Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 3532 |
|
|
|
Көрікті көктем
Көрікті көктем
Мақсаты: балалардың көктем туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көктемгі табиғат ерекшелігі мен өзгерістерге туралы білімдерін кеңейту,әңгімелесу.
Дамытушылық: құстарға қамқорлықпен қарауға және еңбексүйгіштікке баулу.
Тәрбиелігі: табиғатты аялай білуге , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: көктем көрінісі ,құстардың суреттері,құстың ұясы
Билингвалдық компонент: көктем–весна,құстар-птицы,күн-солнце,ағаштар-деревья.
Әрекеттер кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеттері
Балалардың іс-әрекеттері
Ынталандыру,сезімді ояту.
Балалар шаттық шеңберге тұрады.
Тәрбиеші:Балалар,Күн-анамыз бізге нұрын шашып тұр. Қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып , бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Ұйымдастыру - іздену:
- Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар?
- Көктемде күн жылып , қар ериді , құстар ұшып келеді , ағаштар бүршік жарады .
- Көктем жайлы қандай тақпақ білесіңдер?
Айбек:
Көктем келді бүгін
Күн де төкті нұрын
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар.
Құдырет:
Көктемде , көктемде
Күн нұрын төккенде
Көк шыбық былтырғы
Көгерді , құлпырды
- Балалар , көктемде жылы жаққа ұшып кеткен құстар оралады. Біз оларды ұя жасап қарсы аламыз. Ата-аналар көмегімен жасалған ұяны көрсетіп , серуенге шыққанда ағаш басына ілеміз.
- Балалар , осындай ұяны геометриялық пішіндер арқылы құрастырып, жапсырамыз .
Тақтада ұяны жапсыру ретін қағаз бетіне пішіндерді орналастыру ретімен түсіндіріледі.
Балаларды алдын ала дайындалған бөлшектер қойылған үстел басына шақырып , жапсыру жұмысы жүргізіледі.
Үшбұрыш , төртбұрыш , шеңберді жапсырамыз .
Сергіту сәті:
Қане , қанат жазайық
Құстай болып ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызды табайық
Тыйым сөздер
Құс ұясын бұзба.
Жұмыртқаға тиме.
Құсқа тас лақтырма.
Ұшты-Ұшты ойыны.
Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты
Ұшты-ұшты қарындаш ұшты
Ұшты-ұшты қарға ұшты
Ұшты-ұшты арба ұшты
Ұшты-ұшты үйрек ұшты
Ұшты-ұшты бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты қаз ұшты
Ұшты-ұшты саз ұшты
Топтастыру «Құстар» (суреттер арқылы)
Рефлексивті- түзету
Балалар құстың ұясына таң қалып , өздерінің топта жасаған жұмысын әңгімелеп береді. Барлық жұмысқа оң баға беріледі.
Құстар біздің досымыз
Ұя жасап,қарсы алып
Біз оларды қорғаймыз.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Құстардың атын атар,топтастыру,қорғай білу.
Игеру керек: дайын бөліктерден ұяны құрастырып,жапсыру.
Меңгеру керек: ойынды бірлесе ұйымшылдықпен ойнауды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |