Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақпарат. Әлемнің ақпараттық бейнесі


Ақпарат. Әлемнің ақпараттық бейнесі

Әлемнің ақпараттық көрінісі

Ақпарат әртүрлі байланыс желілері арқылы беріледі:  электрлік, талшықты, және т.б. Қазіргі кезде біртұтас ақпараттық кеңістік пайда болды – компьютерлік желілер құрылып, дами бастады.  Осыған байланысты техникалық жүйелерді (мысалы, Жерден спутникті басқару немесе мобильдік телефон арқылы үйдегі кондиционерді қосу және т.б.) қашықтықтан басқару мүмкін болды. Ақпарат адам еңбегінің негізіне айналды.  Адам өмірі үшін маңызды  жақтарының барлығы ақпараттық технологияларынсыз жүзеге аспайды. Алайда әлем туралы түсінік бүгінгі  түсінік деңгейімен  аяқталмайды.  Адамның қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтетін үнемі жаңа идеялар пайда болып, жаңа ашылулар орын алып жатады. Әлемде болып жатқан өзгерістерді ақпарат арқылы ғана танып білуге болады.  Адам қоғамда, табиғатта, техникада болып жатқан өзгерістерден үнемі хабардар болуы керек. Мұны түсіну үшін болып жатқан құбылыстарды дұрыс қабылдап, саралап, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру қажет.

Мегаәлемді галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандар құрайды.

Макроәлем адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.

Микроәлем өлшемдері өте кішкентай нысандардан – молекула, атом сияқты нысандардан тұрады. Ал барлық нысандар заттардан тұрады.  Зат дегеніміз бізді қоршаған нәрселер – ауа, жер, су, адам және т.б. 

Барлық нысандардың өзара әрекеттесетін энергиялары немесе қуаты болады. «Энергия» немесе «қуат» түсінігі  өңдегіш техниканы, қозғалтқыштарды  ойлап табумен байланысты пайда болды.

Әлемдегі барлық құбылыстарды  заттық-энергия  алмасумен түсіндіруге болмайды.

Әлемнің ақпараттық бейнесі  заттық-энергия бейнесін  ақпараттық тұрғыдан түсіндіреді.

Адам өз өмірінде  үнемі әртүрлі үдерістермен кездеседі.  Егер әрекет нәтижесінде (мысалы, өсімдіктерді өсіру, киім тігу, тамақ пісіру және т.б.) нысанның өзгеруі орын алса, онда үдерістің  орын алғанын білуіміз қажет.

Ақпараттық үдеріс– қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылған іс-әрекет.

Ақпараттық үдерістің үш түрі бар:

  1. Сақтау.
  2. Өңдеу.
  3. Қабылдау (беру).

 

Ақпараттық үдерістердің ортақ белгілері

         Ақпараттық үдерістер тірі табиғатта, адамдар қоғамында, техникада орын алады.

         Ақпаратты алу, өңдеу, сақтау кез келген ағзаның өмір сүру шарты болып табылады. Мысалы, ағаш  температура, күннің ұзақтығы, топырақтың ылғалдылығы туралы ақпаратты қабылдап,  бүршіктердің, жапырақтардың  пайда болуын, олардың қайта түсуін реттейді. Жануарлар дыбыстық ақпаратты қабылдау арқылы бір-бірімен байланыса алады. Иіс арқылы жәндіктер қоректерін табады, бөтендерді өздерінен ажырата алады.

         Адам қоршаған орта туралы  ақпаратты сезім мүшелері арқылы  қабылдайды. Әлемнен хабардар болу үшін  ақпаратты  есінде сақтайды.  Өмірде үнемі шешім қабылдау қажет болады, яғни ақпаратты өңдеу керек. Көшеге шығу үшін де, алдымен терезеден далаға қарап, ауа райын болжап, қандай киім кию керек екендігі туралы шешім қабылдайды.

         Қоғамдағы ақпараттық үдерістер  негізі – адамдар арасындағы  қарым-қатынас, білім алмасу.  Адам қоғамының  дамуы коммуникация деп аталатын осындай қарым-қатынассыз мүмкін емес.  Компьютерлердің пайда болуына байланысты қоғамда ақпараттық үдерістер қарқынды дамып келеді. Қазір адам жедел түрде ақпаратты қабылдап, бере алады. Компьютерлік желілер адамдар қарым-қатынасын  қамтамасыз ету үшін  ақпараттық орта құрады.

         Адам ақпарат әлемінде өмір сүреді. Уақыт өткен сайын ақпарат  өзгереді,  адамның өзі де өзгереді (білім, тәжірибе жинақтайды), адамның әлем туралы түсінігі де өзгереді.

         Кез келген нысан сияқты апараттың да қасиеттері бар.

Ақпаратың қасиеті – шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.

         Уақыт өткен сайын ақпарат ескіруі мүмкін, яғни нақты жағдайды бейнелемейтін дерекке айналады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Компьютер.
Ақпараттық процестер
Ақпарат және ақпараттық үдерістер. Әлемнің ақпараттық бейнесі
Ақпараттық үдерістер
Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрі
Берілген мәтін үзіндісіндегі ақпарт көлемін бағалау» Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпаратты компьютерде сақтау
Ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпарт және ақпарат түрлері
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 17611 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз