М.Әуезов әңгімелеріндегі синоним сөздердің қолданылу ерекшелігі
Серікхан Амангүл
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
М.Әуезов қазақ жазба әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі. Әуезов шығармаларында қазақ тілінің бүкіл сөздік қоры мен сөздік құрамы көрініс береді деуге болады. Оның шығармалары халқымыздың тіл байлығы мен сөйлеу дәстүрінің ерекшеліктерін толыққанды қамтиды десек те артық айтқандық емес. Ол қолданыстан қалып бара жатқан қаншама сөзді қайтадан жаңғыртты, түрлендірді, өз жанынан сөз тудырып жаңа сөздер жасады. Шығармашылығындағы шебер тілдік қолданыстар арқылы көркемдіктің ерекше бір үлгісін ұсынды. Әуезов прозасының тілі күрделі, аса мән беріп іждиһатпен оқымаған адамға ішкі сырын бермейді. Автор шығармаларында кездесетін антоним, синоним, омоним сөздер, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер, терминдер, авторлық төл сөздер мен тіркестер сияқты көркемдік құралдардың барлығының өз орнымен молынан қолданылуы - оның әр тараптылығының, ұлы суреткер, ерекше қабілет иесі екендігінің бір дәлелі.
Жалпы қаламгер шығармашылығындағы синоним сөздердің қолданылу ерекшелігін С.Негимов бірнеше тарапқа жіктеп қараған [1. 21-б.]. М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінен талынған синонимдерді жинақтай келгенде де, осы жіктеудің сұлбасы шығатынын байқадық:
Тұрақты тіркес пен сол тіркестің мазмұнын ашатын сөзді синоним қылып беру тәсілі кездеседі. Мәселен «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінде [2] төмендегідей тұрақты тіркестер синоним түзген. Бұл синонимдік қолданыстар негізінен алғанда тақырыпқа, шығарманың мазмұнына мейлінше қызмет еткен. Жоғарыда алынған тұрақты тіркестердің өзі басынан-аяғына дейінгі шығарманың мазмұндық жобасын шығарып бере алады. Мәселен, итшілеп- зорға, тізесін батыру-зорлық қылу тіркестері Бақтығұлдың бай есігінде жүрген сәттегі өмірін көз алдыға келтірсе, қорған табу; біреудің қолтығына кіру; пана іздеп, үлкеннің ығын табу тұрақты тіркестері барар жер, басар тауы қалмаған Бақтығұл еріксіз осындай шешім қабылдағанын көрсетеді. Сөз білетін, айтар сөзге орамды. Бақтығұл Жарасбай ауылына барғанда оны осындай қасиеті арқылы бірден қабылдайды. Құлдыққа көну, есікқақты болу.Жарасбай ауылына келген соң да Бақтығұлдың көргені осы болды. Алайда көп ұзамай Жарасбай да Бақтығұлды өз пайдасына жаратып алғаннан кейін, оған суық қабақ, бөгде белгі танытады. Ең аяғында оның өзін қуғындап, ізіне шөп салады. Сонда М.Әуезов қолданған синоним тұрақты тіркестер бір жағынан кейбір тұрақты тіркестердің мазмұнын аша түсу үшін, бір сөзді екінші қайтара қайталамас үшін және тұрақты тіркестің алдағы уақыттағы өміршең болуын көздегендіктен екені байқалады.
2. Бір сөздің мағынасын асыра көрсету үшін, мән-мағынасын әсерлендіре түсу үшін екі мағыналас сөзді қатар қолданады, кейде плеоназмдік құбылысты пайдаланады:
«Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау!» [2.23-б].
«Бақтығұл жиырма бес-жиырма алтыға келіп, Тектіғұл жиырмаларға іліге берген шақтарда ағайынды екі малшы алпамсадай мол денелі, ірі қайратты жігіттер боп шықты» [2. 24-б. ].
«Сақ, сергек жылқышы болса, шеттей шығып тың тыңдап, жер шалуға болады» [2.29-б].
«Сол ғана шақта байқаса, қақ қасына, қоян қолтық ұстасатын жерге бір еңгезердей үлкен жылқышы келіп қалыпты» [2.30-б].
«Қозыбақ аулы деген Бүрген болысындағы малды-басты жуан ауылға екі бірдей малай боп, өзі қой бақты...» [2.24-б.].
«Ала жаздай мойнына құрық тиіп көрмеген, асаусып кеткен ту семіз осқырып қалып, ытқып кетті» [2.30-б.].
Автор әдеттегідей өзара мәндес сөздер арқылы ойын оқырманға түсінікті етіп жеткізуді немесе дәл сол тұсқа оқырман назарын аударуды көздейді. Бұл оның сөз қайталамау мақсатында, бір сөзді неше қайтара қайталаудан бой тартуының, ойын әсерлі де көркем етіп жеткізуіне себін тигізген. Автор шығармасында қолданылған синоним сөздердің барлығы да осы мақсатқа байланысты қолданылған. Кейде автордың өзіндік төл қолданыстары тілдегі өзге сөздермен синонимдік қатар құрайды. Мәселен, автордың өз жанынан қосқан авторлық синонимдері ретінде төмендегілерді атауға болады:
- жылы, жарастықты, жайлы;
- айлалы, жырынды адамдар;
- партия мен араздықтың, бәсталас пен тай-таластың;
- жау дүние, мейірімсіз тіршілік.
М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінде қолданылған синоним сөздер автордың тіл байлығын көрсетіп, оның көркем сөздің көсемі екендігін дәлелдейді. Әуезов қолданған синоним сөздердің барлығы шығарманың тақырыптық-идеялық негізінің ашылуына, көркемдік дәрежесінің одан әрі сапалана түсуіне жәрдем еткен. Біз «Қараш-Қараш оқиғасында» қолданылған синоним сөздерді тергеніміздің өзіндік жөні бар. Себебі, бұл «Абай жолы» роман-эпопеясынындағы қолданылған синоним сөздермен тамырлас жатыр. Яғни жазушының бір шығармада пайдаланылған синонимдері екінші шығармада қолданыла бермейді. Бұл біріншіден автор тілінің байлығын, сөздік қорының молдығын танытса, екіншіден жазушы қаламының шеберлігін айшықтай түседі. Ал повесттегі синонимдер мен эпопеядағы синонимдердің қолданылу тәсілдері бірдей болып келеді. Бұл олардың бір қалам иесінің туындысы екендігін көрсетіп, ортақ стилді танытатынын баса айтқымыз келді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980. – 136 б.
2. Әуезов М. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1986. 12-т.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Баяндама |
Көрсетілім: 4379 |
|

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |