніңді шығарма.
Орындықта аяғыңды айқастырып отырма.
Бала бетіне үрлеме.
Тырнағыңды тістеме.

С.Кенжеахметұлы

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Ежелгі заманнан бері Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни бір тəуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «ноу» – «жаңа», «руз» – «күн» деген ұғымдарды білдіреді.
Халық наурыз мерекесіне алдын ала дайындалады. Үйдің іші ескі, қажетсіз заттардан тазартылып, үйге қос шырақ жағылады. Ыдыстардың барлығы ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі.
Мереке сəлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып, ал əйелдер құшақтасып амандасады. Сəлемдескен кезде «Жасың құтты болсын!», «Ұлыс береке берсін!» деген сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады.
Ақсақалдар да, жастар да көкжиекті көру үшін жазық далаға шығады. Адамдардың барлығы: «Армысың, қайырымды Күн – Ана!» – деп күнге бас иеді. Күнге тағзым еткеннен кейін ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақтарды тазартады. Бұлақтардың қасына ағаштар отырғызады. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деген сөздер осыдан шыққан болу керек.
Наурыз күні əр үйде мерекелік дастарқан дайындалады. Дастарқанға дəстүрлі ет тағамдары, ұлттық тамақтар қойылады. Бұл мейрамның негізгі асы – наурызкөже. Оны жеті түрлі тағамнан пісіреді. Сөйтіп, бүкіл халық ауыл-ауылды, үй-үйді аралап, амандасып, наурызкөже ішеді.
Халықта «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар.
Дастарқан басында жастар үлкендерден бата алады. Бата – үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.
Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» – деп бата жасайды.
Кешке жақын жұрт үлкен айтысқа жиналады. Айтыс – домбырамен сүйемелденетін ақындардың өлең жарысы. Оған үлкендер де, жастар да қатысады. Наурыз айтыс – Жақсылық пен Жамандықтың, Суық пен Жылының, Жаз бен Қыстың айтысы. Сөз жарысын Жақсылықты дəріптеген ақын жеңеді.
Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. Əн айтып, би билейді. Той тойға ұласады.
Міне, Наурыз мерекесі осылай тойланады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!» сайысы
Киелі жеті саны.
Туған-туысқандар.
Наурыз - жыл басы!
Ертегілерде кездесетін қазақы өлшемдер
Санды 3-ке көбейту кестесі
Қазақтың тыйым сөздері
Септік жалғаулар. Наурыз мейрамы. Наурыз баталары
Туыстық атаулары
Шамалар

Автор Марс Тулегенов Есенгелдіұлы

Б. Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі

Бөлім: Материалы / Қосымша жинақтар | Көрсетілім: 6211 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар