Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орта ғасырлардағы қазақ даласында туған тарихи шығармалар және қазақ жерінен шыққан даналар


Орта ғасырлардағы қазақ даласында туған тарихи шығармалар және қазақ жерінен шыққан даналар

Сабақ тақырыбы Орта ғасырлардағы қазақ даласында туған тарихи шығармалар және қазақ жерінен шыққан даналар

Сабақтың мақсаты мен міндеттері Орта ғасырлардағы ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы, сол дәуірде туған тарихи шығармалар жөнінде түсінік беру.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Ғұламалар мен даналардың шығармаларындағы нақыл  сөздер арқылы оқушыларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу.
Сілтеме Оқулық,  дидактикалық құралдар.
Күтілетін нәтиже. Осы дәуірде өмір сүрген ғұламалардың өмірін, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі туралы біледі. Құнды деректермен танысады, маңызын анықтайды, салыстырады.
Сабақтың жабдықтары. Карта, сызба-кестелер, постер, стикер,
Флипчарт.
Технология Дамыта оқыту технологиясы.
Оқыту әдісі Топтық, жұптық, жеке жұмыстар.
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.Өткен сабақта аяқталмаған талдау тапсырмаларын,
тарихи диктантты тексеру, жеке оқушылармен сұрақ жауап  арқылы өткен сабақты қортындылау.
   Жаңа тақырыпты оқып-үйрену кезеңі.Жаңа сабақта берілетін негізгі мағлұматтар: 
1. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд  Қашқари-аса дарынды ғұламалар.     
2. Қ.А.Иассауи-ақын,философ.»Диуани Хикмет» еңбегінің мазмұны,маңызы.  3. Махмуд Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри еңбектеріндегі тарихи деректер.
Оқушыларға тапсырма бермес үшін «Кім қандай жемістерді жақсы көреді?» ойыны арқылы топтарға бөлу. Топтарға бағалау көрсеткіші беріледі.
Топтық тапсырмалар.   
1-топ.
1 әрекет. Әл-Фараби суреті жабыстырылған
плакат беріледі осы тұлға туралы білгендеріңді толық жазыңдар.
   2-топ        
1 әрекет. Жүсіп Баласағұни суреті салынған плакат беріледі, бұл кім ол жөнінде білетіндеріңді  толық жазыңдар.
   3-топ          
1 әрекет. Махмуд Қашқари бұл кім-сөзі жазылған плакатқа оқушылар әрі қарай өз білгендерін жазуға тапсырма беріледі.
 
1-топ.
  2. әрекет. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди»шығармасының құндылығын  оқулықты басшылыққа ала отырып сызбаға түсіріңдер.
  2-топ.
 2.әрекет. Қадырғали Жалайридің «Жылнамалар жинағы» еңбегіндегі Қазақ хандығы жөніндегі деректерді қосымша материалдар арқылы талдаңдар.
 
3-топ.
2.әрекет. Қ.А.Иассауидің»Диуани-Хикмет»шығармасындағы адамгершілік моральдық ұстанымдарды тауып жазыңдар.
 
Мұғалімнің іс- әрекеті. Оқушының іс- әрекеті.
Бақылайды, көмектеседі, жинақталған
Мағлұматтар береді. Іздейді, оқиды, жазады, бір-біріне көмектеседі, мұғалімнен көмек сұрайды.
 
Жұптық жұмыстар: Карточкалармен жұмыс.  Қазақ жерінен шыққан даналардың  аты-жөнін олардың шығармалары тұрған ретпен сәйкестендіріңдер.   
         
1.Бируни Түркі сөздерінің жинағы.
2.Жүсіп Баласағұни. Диуани Хикмет.
3.Махмұд  Қашқари. Астрономияға кілт.
4.Қожа Ахмет Иассауи. Тәлімгер жинағы.
5.Сүлеймен Бақырғани. Музыканың үлкен кітабы.
6.Әл-Фараби Бақыт туралы ғылым.
 
 Салыстырыңдар. Ж.Баласағұни мен М.Қашқаридың еңбектерін салыстырып көріңдер. М.Дулати мен Қ.Жалайри шығармаларындағы ұқсастықты табыңдар.                      
  Кестені  толтырыңдар.
Сұрақтар Тарих-и Рашиди Жылнамалар жинағы. Шыңғыснама. Әбілғазы шежірелері.
Қазақ халқы, оның тарихы, экономикасы туралы қандай мағлұматтар бар.
 
Ашық  тест.
1.  «Екінші Ұстаз» атанған ғұлама-
2. Әл-Фараби білім алған қалалар –
3. «Құтты білік» кімнің еңбегі –
4. «Түркі тілдерінің сөздігіне» ерекше баға берген орыс ғалымы –
5.  Иассауидің діни ұстазы  -
6. «Диуани Хикмет» қай тілде жазылған –
7. «Тарих-и Рашиди» еңбегі қай тілде жазылған –
8. «Жамиғат Тауарих» кімнің шығармасы –
 
Семантикалық карта.
Атаулар тұлға шығарма лауазым қала ескерткіш Ә-мұра
Әл-Фараби
 
Хас Хажиб
Диуани-лұғат ат түрік
Иасы
Қарахан
Құтты білік
Сабақтың соңғы кезеңі. Оқушыларды балдық көрсеткіш бойынша бағалау.
Кері байланыс, сабақ туралы оқушылар ойларын флипчартпен тақтаға іледі.
Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері: еңбектерден үзінділерді
жатқа айту. Дереккөздерден ақпараттар іздеу
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналар
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 7763 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык