Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.


Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Сыныбы: 8 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: § 38,39. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Электр кедергісі. Меншікті кедергі.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың теорияда алған білімдерін,зертханалық жұмыста пайда-
лана білуге үйрету.
Білімділік:Тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу мен кедергі арасындағы тәуелділікті
тағайындау.
Тәрбиелік:Оқушыларды өзбетімен жұмыс жасауға, приборды уақытылы пайдалана білуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық:Тізбекті құра білуге үйрету, есептеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:Тәжірибелік сабақ.

Пайдаланатын көрнекіліктері: Интерактивті тақта, амперметр, вольтметр, кілт, ток көзі,
Өткізгіш сымдар.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру жұмысы
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары арқылы сұраймын.
1.Электр тогы дегеніміз не?
2.Ток күші деп нені атайды?
3.Ток күшін қандай формуламен есептейді,өлшем бірлігі қандай?
4.Ток күшін қандай құралмен өлшейді, оның шартты белгісі?
5.Электр кернеуі деп нені атайды?
6.Электр кернеуінің формуласы қандай?
7.Электр кернеуінің өлшем бірлігі.
8.Кернеуді өлшейтін құрал, оның шартты белгісі қандай?

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ой қозғау стратегиясы. Проблемалық сұрақ қою.
Күнделікті тұтынатын электр шамының кеш мезгілінде бәсеңдеуі. Ал түн ортасында жарқырауы неліктен?

Жауап: Электр энергиясын тұтынушылар электр желісіне көп қосылғандықтан токтың кедергісі артады, сондықтан токтың күші азаяды.Яғни :

1 тірек сызба

ІҮ.Тәжірибе көрсету:
Ток күші неге және қалай тәуелді екенін қарастырайық. Электр тізбегін жинап, АВ өткізгіші арқылы ток өткізейік. (80- сурет)

Амперметрмен АВ өткізгіштегі токты, ал вольтметрмен өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшейік. Ток көздерін ауыстырып және тәжірибені қайталағанда, тізбектегі токтың да,өткізгіштің ұштарындағы кернеудің де өзгергенін көреміз.АВ өткізгіштің ұштарындағы кернеу қанша есе артса, өткізгштегі ток та сонша есе артады, яғни І Ụ Егер АВ өткізгішінің орнына ЕД өткізгішін алып, Ток көздерін ауыстыра отырып, олармен дәл осы тәжірибені жасасақ, онда токтың ЕД өткізгіштің ұштарындағы кернеудің шамасына пропорционал екенін көруге болады.
Тәжірибеден алынған ток күшінің кернеуге тәуелділігін көрсететін математикалық нәтижелерді былай жазуға болады:

U немесе I=

Мұндағы - пропорционалдық коэффициент.
Тәжірибе - өткізгіштің қасиеттеріне ғана тәуелді екенін көрсетеді.
Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Г. Ом ашты.

2 тірек сызба

Ом заңы: Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура
тура пропорционал , өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.


SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді.

1Ом=

Кедергінің 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1В болғанда, бойымен 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі қабылданған.
Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:
Тізбектегі кедергіні өлшеуге реостаттар қолданылады.Олар: реттегіш және іске қосқыш болып бөлінеді.

Реостаттың шартты белгісі:

R l

R

R ρ

R= ρ

Көптеген тәжірибелердің негізінде тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатындығы тағайындалған.
Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. Меншікті кедергіні ρ әрпімен белгілейді.

ρ = немесе Ом*м

Ү.Жаңа тақырыпты бекіту.

а)Деңгейлік есептер шығару.

1-қатар
18-жаттығу 4-есеп
Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом.Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

Берілгені формуласы шешуі
R=20 Ом
I= 19А U=IR U= 20 Ом·19 А=380 В
U= ?

19-жаттығу 1-есеп
Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 , ұзындығы 24,2м константан сымнан жасалған электр пешінің қыздыру элементінің кедергісін анықтаңдар.

Берілгені ХБЖ формуласы шешуі
S = 1 1·
l = 24,2 м R= ρ R= =11,374 Ом
R= ?

2- қатар
18- жаттығу 5-есеп
Құлсары мұнай мұнарасын қосалқы станциямен қосатын электр сымындағы кернеу 380 В болғанда, одан 12 А ток күші өтсе, онда сымдағы кедергінің қандай болатындығын есептеңдер.

Берілгені формуласы шешуі
U= 380 В
I= 12А R= R= = 31,67 Ом
R= ?
19-жаттығу 5-есеп
Теңіздегі мұнай мұнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2 . Жағадағы оператор басқару орнында амперметр 4 А-ді, вольтметр 30В-ті көрсетсе, электр сымының мұнай мұнарасынан жағаға дейінгі ұзындығын табыңдар.

Берілгені ХБЖ формуласы шешуі
S= 0,15 0.15·
I= 4А l= l= = 4160 м
U= 30В
R= R= =7,5 Ом
l = ?

3-қатар
18- жаттығу 6-есеп
Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 15 кОм болса, онда қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер.

Берілгені формуласы шешуі
U= 45кВ
R= 15кОМ I= I= =3А
I= ?

19-жаттығу 6-есеп
1800 м тереңдңктегі бұрғылау ұңғымасына токты жеткізетін сымның көлденең қимасының ауданы 6,2 мм2, жалпы кедергісі 4,7 Ом. Сымның меншікті кедергісін анықтаңдар.

Берілгені ХБЖ формуласы шешуі
l = 1800 м
S= 6,2 6.2· ρ = ρ = = 1,619· Омм
R= 4,7 Ом
ρ = ?

ә) Эксперименттік тапсырма.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру.
Оқулықтағы 194-сурет бойынша электр тізбегін құрастырамыз.Тізбекті тұйықтап, тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.Құралдардың көрсетулерін кестеге жазамыз. Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептейміз.

Рет саны І,А U ,В R, Ом
1
2
3


ҮІ.Жаңа тақырыпты қорытындылау.
ҮІІ.Домино ойыны.
ҮІІІ.Үйге тапсырма беру: § 38,39 оқып келу.
ІХ.Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Электр кедергісі
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Бөлім: Статьи | Көрсетілім: 9963 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз