Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ертіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.


Ертіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.

Ертіндіге  (концентрацияға) берілген есептерді шешу.

  Ертіндіні проценті бойынша табуға арналған есептер ҰБТ-да жиі кездеседі. Оны шығару көптеген оқушылар үшін  қиындық туғызады. Сондықтан да ертінділердің қосылыстарына арналған есептерді ескі тәсілмен шығаруға болады.Ескі тәсілмен есепті теңдеу құрмай-ақ тез есептеп табуға болады. Ескі тәсіл бойынша шығару жолы төмендегідей схема бойынша жүзеге асады:

 

            В                 |A – C|

 

 А

 

            С                 |A – B|  

 

мұндағы  В, С қосылатын ертінді , А – қосылғаннан кейінгі шыққан ертінді

|A – C|, |A – B|  - әр ертіндіден қанша бөлік алатынын көрсететін оң шама.

Мысал арқылы түсіндірейік:

1- есеп. 95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50грамына 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын күкірт қышқылының массасын тап.

 Шешуі:

 

                      50г

 

                 80%               5

 

95%

 

                100%             15

     50:5=10

     15*10=150

жауабы 150грамм

Схема бойынша 80% -тік күкірт қышқылынан 5 бөлік ал 100%-тік күкірт қышқыланан 15 бөлік алу керек. Сондықтан әр бөліктің құнын білу үшін 50грамды 5 бөлікке бөлеміз. Шыққан санды  15-ке көбейтеміз.

2-есеп. 5%-тік сірке қышқылының ертіндісіне 40%-тік сірке қышқылының ертіндісін қосып, 30%-тік сірке қышқылының 140 гр. алынды. әр ертіндіден қанша грамм алынған?

Шешуі:         

                  5 %               10

140г 

30%

                  40%              25

10+25=35

140:35=4

10*4=40

25*4=100

жауабы:  40грамм, 100 грамм

3-есеп. Екі қоспаның біреуінде 40%, екіншісінде 20% күміс бар. 32 %-тік қоспа алу үшін 20кг бірінші қоспаға екінші қоспадан қанша кг қосу керек?

Шешуі:

 

                     20кг

                  40 %             12

 

32%

 

                  20%              8

 

  

8* 

  Жауабы: кг.

 

4-есеп. Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. Құрамында тұздың концентрациясы 1,5% болу үшін 15л теңіз суына қанша литр тұщы су құю керек?

Шешуі:

                    15л

                  5 %               1,5

1,5%

 0%                 3,5

15:1,5=10

3,5*10=35

жауабы: 35л

5-есеп. 30%-тік  және 10% -тік тұз қышқылдарын қосып, 600грамм 15%-тік тұз қышқылының ертіндісі алынған. Әр қышқылдық ертіндіден неше грамнан алынған?

Шешуі:

                  30 %              5

600г 

15%

 

                  10%              15

5+15=20

600:20=30

30*5=150

30*15=450

  жауабы: 150гр., 450гр

 

6-есеп. Сұйықтықтың құрамында тұз қышқылы салмағы бойынша 5%. 40кг сұйықтыққа құрамындағы тұз қышқылы 2% болу үшін неше кг таза су құю керек?

Шешуі:

 

                  40кг

                  5 %               2

 

 2%

                 0%                 3

40:2=20

20*3=60

жауабы: 60кг.                

 Жаттығулар.

№1. 15 литр 10%-тік тұз ертіндісіне 5%-тік тұз ертіндісі араластырылып, 8%-тік ертінді алынған. Қанша  литр 5%-тік ертінді қосылған?  (жауабы 6л)

№2. Бір ертіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ертіндісін алу үшін  бірінші және екінші ертіндіден қанша алу керек? (жауабы 20л, 80л)

№3. Құрамында никельдің  мөлшері 5%  және 40%  болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30% болатын 140т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысынан неше тоннадан алу керек? (40т, 100т)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу
Концентрацияға және проценттік құрамдарға берілген есептердің шешу жолдары
Күкірт оксидтері және олардың қосылыстары
Азот қышқылы және оның тұздары
Химия сабағында Ривин –Баженов әдісімен жасалған карточкаларды қолдана отырып есеп шығару
Азот қышқылы
Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Хлордың оттекті қышқылдары . Йод
Хлордың оттекті қышқылдары . Йод
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 9109 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз