Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Паскаль тіліндегі жиымдар


Паскаль тіліндегі жиымдар
Пәні: Информатика
Класы: 9
Өтілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тіліндегі жиымдар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Кестелік шамалар, алгоритмдегі кестелік шамаларды Паскалда программалау жолы мен әдісдері туралы түсінік қалыптастыру. ARRAY опреторы арқылы программалауды үйрену, пысықтау. Бір және екіөлшемді жиымдар туралы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Программаны математикалық модел құру арқылы сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Жиым элементі, элементті берілген қасиеті бойынша іздеу, сұрыптау туралы түсініктер қалыптастыру. Есептерге программалар жазып компьютерде орындау;
3. Тәрбиелік мақсаты: Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтау.
Сабақтың типі: Түсіндірмелі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
2. Үй тапсырмасын тексеру бөлімі (8 минут)
3. Жаңа сабақты түсіндіру бөлімі (11 минут)
4. Тапсырма орындау бөлімі (15 минут)
5. Сабақты бекіту бөлімі (5 минут)
6. Үйге тапсырма беру бөлімі (3 минут)

Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу;
2. Сынып, тақта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау;
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру бөлімі:
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

Қысқаша сұрақ-жауап:
• Жиым дегеніміз не?
• Жиым параметрлеріне сипаттама бер.
• Жиымға мысалдар келтір (сандық, символдық, жолдық).
• Кестелердің қандай түрлері бар, мысал келтір.
• МЕКТЕП жиымында қандай біртекті элементтер болуы мүмкін? (оқушы, ұстаз, кіпхана, кітап,...)
• АСПАН жиымында қандай біртекті элементтер болуы мүмкін?
• Сызықтық кесте, тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не, мысал келтір.
• Мәліметтер қандай типтерге жіктеледі? (қарапайым және күрделі тип)

Интерактивті тақтадан Паскаль тілінде шығарылған есептер беріледі. Нәтижеде қандай мән шығатынын табу керек.



Жаңа сабақты түсіндіру бөлімі:

Жиым – бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны.
Жиымның негізгі параметрлері мыналар: типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді ...) және көлемі (жиымдағы элементтердің саны).
Бірөлшемді жиымды Паскалда былай жазады:
<atay> : array [1..n] of <элемент типі>
Мұндағы:
<atay> - жиым (кесте) атауы,
1 - алғашқы элемент нөмірі, n- ақырғы элемент нөмірі,
<элемент типі>-integer, real немесе string…болатын элемент типі,
array- (жиым) операторды белгілеуге арналған Паскалдың қызметші сөзі.
Тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелердің реттелген жолдарын, фамилия тізімін көп пайдаланамыз, олар бірөлшемді (вектор) немесе екіөлшемді (матрица) жиым элементтері болуы мүмкін. Паскаль тілінде қарапайым айнымалылармен қатар жиым түрінде біріктірілген айнымалылар да жиі кездеседі.
Мысалы, нақты сандардан құрылған төмендегі тізбекті
1,6 14,9 -5,0 8,5 0,46 2,25 -9,85 6,27 5,7 -3,2
бірөлшемді жиым деп, оған А деп атау беруге болады. Жиымның бір элементі жиымның атымен белгіленеді де, тік жақша ішіне оның индексі қойылады. Яғни жиым элементтері индекстері бойынша реттеліп жазылады.
Программада индекс және индекс типі ұғымдарын шатастыруға болмайды.
Индекс типі жиымды сипаттағанда пайдаланылса, индекс жиым элементтерін белгілеу үшін операторлық бөлікте пайдаланылады. Индексті сипаттағанда қандай тип берілсе, индекс сол типте ғана болуы қажет.
Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.
Сондықтан да көбінесе жиымдарды индексті айнымалылар деп те атайды. Ал индекссіз айнымалыларды жиымдардан ажырату үшін қарапайым айнымалылар деп атайды.

Тапсырмаларды орындау бөлімі:

Оқушыларға біріншіден есептің шығарылу жолы мысал арқылы түсіндіріледі.
Есеп: 5 сөзден тұратын сөздер тізбегі берілген. Ең ұзын сөзді анықтайтын программа жазыңыз.

1. Сөз жиымы белгілі sz[1..5] типі жолдық,
жиымдағы сөз нөмірі і – бүтін сан.
2. Ең ұзын сөзді анықтау керек sz[x] -типі жолдық және оның нөмірін x – (бүтін), символдар санын анықтау,
3. Ең ұзын сөзді табу үшін алғашқы сөздің ұзындығын max (бүтін) деп алып, оны келесі сөздің ұзындығымен салыстырамыз, егер ол сөзін ұзын болса ауыстырамыз, болмаса тексеруді ары жалғастырамыз. Ең соңында ұзын сөз анықталады.

program esep;
var sz:array[1..5] of string;
i,x,max:integer;
begin
write('әр жолға бірден 5 cөз енгіз ');
for i:=1 to 5 do
read(sz[i]);
max:=length(sz[1]); x:=1;
for i:=2 to 5 do
begin
if max<length(sz[i]) then begin max:=length(sz[i]); x:=i;end;
end;
writeln;
writeln('Ең ұзын сөз ',sz[x]);
writeln('Рет нөмірі ',x);
writeln('Сөздегі әріптер саны ',length(sz[x]));
end.

Есеп. 10 элементтен тұратын нақты сандардың жиымы берілген. (Кестеге қараңдар). Осы кестеде қанша оң сан бар екенін анықтайтын программа жазыңыз.

Математикалық модель.
1. Не белгілі? элемент нөмірі белігілі і- бүтін сан,
кесте белгілі nc[1..10] - типі нақты.
2. Не істеу керек? Оң сандар санын табу s - бүтін сан.
3. Қалай есептейміз?
Алдымен кесте элементтерін for операторы көмегімен енгіземіз. Тағы да сол оператор көмегімен барлық элементтердің оң екендігін тексереміз.
Сонымен i=1 … 10 дейін өзгереді кесте элементтерін енгіземіз
Тағыда i=1 … 10 дейін өзгереді, әр жолы егер nc[i]>0 болса s мәнін 1-ге арттырып отырамыз.
Нәтижені экранға шығарамыз.
Сонда Pascal ABC-тегі программамыз былай болып шығады.

program esep;
var nc:array[1..50] of real;
i,s:integer;
begin
s:=0;
write('арасын бөліп 10 нақты сан енгіз ');
for i:=1 to 10 do
read(nc[i]);
for i:=1 to 10 do
if nc[i]>0 then s:=s+1;
writeln;
writeln('Кестеде ',s,' оң сан бар');
end.
(Оқушыларға тапсырмалар үлестірме қағаз түрінде таратылады.)

Тапсырмалар:

Тапсырмаларды дәптерге орындаңдар;
Жоғарыдағы программаны жиымдағы
№1. Теріс элементтердің санын шығаратындай;
№2. 0-дерді санап шығатындай;
№3. Оң сандардың қосындысын есептейтіндей;
№4. теріс сандардың қосындысын есептейтіндей етіп өзгертіңіз.
Сабақты бекіту бөлімі:
Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларға бекіту сұрақтары қойылады.

Сұрақтар:

1.Жиым дегеніміз не?(бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны)
2. Жиымның негізгі параметрлері? (типі, өлшемі, көлемі)
3. Жиымның қандай типтері бар? (сандық, символдық, логикалық)
4. Жиымдар өлшемі бойынша қалай бөлінеді? (бірөлшемді, екіөлшемді)
5. Жиымның көлемі дегеніміз не? (жиымдағы элементтердің саны)
6. Бірөлшемді жиымды Паскалда қалай жазады? (<atay> : array [1..n] of <элемент типі>)
7. Индекс қандай түрде беріледі? (өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін)
8.Индекссіз айнымалыларды жиымдардан ажырату үшін не қолданылады? (қарапайым айнымалылар)

Үйге тапсырма беру бөлімі:
5.4 тақырыпты оқып келу, бақылау сұрақтарына жауап беру

Бағалау. Оқушыларға жекелеген мадақтаулар мен ескертпелер жасай отырып бағаланады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Процедуралар мен функциялар
Жиымдар. Паскаль тіліндегі жиымдар
FOR –DO, FOR –DOWNTO қайталау операторы
Мәлімет типтері. Өрнектер және олардың жазылуы. Айнымалы ұғымы
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Массив (жиым)
Циклдік алгоритмдер
Көп өлшемді жиымдармен (массивтермен) жұмыс
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 4702 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз