Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары


Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары

Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету жолдары

 Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімдіұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп,жүйелі қалыптасуына өздік жұмыстың дұрыс таңдалып алынып,құрастырылуына байланысты болады.

Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен,түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен,интернетпен жұмыс  істеуге үйрене бастайды.Өздігінен жұмыс істеуге талпынады.Жұмысы нәтижелі болса,оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

 Өздік жұмыстар ұйымдастырылуда мынадай талаптар орындалуы қажет:

1.Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.

3.Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек.

4.Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей,сабақтың барлық кезеңдерінде,орынды жерінде өткізу керек.

Өздік жұмыстарды жеке оқушымен,топтарға бөлу арқылы,барлық оқушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады.

Өздік  жұмыстардың түрлері:оқулықпен жұмыс,әр түрлі жаттығулар,практикалық және зертханалық жұмыстар,тәжірибелер,бақылау жұмыстары,тест тапсырмалары,  рефераттар,баяндамалар,ғылыми жоба т.б.

Өздік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.

Бұл жеке, топтық және түгел сынып оқушыларымен жүргізіледі.

 1.Топпен өздік жұмыс жүргізілгенде, әр топқа жеке тапсырмалар беру керек. Әр топтың бір басшысы болады-үлгерімі жақсы оқушылар. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектеседі. Әр топ келесі топқа өз сұрақтарын қояды. Мұнда оқушылар өз бетімен сұрақтар, сызбалар, карточкалар, плакаттар, суреттер дайындап әкеледі.

2.Оқушыларға өздік жұмыс ретінде тарихи материалдардан баяндамалар, рефераттар жасауды тапсыруға болады.

3.Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда, жіберілген қателермен жұмыс жасап, қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға тапсырма беремін. Оқушы өз қатесін тауып алады.

4.Сәйкестік тест жүргізгенде, әр оқушыға жеке карточка жасап таратылып, тексеріледі.

 Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:1)оқыту;2)жаттықтыру;3)бекіту;4)қайталау;5)дамыту;6)шығармашылық, яғни іздену мақсатына;7)бақылау мақсатында;

1.Оқыту мақсатындағы (обучающий) өз бетімен жұмыс жаңа тақырыпты түсіндіру  барысында тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі. Оның мақсаты-жаңа материалға қызығушылығын дамыту, оқытушы нені түсіндіріп жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару. Осы жерде бірден не түсініксіз екені анықталады, яғни өтіліп жатқан тақырып бойынша ереже, қасиеттерге мысалдар келтіру арқылы жүргізуге болады. Мысалы: «Логарифмдер және оның қасиеттерін»тақырыбын түсіндіріп болғаннан кейін мынадай тапсырмалар беруге болады. а) Логарифм қасиеттеріне 2-3мысал келтір.

2. Жаттығу ( тренировочный) мақсатындағы өз бетімен жұмысқа арналған тансырмалар бір текті болады, яғни түсіндіріліп берілген анықтама, ережелерге сәйкес қасиеттерді, белгілерді қорытып шығару. Бұл көбіне геометрияда қолданылады. Мұндай жұмыс кезінде оқытушының көмегі қажет болады немесе оқулық, дәптер-таблицаларды қарауға рұхсат беріледі.

Осындай өз бетімен жұмысқа тапсырмалар әр түрлі деңгейде карточкалар немесе дидактикалық материалдар арқылы беріледі. ( 7-8 сыныптар дидактикалық жаттығу).

3. Бекіту мақсатындағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді және әр түрлі теоремалар мен ережелерді араластыра отырып ( комбинированного) қолдануда талап етеді.

4. Шығармашылық мақсаттағы өз бетімен жұмыс өте жоғарғы деңгейде жүргізіледі; бұл оқушылардың үлкен қызығушылығын арттырады. Мұндай тапсырмаларға шығарылған есептің II-ші; III-ші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір теоремалардың дәлелдемесін басқа тәсілдерімен табу тапсырылады. ( Пифагор теоремасы).

5. Қайталау мақсатындағы өз бетімен жұмысты оқытушы жаңа сабақты түсіндіргенге дейін жүргізеді, яғни оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында, қиындық келтіретін сұрақтар болса анықтауға көмектеседі.

6. Дамыту мақсатындағы өз бетімен жұмыс белгілі бір тақырыпқа байланысты баяндама дайындауға үйге тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға дайындау, ғылыми-конференция т. с. с.

Қорытынды:

Оқушыны өздік жұмыс жасауға үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндіктабиғатын қалыптастыру,білімдік деңгейін көтеру болып табылады.

Габдуллина Ләззат Сайлауқызы

Орал қаласы №20 ОЖББМ физика пәнінің мұғалімі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау - білім анасы
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Өздік жұмысы
Өзіндік жұмыстың маңызы
Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру әдістері
Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
Сағат саны Өту
Жұмыс объектілеріне технологиялық карталар, сызбалар, құжаттар дайындау
Өздік жұмыс
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 3967 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз