Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушы мәдениеті


Оқушы мәдениеті
Тақырыбы: Оқушы мәдениеті дегеніміз не?
Мақсаты: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның
жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке
тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.
Әдіс-тәсілдері:
Көрнекілігі:бейнежазба,слайд,
1.Ұйымдастыру
А). Оқушыларды топқа бөлу
1-топ. Оқи берсең , көзің ашылады, Отыра берсең , ұйқы басынады.
2-топ.Ақылды мақтанса, істі тындырар, Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.
3-топ. Ережелер тәртіптілікке ғана шақырып қоймайды, мәдениеттілікке де үйретеді.
4-топ.Мектеп ережесінің мәнін, сыр-сипатын терең ашып түсіндіре білу - тәрбиешінің төл жұмысы.
5-топ. Адалдықтың да, ақылдылықтың да негізі — тәрбиеде.
Ә).Сынып оқушыларының сауалнама қорытындысы.
Сауалнама.
№ сұрақтар иә жоқ кейде
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10 Мәдениетті болу дегенді түсінесің бе?

Мәдениеттілік туралы өз білгеніңмен ортақ ой бөлістің бе?
Мәдениетті оқушы дегенге келісесің бе?

Өз достарыңды мәдениетті деп санайсың ба?
Өз жанұяңда осы тақырыпта ата-анаңмен ортақ пікірге келген кезің болды ма?

Бұл тақырыпта сөйлесу саған қажет деп есептейсің бе?

Өзіңді мәдениеттілікке тәрбиелеу саған байланысты деп ойлайсың ба?

Мәдениеттіліктің бастауы-сәлемдесуден басталады ма?

"Мәдениет" ұғымы сен үшін маңызды ма?
"Мәдениеттілік өзіңнен басталады" деген тоқтамға келісесің бе? Не себепті?

1-тапсырма. "Көргенімнен түйгенім" бейнежазба арқылы ой бөлісу
Мәдениеттілік дегеніміз не?
Оқушы мен оқушы мәдениеті
Оқушы мен ұстаз мәдениеті
Оқушы мен ата-ана мәдениеті

2-тапсырма. "Сіз не дейсіз?"
№1.«Қоғамдық көліктегі мәдениеттілік» Сен өзін күнделікті мінетін автобусты аялдамада көп тосып тұрдың, шаршадың. Көлігің келіп тоқтады да, сен ішке еніп бос орынға келіп жайғастың. Келесі аялдамада үлкен қария кісі мінді, бос орын жоқ. Сен не істер едің?(Оқушылар өз ойларын ортаға салады).
1 – оқушы: - Қоғамдық көлікке басқаларды итермелемей, мәдениетті түрде кіру керек.
- Жол ақысын төлеуді ұмытпа.
- Көлік ішіндегі адамдарды қағып – соғып, итермелеме, дауыс көтеріп ұрыспа. Абайсызда қағып кетсең кешірім сұра.
- Үлкен кісілерге, мүгедектерге, балалы аналарға орын бер.
- Билетіңді аяқ астына тастай салмай, көліктен шыққаннан кейін арнайы жәшікке сал.
Мұғалім: Әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
№2.«Дастархан басындағы мәдениет»
1. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
2. Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?
3. Дастархан жабдықтау мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
1 – оқушы: Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бірқалыпты тамақтану, тағамдардың түрліше болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп – жей білу, дастархан басында өзіңді дұрыс ұстай білу.
- Столға қолыңды тазалап жуып, сырт киіміңді шешіп келіп отыру керек.
- Дастархан басында жан – жағыңа алақтамай, тыныш отырып тамақтану керек, әйтпесе тамағың дұрыс сіңбейді.
- Аузыңа тамақты толтырып алып қасыңдағы адамдармен сөйлеспе, аузыңнан тамағың шашырайды әрі сөзің түсініксіз болып шығады.
- Дастархан басында отырып қатты сөйлеудің, қатты күлудің, балағат сөздер айтудың қажеті жоқ.
- Дастархан басында аяқ – қолыңды кермей жинақы отыр.
- Амандасу үшін тағам тұрған столдың үстінен қол созу дұрыс емес.
- Тамақ ішіп болғаннан кейін қолыңды, аузыңды салфеткамен сүртуді ұмытпа.
- Рахмет айтуды да естен шығарма.
№3«Мәдени – көпшілік орындардағы мәдениеттілік»
- Концерт басталып кетті, сен сәл кешігіп келдің. Өзіңнің билетте көрсетілген орның алдыңғы жақта. Сен не істер едің?(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)

3-тапсырма. «Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды?»
Оқушыларға ақ парақ таратып, оқушылар параққа өздерінің қолын салып, қиып алады. Алақанының қақ ортасына өз есімін жазып қалдырады және қолдарды бір- бірімен алмастырады. Сынып оқушылары әр адамның қолына оның бойындағы жақсы қасиеттерді жазады. Мұғалім әр қолдарға жазылған қасиеттерді оқиды, ал сынып оқушылары оның кім екенін табады.
4-тапсырма. Адам. Өмір. Мәдениет сөздерін байланыстыра отырып шағын әңгіме құрастыру немесе қойылым ұйымдастыру.
5-тапсырма. "Түйінді сөзді мен айтайын" (көрермендермен сұхбат)
Алдарыңызда көрсеткен қойылымнан қандай ой түйдіңіздер және замандастарыңызға қандай ой айтасыздар?

Рефлексия: "Сұрақтары бар қорап" (Оқушылар бүгінгі сынып сағаты бойынша ұсыныстары мен пікірлерін жазып, қорапқа салады)

Бағалау. Көрермендер арасындағы бақылаушы топ әр топтың жұмыстарына жеке- жеке тоқталып, талдау жасап, баға береді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.
Әдептілік-әдемілік
Әдептілік -әдемілік
Салауатты өмір-денсаулық кепілі
Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау
Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Мәдениеттілік дегенді қалай түсінесіз?
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Сорпа
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 6276 | Қосты: Махметова Меруерт Асқарқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык