Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.


Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль- Ленц заңы.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, токтың жұмысы мен
қуатының өрнегін қорыту, Джоуль- Ленц заңы тұжырымдамасымен
танысып эксперименттік тапсырмалармен есептеулер жүргізу арқылы
білімдерін бекіту, теориялық білімін практикада пайдалануға
дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: СТО жобасы ( стратегиялары )
Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, реостат,резистор, өткізгіш сымдар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру жұмысы.
ІІ Қызығушылықты ояту. (эксперименттік тапсырма)
Алдарыңызда оқулықта 197- суретте электр тізбегінің сызба нұсқасы берілген. Соған қарап электр тізбегін құрастырыңдар.Амперметр мен вольтметрдің көрсетуіне қарап ток күші мен кернеудің мәндерін арнайы таратылған кестеге жазып алыңдар. Ом заңы бойынша кедергіні есептеп тауып кестені толтырыңдар.
Рет саны I (A) U (B) R (Oм) P (B ) А(Дж)
t=1с Q (Дж) t=1с
1
2
3

ІІІ Мағынаны тану.(сұрақ- жауап)
Электр кернеуі қалай анықталады?
Жауабы: U=
Осы өрнектен жұмысты анықтайық:
A= q·U
Ток күшінің өрнегі қандай?
I=
Осы өрнектен зарядты қалай табуға болады?
q= I·t
Сонда электр тогының жұмысы неге тең болар еді?
Жауабы: A= IUt
Сонымен көріп тұрғанымыздай электр тогының жұмысы неге тәуелді?
Жауабы: Ток күшіне, кернеуге, уақытқа.
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірлігіне А= 1Дж =1А·1В·1с қабылданған.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңына сәйкес ток күші неге тең?
I=
Осы формуланы пайдаланып электр тогының жұмысының формуласын түрлендіре қойыңыздар.
А= U·t= ·t
U= I·R A= ·R·t
Ал уақыт бірлігінде өндірілетін токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.
P=
P = = I·U
P = =
P = =
Осыдан электр тогының қуаты дегеніміз не?
Жауабы: өткізгіштегі ток күшінің кернеуге көбейтіндісі арқылы анықталатын физикалық шама.
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірлігіне Р = 1Вт = 1А·1В қабылданған.
IҮ. Эксперименттік есеп:
Сабақтың басындағы эксперименттік тапсырмадағы өлшеп алған ток күші мен кернеудің мәндерін пайдаланып қуат пен электр тогының 1 секундтағы атқарған жұмысын есептеп табыңдар да қолдарыңдағы кестені толтырыңдар.
Токтың қуатын өлшеуге арналған құралды Ваттметр деп атайды. Ал ток жұмысын өлшеуге арналған құралды электр санауыш деп атайды.

Токтың өткізгіш арқылы өтіп жатқандығын біз қандай әсерлері арқылы анықтай аламыз?
Жауабы: Жылулық, магниттік, химиялық, физиологиялық.
Яғни жылулық әсерін біз өткізгіштің бойымен ток өткенде оның қызатындығымен түсіндіре аламыз.
Сонымен қатар электр энергиясы ішкі энергияға айналады деп айта аламыз.
Олай болса,өткізгіштің бойымен ток өткенде бөлетін жылу мөлшерін тәжірибе жүзінде ағылшын ғалымы Дж.Джоуль мен орыс ғалымы Э. Ленц зерттеп, мынадай тұжырымдама жасады:
Джоуль-Ленц заңы:Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу
мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады:
Q = ·R·t
Осы формулаға қойып өткізгіште бөлінетін жылу мөлшерін есептеп табыңдар да, кестенің соңғы көзін толтырыңдар.
Ү. Жаңа тақырыпты қорытындылау:

А) Баспалдақ ойыны

Деңгейлік есептер шығару :Тапсырманы төменнен жоғары қарай кезек- кезек орындап оны
төмендегі жауаптардан табады. Кім тез және қатесіз есептесе, сол
жеңіске жетеді.

Ә) Ассоциация стратегиясы:
анықтамасы формуласы

белгіленуі

өлшем бірлігі өлшейтін құралы

ҮІ. INSERT стратегиясы:
Бұрын білемін Жаңа білдім Білгім келеді
ҮІІ. Үйге тапсырма беру: § 42 Оқып келу
ҮІІІ. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Тұрақты токтың жұмысы. Қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы
Бөлім: Статьи | Көрсетілім: 4053 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз