|
|
Ақпараттық процестер
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық процестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, ақпараттық процестермен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, онлайн-оқулық, жұмыс дәптер
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастырукезеңі
- Үйге берілген тапсырманы тексеру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
Сабақтың құрылысы: Пирамида «Ақпарат
- «Миға шабуыл.» Сәйкестендіру тесті.
II .«Білгенге маржан» Ақпараттық процестер.
Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
- Біз кітап, газет – журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
- Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
- Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруду және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
- Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды
Тапсырманы орындау
Берілген ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін кестеден өзің белгіле.
Кестені өз мысалдарыңмен жалғастыр
- «Онлайн» Электронды- онлайн оқулықпен жұмыс.
Тұяқбаев Ерсайнның 7сыныпқа арналған
Информатикаэлектронды- онлайн оқулығын ашу.
- Сергіту сәті.
Көз жаттығуларын музыкамен жасау.
- «Интерфейс» Электронды тест
10сұрақтан тұрады.
Тест қорытындысын бағалау
«5» - 90-100%
«4» - 50-80%
«3» - 30-40%
«2» - 0-20%
- «Білім шыңы» Сабақты бекіту
- Ақпарат өлшемінің ең кіші өлшем бірлігі?
- Бір мегабайт - ....
- Табиғи тілдерді ата
- Ақпараттың негізгі түрлері?
- Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код
- Жасанды тілдерді ата
- Ақпараттың көлемі деп нені айтамыз
- Кодтау дегеніміз не?
- Декодтау дегеніміз не?
- Санау жүйелерін ат
- Үйге тапсырма: §4.17-18 бет,тақырыпты оқу, cөзжұмбақ құрастыру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |