Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Етістік



Сабақтың тақырыбы: Етістік

   Сабақтың мақсаты: 
   1. Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік туралы алған білімдерін толықтыра түсу.
   2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
   3. Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жолдастық қарым-қатынасқа үйрету.
   Типі: қайталау сабақ.
   Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру, қызығушылықты арттыру.
   Көрнекіліктер: сызбалар, Венн диаграммасы, ойын плакаттары.
   Сабақтың барысы: 
   1. Қызығушылығын арттыру.
   Сөз үйретсең қайталайды,
   Өздігінен айта алмайды. (тоты құс)
   Тілдерімен жүреді,
   Уақытты біледі. (сағат)
   Қыста жер бетін жабады,
  Ал көктемде су болып ағады. (қар)
  Дара және күрделі етістіктерді тап.
  2. "Тез тауып, бөгелмей айт" ойыны.
  Жел... Балуан...
  Күн... Радио...
  Найзағай... Тапсырма...
  Қой... Жаңбыр...
  Қоңырау... Кино...
  Мен... Әкем...
  Анам... Гүлден...
  3. Ой ашар.
  Етістік туралы білетіндерін сызбаға салу.
  4. Ой қозғау.
  Өлеңді көшіріп жазып, етістіктерді тап.
  Жаңбыр жауып басылды,
  Аспан шайдай ашылды.
  Көкте қызыл-жасылды,
  Кемпірқосақ асылды.
  5. Кім шапшаң?
  Берілген  етістікке қарама-қарсы етістікті тауып жазу.
  Кірді-шықты
  Келді-кетті
  Тұрды-отырды
  Алды-берді
 
 
  6.  "Сәйкесін тап" ойыны.
  Оқысаң...             сусын ішесің
  Аяғың ауырса     күн жылынады
  Шөлдесең...         басын ауырады
  Көзің ауырса       көп жүрме
  Жаз шықса...       түсінесің
  7. Ойлан, тап.
  Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз, сөйлем құра.
  Жазды, айтты, оқыды, барды.
  Жазып жатыр, айтып отыр, оқып жатыр, бара жатыр.
  Айнаш әжесі туралы шығарма жазып жатыр.
  Самал үй тапсырмасын айтып жатыр.
  Айнұр ертегі оқып отыр.
  Арсен қалаға бара жатыр.
   8. Сөзжұмбақты шеш. Ол үшін суреттегі мал мен хайуанаттардың қалай дыбыстайтынын торкөзге орналастырып, сұрақ қойыңдар.
   Қой, жылқы, мысық, әтеш
м а ң ы р а й д ы
к і с і н е й д і
м и я у л а й д ы
ш а қ ы р а д ы
 
   9. Кім тапқыр?
   Берілген әріптерден басталатын етістіктер тауып айту.
                 Қ Қашты Қайтты
                Ш Шақырды Шашты
                 Ж Жазды жүгірді
 
   10. "Құпия" ойыны
         10          10           10
         20          20           20
         30          30           30
 
   Текшелердің артында жазылған сұрақтарға жауап беру.
   11. Венн диаграммасы арқылы бекіту.
                 Зат есім                     Етістік
   Бағалау.
   Үйге тапсырма беру. Етістікке мақал-мәтелдер жазып келу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Болымды және болымсыз етістік.
Дара және күрделі етістік
Етістік
Дара және күрделі етістік.
Етістіктен өткенді қайталау
Етістік. Етістік түрлері
Болымды және болымсыз етістік
Етістік
Етістіктің жіктелуі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6457 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык