Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана


Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана

Тақырыбы:“Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана“.

 

Мақсаты: 1. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.                                                                                                                            2.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.

                     

  «Отбасы –шағын мемлекет  Мен-президент, сен-премьер.».     Қ.Аманжолов                                                            

Отбасы- ол да бір шағын мемлекет.Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б  болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі  отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор  болуына  тәрбиелеген. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт.                                                                                                               "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.                                                                                                         Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.

                                   

                               Бала тәрбиесіндегі  алғашқы  ұстаз — ата-ана.                                                                                                                                                                                                             «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»

Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамыйды:

адамгершілік инабаттылық

                                      Еңбекпен тәрбиелеу  

  Бала ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді

өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу;                                                          оның үйренуіне көмектесу   берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау;                                                            істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру;                                                                                            жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру.

                          

               Бала тәрбиесіндегі басты тұлға- әке мен шеше

ӘКЕ менШЕШЕ: Баланың жан дүниесіне үңілу; мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білу; әңгімелескенде олардың пікірімен  санасу; сенген сырын жарияламай, сақтай білу, ашық сөйлесе алу.

Балаға теріс әсер етеді: Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы,балалардың көзінше арақ ішу, үсті-үстіне темекі тарту  т.б.

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.                                                                                                                                                                           Сондықтан  Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру  дұрыс білім алуына жағдай жасау 

                                                    Ата-анаға ұсыныс:

 1.Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.                                                                         2.Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.                   3.Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.      4.Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.                                                           5.Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).

                                                    Ой толғанысы ...

  1. Егер баланы үнемі сынап отырса , оқуға құлқы болмайды
     Балаға үнемі күлсе , бұйығы болып өседі
     Баланы қолдап отырса , білімге деген ынтасы артады
  2.  Балаға сенім артса , ол батыл болады
    Бала төзімділікте өссе , адал болып жетіледі
    Бала қауіпсіз жағдайда өссе , ол адамға сеніммен қарайды
  3. Бала кекшілдікте өссе , ол қатыгез болып өседі
    Бала адалдықта өссе , әділ болып жетіледі
     Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді

                               Ата-аналарға слайд көрсету

                                                       Шегенің ізі

Мінезі жаман бір жас жігітті,ешкім түзей алмапты,оның қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен  әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр»,-деп табыстапты. Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып,табыстапты.Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынмен әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке-жеке татулас. Әрбір татуласқан сайын бір шегеден  суырып отыр»,-дейді.

Біраз күндер өтіпті.Бір күні қараса,қағылған бар шеге суырылып біткен екен.Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі: «Балам жарайсың,жарадың,-депті,-алайда мына тақтайға жақсылап қарашы? Шегелерді  суырғанда қалып қойған орындарын,қарайған  көп тесікті көріп тұрсың. Тақта  әуелгісіндей таза қалпында,әдемі болып қалмады. Достарыңмен  төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады.Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір-бір дақ қалдырып отырады,сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағай сың,балам»,-деген екен ұлын сабырға шақырып,оған өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырады.

Қорытынды:Бала ата-ана өмірінің жалғасы.Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Отбасы ұшқан ұя-жылы лықтың,жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік! Бала тәрбиесі оңай емес,бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер!Сіздердің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ата-ана бастауыш сынып баласының үй тапсырмасын орындауына қалай көмектеседі.
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Ата-ананың алақаны-балаға айдынды қоныс
Оқу мен тәрбие – егіз.
Әр бала бақытты болуға лайық
Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
Бала тәрбиесі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6424 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык