Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер


Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер

Тақырыбы: Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер

Мақсаты :  
 а)Оқушыларға астық тұқымдастар –бағалы азықтық өсімдіктер        
 туралы  мағұлмат бере отырып негізгі ұғымдарды қалыптастыру

ә) Оқушылар белсенділігін арттыру. ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше      
 шығармашылықпен ізденуіне мүмкіндік туғызу. 

 б) Болашаққа көзқарасын қалыптастыру.Табиғи ортаны қорғауға үйрету. 

 Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,Суреттер, Кеппешөптер. Таратпалы карталар

 Түрі:     Жаңа білім беру
Пәнаралық байланыс:  География , химия .

Сабақтың барысы :
           I.Ұйымдастыру кезеңі
 1.Үй тапсырмасы
           II.Жаңа сабақ 
           1.Бекіту.
 III.Үйге тапсырма 

 1.1.Өткен сабақты пысықтау үшін үлестірмелі карталар таратылады.

 II.Жаңа сабақ:

   Бүкіл  әлемге таратылған маңызды дақылдар –даражарнақтылар класына    жататын-астық тұқымдас өсімдіктер.Олардың 10000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі бар. Астық тұқымдастардың басым түрі шөптекті өсімдіктер. 
    Астық тұқымдастардың жалпы сипаты (интерактивті тақтадан суретін көрсету). Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді .Оның сабағын сабан сабақ деп атайды. Жапырақтары қатар жүйкелі,сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. 
Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ . Олар жинақталып гүлшоғырын құрайды.Гүлшоғыры-сыпыртқы гүлдер,күрделі масақ,собық,шашақ түрінде кездеседі. Гүл негізінде 2- қабыршақ,2-гүлүлпегі ,Аталығы-3, Аналығы-1, 
3-жеміс жапырақшасынан тұрады. Аналық аузы қауырсын тәрізді 2тілімді болады. Жатыны жоғары орналасады .  Жемісі –дәнек . Тамыр жүйесі –шашақ. Гж2А3Ж(3)Гж- гүлжапырақ.Гүлжапырақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. 
   Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Оған:бидай, күріш, тары, жүгері, қант қызылшасы тағы да басқа адам тағамға пайдаланатын өсімдіктер жатады. Малазықтық түрлеріне қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге ,тарғақ, арпа .т.б. Сүректі бамбуктарда астық тұқымдасқа жатады,(бамбук,алып сүрек қамыс) құрлыс материалдары ретінде пайдаланады.Қара сұлы, жатаған, бидайық, арпабас,қонақ –арамшөптер.
   Барлық өсімдіктердің кеппешөптері таратылып, оқушылар табиғи түрімен таныса алады
 Өзімізге жақсы таныс астық тұқымдасы-екпе күріш,биіктігі-50-150см бір жылдық даражапырақты өсімдік. Жасыл күлгін немесе қызғылтым, жапырағының ұзындығы 50см, ені 1см болады. Гүлшоғыры 10-40 см. Масақшалары тік өседі. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы,ұзын қырлы болады. Күріштің аталығы-6-ау. Дәнегі жұқа қабықша. Гүл формуласы Гс2А3+3Ж3.   Екпе күріш-азықтық дақыл. Дәнегінде 9-12 % нәруыз, көмірсу- 65-70 % ,
 4-6 %  май болады. Жылусүйгіш өсімдік,тұқымы+10-12С өсе бастайды. Негізгі Отаны Оңтүстік Батыс Азияның тропиктік елдер ,Үндістан, Қытайда 4-5 мың жыл бұрын егілген.  Күріш егуден дүнежүзілік рекорд жасаған Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі екі мәрте Еңбек Ері атанған күріш өсіруші     Ыбырай Жақаев.Тары егуден рекорд жасаған тары өсіруші Шығанақ  Берсиев еді.

Сабақты бекіту:
1.Астық тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады.?
2.Сабансабақ   дегеніміз  не ?
3.Күріш қандай өсімдік?
4.Астық тұқымдастардың қандай маңызы бар?
5.Күріш атасы деп кімді атаймыз?
6 Кеппешөптер бойынша бидай, арпа тары, сұлы, бидайға сипатама жасау .
 Кестені толтыру.

 Қорытынды:   
 Кестені толтыру.
Астық тұқымдас өсімдіктер
Азықтық өсімдіктер Малазықтық өсімдіктер Құрылыс материалы ,қағаз өндіру шикізаты болатын өсімдіктер Сыпырғыш дайындауға қажетті өсімдік Зиянды өсімдік

            № 11 зертханалық жұмысты  орындау.
        III. Үйге тапсырма:  параграф 34
         Ы. Жақаевтің еңбек жолы туралы реферат жазып  кел


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астық тұқымдастары
Астық тұқымдастар-бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұкымдастар- бағалы азықтық өсімдіктер
Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары
Қос жарнақтылар класы. Раушан гүлдер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар
Өсімдік –өмір тірегі
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 5785 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык