М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы
авторлық баяндау тіліндегі синонимдердің қызметі
Серікхан Амангүл
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
ШҚО Би Боранбай атындағы орта мектеп
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы синоним сөздердің көпшілігі авторлық баяндау тілінде кездеседі. Жазушы тілі құнарлы, сөздің күнделікті өмірде жиі қолданылатын сыңарынан бастап, бүгінде сирек кездесетін мәніне дейін пайдаланады.
Автор шығармасында сөздерді қайталамау үшін синонимдерді қолданып, мағыналық реңк пен стильдік реңкті өз бояуымен нақтылы көрсетіп, сөйлемдері мәнерлі сипатқа ие болып тұр. Жазушы синоним сөздердің әр түрлі реңктерін айқын ажыратып, оларды өзара табыстырып қолдана білу соншалықты қажет екендігін таныта білген.
Профессор Ә.Болғанбаев: «Синонимдерді таңдап-талғап өз орнына пайдалана білмегені үшін В.В.Маяковский Фетті «Өз төңірегінде жылқы атауларының жосып жүргенін көрмей, ат деген бір ғана сөзді 49 мәрте қайталайды» деп қатты сынаған екен. Мұхтар Әуезов қолданымындағы мына бір тұсқа назар аударып көрелік:
«Құдайберді мен Қамысбай бұл бұйрықты ести сала тебіне жөнелісті. Ұзын бойлы, қыпша бел жас жігіт Құдайберді мен кең жауырын Қамысбай ойға түсе бере, көштің алдын көлденеңдеп, жарысып барады. Екеуі лезде барып, көш-көштің алдындағы еркектер тобына бір сәт бөгелді де, әрі қарай жосыта берді. Бұлар араласқан топтан бір-екі кісі дереу сытылып шығып, жалғыз төбеге қарай желе текіректейді. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп қамшыланып, асыға жүріседі. Құдайберді арғы шеткі көшке жеткенше, Құнанбай қасына жиырма-отыз аттылар жиылып қалды.
Құдайберді мен Қамысбай астарындағы екі бозды танауратып терлетіп, ең соңғы үш үлкен кісіні ертіп келгенде, жаңғыз төбеде, Құнанбай қасында, елу шамалы аттылар бар еді». Бір ғана ат жүрісінің бірнеше түрін қоса сипаттайды. Атап айтатын болсақ, тебісе жөнелу, жарысу, жосыту, желе текіректеу, қамшылану, асыға жүрісу, танаурату, терлету. Бұл атпен жүрудің бір ғана сәттегі көрінісін сипаттауы. Ал оны бүкіл эпопея көлемінде қарастырсақ, атқа қатысты қаншама сөзді көреміз.
Автор Нанайка бейнесін беруде де синоним сөздерді аса молынан пайдаланған. «Құнанбай бар тобымен келген жоқ. Қасында он шақты ғана үлкен кісілер қалған еді. Сүйіндіктерге осы тобымен кеп кездесті. Пішіні суық, ызғарлы екен. Жуандық ызғары «қайте қоясыңның» ажары. Жота жүнін үрпитіп, үдірейіп тұр. Ірге бермек емес. Атқа мінер атаулының, әсіресе Құнанбайдың сырт айдыны осылай келетін. Соның домбытпа екенін білсе де, Сүйіндіктер әрқашан мұндай түстен ығыса жүретін».
Бұл тұста қолданылған синоним сөздер Құнанбай бейнесін ашып көрсету үшін жұмсалған. Шебер қолданылған синоним сөздер өзара үйлесіп келіп, бір мағыналық топ құраған. Есімді, етістікті синонимдердің өзі мағыналас келіп, өзара мәндес түсінікке реңк үстей түскен. Атап айтар болсақ, суық, ызғарлы сын есімдері мен жуандық ызғары, домбытпа зат есімдері, жота жүнін үрпиту, үдірейту, ірге бермеу, ығыстыру етістіктері айбынды Құнанбайдың бейнесін толық ашуға көмектескен.
Автор тіліндегі синонимдердің бір қатары қос сөздермен берілген. «Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты, бұларды қосарлап та қолдануға болады». Қазақ тілінде сөзді қайталау мен қосарлау тәсілі - өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе. Осыны терең түсіне білген М.Әуезов синоним сөздерді асқан шеберлікпен қолданып, өлеңінің мазмұнын аша түседі. Қосарланған синоним сөздер оның сөз қолданысындағы дыбыс әуезділігіне өзіндік шеберлік үстемелеген.
«Қазақ тілінде мәндес сыңарлардан қосарланған сөздер мағыналары бір – біріне жақын сыңарлардан құралады да, топтау, жинақтау ұғымдарын білдіреді».
Әсет Болғанбаев: «Екі синоним сөз қосарланып қолданылғанда бұлардың бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып (яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан шығады» [2. 8 б.], - деген.
Мәселен, «жәбір – жапа» деген сөз барлық ауыр жағдайды сипаттап тұрса, «зар - мұң» деген қос сөз барлық қайғыны, қасіретті, азапты топтастырып тұр.
Тілімізде белгілі бір ұғымды әр қырынан толық сипаттап беру үшін екі немесе үш – төрт синоним сөз қатар қолданылады. Мысалы: «Тұнып тұрған көк бастау, торғындай тұма, қасқа бұлақ, көк иірім көл...». «Ал, бірақ Құнанбай сойыл соғарды, қол қимылды, тізе мен ызғарды керек қылған жер болса, бұл қауымның іркілетін бірі жоқ». «Жыртқыштық, қорқаулық, жауыздық қиянатты көргенде сендердің сезетіндерің мен айтатындарың осы ма?». Яғни, қарап отырсақ, прозалық шығармаларда қатар қолданған синонимдер бір- бірінің мағынасын толықтырып тұр. Біреуінде кездеспеген мағыналық, стильдік реңк басқаларынан табылып, бүтін бір ұғымның әр түрлі белгілерін жан – жақты қамтып көрсетеді.
М.Әуезов эпопеяда қосарланған синонимдерді мағыналық реңктеріне орай ұтымды қолдана білген. Айтпақ ойының мән-мағынасын ашуда қолданған сөздері әсерлі жеткізіліп, экспрессиясын күшейтеді.
Синонимдер шығармаға ерекше мән беріп, оқырманын қызықтырып, ішіне енген сайын сиқырлап шырмап тастайды.
• жыртық -шоқпыт, жүдеу-жадау, жаман-жәутік, жалғыз-жалқы,
• малшы-малай, жарлы-сорлы, малшы-қосшы,
• сойыл-шоқпар, байлау-матау, зіл-салмақ,
• әбігер-әлек, алыс-тартыс, бақас-талас, бұзақы-бүлік, желу-жортулары,
• жуан-содыр, содыр-сотқар, содыр-сойқан, қас-дұспан, өш-қас, өштік-қастық.
• жем-пара, ақы-пұл,
• жебеп-демеп, айып-анжы, жай-жағдай,
• айла-тәсіл, арам-айлакестік, сиқыр-сайқал, кесір-кердең,
• ойын-сауық, зар-нала,
• қайрат-күш, зіл-зәр т.б. синонмдік қос сөздерді жазушы шығармасынан мысалға келтіруге болады.
Қазақ тілі синоним сөздерге қаншалықты бай болса, жазушы М.Әуезов шығармаларына керекті нәрді, кестені синонимдермен өрнектеген. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қолданылған синонимдер оның эпопеясынан теріліп алынды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 4782 |
|
|
|
"Абай жолындағы" авторлық баяндау тіліндегі синонимдердің қызметі

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |