Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің даму қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне тез бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті [1].
Сондықтан да ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс – тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады.
Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:
- жүйелі ойлау;
- экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет;
- кәсіпкерлік мәдениет;
- өзін-өзі тану және басқаларға ұсыну;
- өз қызметін білімді талдау;
- кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;
- жаңа білімді өз бетімен меңгеру;
- әр іске жауапкершілікпен қарау.
Осыған орай, біздің қаржы-экономикалық пәндер «Қаржы» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, есептер жинағы, электрондық оқулықтар қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықта қажеттілігін туғызуға бағытталуы қажет. Өйткені соңғы кездерде білім саласында біліктілік моделінен құзыреттілік моделіне ауытқу көп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні көбінесе біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады. Дегенмен біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі сипатталады деуге әбден болады.
Техникалық ғалымдар докторы Н.А.Селезнева және физико-математикалық ғылымдар кандидаты И.Н.Медведевтің ғылыми басшылығымен Мамандарды салалы даярлау мәселесін зерттеу орталығында Псков мемлекеттік педагогикалық университетімен шығармашылық бірлестікте орындалған іс-тәжірибеге назар аударатын болсақ, мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік және арнаулы құзыреттілігі бөлінген.
Негізгі құзыреттілік.
Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі ол құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:
- ақпараттық;
- коммуникативтік (қатысымдық);
- әлеуметті – құқықтық құзыреттілік көрсетілген.
Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Осы жоғарыда аталған үш құзіреттілік барлық азаматтар үшін, олардың мамандығына, білім деңгейіне, тұратын жеріне қарамастан негізгі қажетті қасиеттер болып саналады.
Жалпы кәсіптік құзыреттілік.
Бұл құзіреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман қаржыгерлері, банкирлері, есеп саласының қызметкерлері қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы жағынан қарастыратын болсақ, бұл мамандықтар бойынша болашақ мамандар қазіргі өзгермелі нарықтық экономика жағдайында мәселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеу, кәсіпорын тұтынушыларымен, клиенттерімен тіл табыса алу қасиеттерімен бағаланады.
Осыған орай, экономикалық мамандықтарының мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, өзгерістерге тез бейімделгіш, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан-жақты, қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке түсе алатын, теория жүзінде алған білімін тәжірибемен байланыстыра алатын, әсіресе елдегі жалпы халықаралық деңгейдегі экономикалық жағдайларды сараптап, талдай алатын маман даярлау деп санаймын.
Құзіретті маман даярлау мақсатында «Білім алушылардың білімділік белсенділігін арттыру технологиясын» пайдаланамын. Бұл оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты - оқушыларға өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу. Себебі күнделікті өмірде, іс әрекет ету сферасында адамға қажетті маңызды құзыреттілік, ол мәселелерді шеше білу. Егер студент мәселелерді шеше білу қабілетін игерсе, болашақта олар жұмыс жасайтын ұйымда оларға деген қажеттілік арта түседі.
Осы бағытта өзім дәріс оқитын «Бухгалтерлік есеп» пәнінен «Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру», «Есеп саясатын құру», «Өнімнің өзіндік құнын анықтау» және Білім ұйымы анықтайтын арнайы «Бизнеспен танысу» пәнінен «Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау», «Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету», тақырыптары бойынша берілген өндірістік ситуацияларды шешу барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы, дұрыс шешім қабылдай алу қабілеттері артқанына көз жеткіздім. Сонымен қатар студенттер барлық шаруашылық операцияларды орындау барысында ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» заңы және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарымен /ҚЕХС/ өз бетінше жұмыс жасап, қазіргі кезде бухгалтерлік есептің басқару жүйесіндегі алатын орнын, типтік шоттар жоспарының талапқа сай қолданылуы қажет екендігіне толығымен түсінгендерін байқадым.
Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту». Ерекшелігі: білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердлің нәтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңінен қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы – «білім» студенттерге дайын күйінде хабарланбайды, керісінше олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың өздері табады. / Қосымша 1 /
Сол себепті, арнайы пәндерді оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. Мысал келтіре кетсек, «Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәнінен «Өнімді өндіру және өткізу үрдісін талдау» тақырыбы бойынша оқушылар берілген тапсырмаларда екі кәсіпорынның өнімді өндіру, оны өткізу жоспарының орындалу немесе орындалмай қалу мәселелерін қарастырды және орындалмай қалу себептерін анықтап, оны шешуге тырысып, екі фирма арасындағы тиімді қызмет жасайтын фирманы анықтап, оның жетістігін дәлелдеді. Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар студенттердің қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын арттырды деп ойлаймын. Қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі студенттің өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған саты деуге болады.
Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады. Сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда оқушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, болашақ маман ролін жоғары деңгейде орындауға тырысады.
Атап айтқанда, циклдік комиссиясының апталығында оқушылардың өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Бухгалтерлік есеп теориясы» пәні бойынша «Қазіргі заман бухгалтері» сайысы. Бұл сайыста топ оқушылары берілген тапсырмалардың тез шешімін табу, экономикалық сөйлемдер құрау, шоттар байланысын типтік шоттар бойынша корреспонденциялар құру сияқты тапсырмаларды орындап, мұның бәрінің соншалықты маңызды екендігін түсінді.
Арнаулы құзыреттілік.
Оқу орны түлегі моделі - белгілі бір өндіріс, ғылым, мәдениет саласындағы жұмысшы құзіреттілігін сипаттай алуы. Сондықтан әр оқушының өз мамандығына байланысты арнаулы құзіреттілігін анықтау қажет. Арнаулы құзіреттілік - маманның сала ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру сияқты қабілеттермен байланысты.
Колледждің қаржы-экономикалық бөлімі түлектері келесідей базалық құзыреттерді меңгереді:
- Мәселелерді шешу, қауіп-қатерді бағалап және қалыпсыз жағдайларда шешім қабылдауды;
- Кәсіптік міндеттерді қою және шешу үшін, кәсіптік және тұлғалық даму үшін қажетті ақпараттарды іздеп, талдап және бағалауды;
- Кәсіптік қызметті жетілдіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды;
- Кәсіптік іс-әрекетті реттейтін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді қолдануды;
- Бекітілген есептеу-есеп беру құжаттарын жүргізуді;
- Қаржылық жоспарлауды;
- Ұйым қызметінің экономикалық тиімділігінжоғарлататын іс-шараларды құруды;
- Қаржы есебін жасау, рәсімдеуді;
- Ұйымның қаржылық жағдайына талдау жүргізуді.
Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді.
Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелері жайлы көптеген пікірлер айтылуда. Соларға сүйене отырып, мұның өзі болашақ мамандарды қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау, талдау, маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.
Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында: «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға- «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі»,- деген болатын [2] . Демек, еліміздің оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050 Астана 2014 ж.
2. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
3. Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. Алматы 2008 ж.
4. Нұрмашқызы А.Қатысымдық құзыреттілік мәселесі туралы. // Білім.Образование. 2008 №6 б.32-33
5. Н.Назарбаев «Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» - Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқылған лекция. Астана, 2006.
6. Шилова О.Н. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать // Информатика и образование. 2004 №3 с.96-100
7. Равен Дж.Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Функционалдық сауаттылық
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.
Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру
Колледж әдіскері Ш.Танатаркызы
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Білім сапасын арттыру жолдары
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 8025 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз