Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық


Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық

Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке енуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылық пен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
    Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Осы тұрғыда қазіргі кезде ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылық, яғни құзыреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр.
    Ал құзырлылық, құзыреттілік дегеніміз 12 жылдық біліммен тікелей байланысты. Себебі 12 жылдық білім беру жағдайында оқушы тек қана білім алушы ғана емес, сонымен қатар:
-ізденуші
-зерттеуші
-басқарушы
-ұйымдастырушы
-кеңесші 
-үйлестіруші дербес тұлға.
    Сондықтан да 12 жылдық мектепте құзыреттілік тәсіл жаңа тәсіл болып табылады. Ал құзыреттілік тәсіл негізінде оқыту оқушыны біліммен қаруландыруды емес, проблеманы шеше білуге үйретуді алғашқы кезекке қояды. 
    Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту үшін педагогтың құзырлылығы маңызды.
    Құзырлылық – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.
    Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Яғни, кәсібиді мамандық десек, құзырлылық, құзыреттілік – жасай алу деген сөз. Педагогтың құзырлылығы жеке тұлғаның қасиетін білдіретін ұғым деуге болады. 
    Педагогтың құзырлылығы төмендегі үш аспектімен сипатталады :
1. Мәндік аспект: ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым-қатынас.
2. Проблемалық-практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтың алдына мақсат, міндет нормаларын қойып және орындау жолдарын анықтау сипаттайды.
3. Коммуникативтік аспект: педагогтың осы үрдіске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді. Құзырет оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. 
    Құзыреттілік – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет. Ал оқушының негізгі құзырлылығы жеті бағытта анықталған. 
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – жасампаз қоғам өмірінде өз рөлін таба білу біліктілігі, азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, ең басты өз Отанының патриоты.
2. Мәдениеттанымдылық құзыреттілік – рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу. Өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну, бағалау; жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктері мен этномәдениеттік құбылыстарды тани білу. 
3. Оқу-танымдық құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Әлемнің ғылыми бағытын ізденушілік-зерттеушілік әрекет арқылы игеру. 
4. Коммуникативті құзырлылық – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу, өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру, интерпретанциялау.
6. Әлеуметтілік еңбек құзыреттілік – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық азаматтық тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік қызметін өзіндік қадір-қасиет сезіммен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау, өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу.
      Осындай құзыреттілікті бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу үшін заман талабына сай деген мұғалім жоғарғы деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзыреттілігін білуге тиіс. Олар: арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметін жоғарғы деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
    Әлеуметтік құзырет – бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану (ұжым, топпен) қабілеті, қызмет ету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
    Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылығы және білім біру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі. Ең бастысы – мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі. Ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру әр кадрдан талап етіледі. Яғни, әрбір ұстаз өзінің электрондық әдістемелік жүйесін құруға жұмыс жасау керек. Қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі – бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау мәселесі. Себебі 12 жылдық білім беруде еңбек ететін мұғалім тек қана білім көзі ғана емес, заман талабына сай бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатынан терең мән бере білу, нәтижеге бағдарланған білім сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болу қажет. Ахмет Байтұрсынов: “Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек” дейді.
    Тәуелсіз еліміз іргелі, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ілігеміз деп ұмтылып жатқанда, сол мақсатты болашақта жүзеге асыратын ұстаз ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті мол тұлға болумен қатар ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі бола білуі тиіс. Сондай-ақ оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары – адамгершілік, ізгілік еңбекқорлық, парасатты, мінез-құлық қасиеттерін бойына сіңірген ұстаз болуы керек. 
    Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту.
    12 жылдық білім беруде әр мұғалім баламен жұмыс жасауда, яғни, жүргізген әр сабағын жаңаша өткізуге, оқушының пікірін бағалап, олардың өзіндік шешім шығара білуіне көп ықпал жасайды. Сондай-ақ жоғарыда атап өткендей ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игерудің алғашқы қадамы тек қана теориялық тұрғыда ғана емес, практикалық түрде іске асып жатыр. Оған дәлел қазіргі таңда мұғалімдердің басым көпшілігі компьютерді меңгеріп, интернетпен жұмыс жасауға толық көшті. Ашық сабақтар мен тәрбиелік іс-шараларды интерактивті өткізуді меңгерді. Осының бәрі мұғалімнің өзінің игеруге тиісті құзырлылықтарын өз бойларына жинақтап жатқанын байқатады.
    Қай кезде де, қандай да болмасын өзгерістер мен жаңалықтарды іске асыруда, өмірге қолдануда алғашқы кезекте бар жауапкершілік бастауыш мектепте жүктеледі. Себебі білімнің бастауы бастауыштан басталады. Сапалы білімнің іргетасын қалаушы – бастауыш сынып мұғалімі. 
    Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. 
    Сондықтан мұғалім 6 жастан мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің даму деңгейі мен әлеуметтік жағдайын зерттеп, оқу-тәрбие процесінің нәтижелеріне мониторинг жасап отыруы керек. Педагогикалық мониторинг объектісі – оқушы, мұғалім және білім беру үрдісі.
    Абылай ханның сөзімен айтсақ: “Білекке сенген заманда бабаларымыз ешкімге есе бермегенде бүгінгі білімге сенген заманда білімді ұстаз, жаңа ұрпақ болып қапы қалмаймыз” деп ойлаймын. 
 
                                                Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «12 жылдық білім» журналы. 2006 жыл, №5, №8, №9, №11.
2. «Мектеп директорының орынбасары» журналы.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.
Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру
12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ ҮЛГІСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША БЕЙІНДІ БАҒЫТТА ОҚЫТУ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Білім сапасын арттыру жолдары
Мұғалімнің құзыреттілігін арттыруда жаңа технологияларды қолдану
Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2161 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык