Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәрбиеші – оқушының оқу мотивін ынталандырушы, бағыт беруші


Тәрбиеші – оқушының оқу мотивін ынталандырушы, бағыт беруші

Тәрбиеші – оқушының оқу мотивін ынталандырушы,

бағыт беруші

Мақсаты: Тәрбиеші оқушыға жан-жақты тәлім-тәрбие беруші және оқушы бойына білімнің әр саласын дамытатынын ескере отырып, тәрбиешілік қызметтің негізгі мақсат-міндеттерін анықтау;

Міндеті: Оқушының оқу мотивін ұйымдастыру мақсатында мектеп ұжымы, ата-ана, тәрбиешіқарым-қатынасының сабақтастығын арттыру;

Бүгінде заман талабына сай білім беру орындарында инновациялық әдістерді қолданып, шәкірт тәрбиелеу жүйесі енгізілді. Бұл бастама оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне, ой-санасын дамытуға өз септігін тигізеді. Ғылым саласындағы жаңару мен жаңғыру үдерісі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауында да айтылып келеді. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі»,-  деген. Ендеше, білім мен тәрбие берушілердің басты міндеті – оқушы бойында отаншылдық сезімін ояту болып табылады. Өйткені, біздің елімізге адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза, елжанды азамат керек.

Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу аса жауапкершілікті талап етеді. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, таразыға тарта салатын дүние емес. Менің ойымша, шәкіртін өнер-білімге баулып, адамгершілік, ізгі қасиеттерді сіңіре білген тәрбиеші оның өмір бойғы досына, сенімді сырласына айналады. Себебі, түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысады.

Тәрбиеші - балаға жан-жақты тәлім-тәрбие  беруші. Сынып тәрбиешісін бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, отбасы, ошақ қасынан кейінгі екінші ата-анасы деуге болады. Өйткені, сыныптағы әрбір оқушы өзінше бір ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әрбір оқушының мінез-құлқындағы ерекшеліктерді, жан-дүниесін, жанұядағы тәрбиені терең  зерттеп білмеген тәрбиеші ол құпияның кілтін таба алмайды. Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, мінез-құлқын үнемі зерттеп, біліп, шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл-кеңес беріп, оған ізгілікті қасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып тәрбиешісі ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады. Ұстаз еңбегінің ұлылығы – осында жатса керек. Мектеп-интернат жағдайында оқушы интернат тәртібіне төзе алмай, талай қиындықтарды басынан кешіреді. Міне, осындай кезде онсыз да күйзеліп жүрген оқушыға бағыт-бағдар беру – тәрбиешінің басты міндеті. Әр баланың мінезі әр қилы, сезімі нәзік. Әр баланың жас ерекшелігіне қарай, мінез-құлқына қарай тіл табысып, сөйлесу оңай емес, тәрбиеші тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді. Мысалы, сендіру әдісі арқылы бала бойында тұрақты, терең саналылықпен, эмоционалды сезіммен қабылданған саналы көзқарас пен мінез-құлық нормалары мықтап орын алады. Болашаққа деген сенім пайда болады, талғампаздық қасиеттерді қалыптастырады. Жаттықтыру әдісі арқылы бала бойында жақсы әдет-дағдылар жетіледі.

 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы құрылған болатын. Аталған бағдарламада тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асыруда тәрбие саласында инновациялық іс-әрекетті ынталандыру, жаңа тұрғыларды енгізу,  механизмдерін әзірлеу сынды бірнеше мақсат міндеттері көрсетілген.  Бағдарламадағы тәрбиенің принциптері мен білім берудегі тәрбиенің басым бағыттары білім алушыларда азаматтық сананың жоғары деңгейін қалыптастыруға,   адамгершілік, толеранттылық, жалпы мәдени, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілетін  жүзеге асыруға бағытталған біртұтас тәрбие жүйсінқалыптастыруға бағытталған. Мәселен мұндағы тәрбие принциптері – адам тәрбиесіне негіз болатын идеялар немесе құндылықты тұғырларды, қоғам дамуының деңгейін, оның тұлғаның нақты типін жаңғырту, тәрбие процесінің мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру қажеттілігі мен талаптарды көрсетеді.

Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін  әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шынтуайтына келгенде, тәрбиешінің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Өйткені, сүйікті мұғалім дәрежесіне жеткен ұстаз ғана сүйкімді оқушыға тап болады.

Тәрбие жұмысы – инемен құдық қазғандай. Қаншама жүйкесін шаршатып еңбектенсе де, кейбір оқушының келеңсіз қылығы үшін еңбегі еш болып, жуылып-шайылып кете барады. Бауырынан шыққан баласының болашағын ойламайтын ата-ана кем де кем. Осы мектеп мектеп-интернат жағдайында: «баламды киіндіріп, ақшасын төлеп жатырмын, одан артық не керек, баланың біліміне, тәрбиесіне мұғалім-тәрбиешілер жауапты», - деп барлық міндетті мектепке ысырып салатын ата-аналар да бар. Сол ата-аналармен тіл табыса отырып, ата-ананы да тәрбиелеу  - тәрбиешінің міндеті.

Тәрбиеші – оқушы бойында білімнің әр саласын дамытатын ғалым.Ол қалай жүзеге асырылады? Оқушыларды ұйымдастыру әкімшілік, пән мұғалімдері, ата-ана, мектеп ұжымымен жұмыс істей отырып балаға деген талапты ортақтастыру арқылы жүзеге асырылады. Оқуға саналы көзқарасты қалыптастыру, ой еңбегі мәдениетінің дағдыларын жетілдіруге ұмтылу, кітаппен жұмыс істей білуге, оқығаны туралы өз ойын дәйекті әрі баянды түрде әңгімелей білуге үйрету. Бұл жөнінде Абай атамыздың жетінші қара сөзінде былай делінген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтаам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, екіншісі білсем екен деп ұмтылып, одан ер жетіңкірегенде ит үрсе де мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?», деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді». Мұның бәрінің артында білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген үлкен сапалық ой жатыр.

Өзіндік дайындық кезінде тәрбиешінің міндеті – нұсқау, көмек көрсету, бақылау, тексеру.Дайындық кезінде бала тәрбиешінің көз алдында, байқауында болу керек. Әр оқушының қабілет деңгейін, адалдық дәрежесін, ұқыптылығын білуге тиіс. Тәрбиеші ешқашан естен шығармауы керек: бір оқушы асықпайды, ал келесісі жылдам, үшіншісі өз бетімен орындағынды жақсы көреді. Ал кейбіреуі көмекті көп қажет етеді. Көмек бұл бақылау кезінде анықталады. Осы орайда оқушылардың өзара көмегін қолдана отырып, дұрыс бағыт беру керек. Тексеру – бұл оқу-тәрбие жұмысының ең негізгі кезеңі. Сондықтан тәрбиешінің соңғы қадағалайтын жұмысы – өзін-өзі тексерудің дұрыс жолға қойылуын тексеру. Балаларға психологиялық ахуал тудыра отырып, балаларға дербестік беру арқылы оқу еңбегін белгілі дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды. Баланың қалыптасып келе жатқан білімін жетілдіруге кітапханамен қатар тәрбиешінің өзі белгілі жүйемен жинақтаған мынадай материалдары көмекке келе алады: халықтық педагогика, педагогика және салауаттылық, ақын-жазушылар, мәдениет және өнер, патриоттық тәрбие.

Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халық педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түседі. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті М. Жұмабаевтың мына сөздері еске оралады: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуы қажет. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».

Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. «Өзіңнен  өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», - дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады, демек, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады демекпін.

         Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев: «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті», -  деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Тәлімгер мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәлімгердің басты міндеті.

        Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған - деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, қазіргі заман тәрбиешісі - заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә.« Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». -2007

2. М.Б. Ибраимов, А.Қ. Сарсенбаева, Р.Н. Ахметова «Жетекші тәрбиеші»     

3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің         

2013-2015 жылдарға арналғанкешенді бағдарламасы

4. Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері. - Алматы, 2001.

5. Ілиясова А. «Класс жетекшісінің  жүргізетін  тәрбие жұмысының  жүйесі».  - Алматы, 1991

6. Әбенбаев С.Ш.«Сынып жетекшісі».  - Алматы: Дарын, 2004.

7. Г. Алпысбаева, С.Көмекбаева, Н.Қожамжар, Ж.Далиева «Ата-ана және сынып жетекшісі» (Сынып жетекшілерінің озат іс-тәжірибесінен) «Қаламгер-ТЕН», 2011-68 бет

 

Бала мен тәрбиешінің арасындағы байланыстың жоғарлығы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Құқықтық тәрбие
Рухани-өнегелі тәрбие
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 5760 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз