Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » АДАМЗАТ - ТАБИҒАТ ПЕРЗЕНТІ


АДАМЗАТ - ТАБИҒАТ ПЕРЗЕНТІ
Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

№3 Талапкер орта мектебінде жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы өтті. Аталған апталықта химия, биология, география пән мұғалімдерінің ашық сабақтары, сыныптан тыс жұмыстары, шығармашылық есептері тыңдалды. Жеке жоспарға сай аталған іс-шара өз уақытында өткізілді. Әр мұғалім өзіне жүктелген міндеттерді зор ынтамен, үлкен жауапкершілікпен атқарды.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап өткен болатын. Біздің мектебімізде де бұл жайға ерекше көңіл бөлінген. Жұмыс барысында білім мен тәрбие беру үрдісінде мұғалімдер жаңа технологияларды мүмкіндігінше кеңінен қолдануда. Апталықтағы барлық жұмыстарда ұстаздар интербелсенді тақтаны қолдана отырып, компьютер мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана білді. Апталықтың бірінші күні жаратылыстану пәніне байланысты «Адамзат табиғат перзенті» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. Және де мектепте «Таңғажайып Бурабай» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында ерекше атап өтерлік жай оқушылардың отбасымен табиғатта түсірілген жеке суреттері де қойылып, көрме ажарын аша түсті. Келесі күндері жоспарға сай ашық сабақтар өткізілді. І санатты химия пәнінің мұғалімі Ш.Ж. Отарбаев 9 сыныпта «Электролиттік диссоцациялану теориясы» тақырыбында өткізген ашық сабағында мұғалім Ж.А. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын негізге ала отырып, топпен, жұппен жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылды. Сабақ өз мақсатын толық ашып, жоғары деңгейде өтті. География пәнінің мұғалімі З.С. Нүркееваның «Күн жүйесі» тақырыбында өткізген сабағы қызықты, мазмұнды өтіп, тәжірибесі мол ұстаздың жас мамандарға берер үлгісі, ұлағаты мол екені көрініс берді. Сонымен қатар биология-география пәнінің мұғалімі Р.С. Молдахметова 10-сыныптар арасында «Қоршаған ортаның ластануы» тақырыбында дебат ұйымдастырды. Биология пәнінінің мұғалімі Н.Ж.Какина 8 «А» сынып оқушыларымен «Қалқанша маңы безі және оның гармондары» атты ашық сабақ, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сыныптан тыс жарыс сабақты Г. Қайсархан 9-сыныптар арасында өткізді. Сайыста оқушылардың танымдық деңгейлері, тұтқиылдан қойылған сұрақтарға ұтымды жауап бере білулері мұғалімдерді тәнті етті. Сайыстың мақсаты балалардың пәнге деген қызығушылығын, жеңімпаз болуға, білімге деген ұмтылыстарын арттыру болатын. Апталықтың қорытындысында «Адамзат - табиғат перзенті» атты мектепшілік «КӨҢІЛДІ БІЛІГІШТЕР КЛУБЫ» ұйымдастырылып, 8-10 сынып оқушылары белсене қатысты. Сайыстың соңында жеңімпаздар анықталып, І орынды 8 «Ә» сыныбы иеленсе, ІІ орынды 8 «А» сыныбы, ІІІ орынды 10 «А» сыныбы иеленді.
Осындай мерекелік шаралардың берер тәлім-тәрбиесі мол. Белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Г. Абдыманбекова,
мұғалім,
Талапкер ауылы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Ашық есік күні
Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат
Салауатты өмір-денсаулық кепілі
Тарихшылар семинары
Жырлайды жүрек
Колледж әдіскері Ш.Танатаркызы
Бөлім: Статьи / Біздің мектеп | Көрсетілім: 3048 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз