Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz


«Біліктілікті арттыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету-педагогикалық кадрлардың кәсіби құзырлығын қалдыптастырудың басты шартты»
Ақырын жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға.

Абай

21-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде. Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.
Қазіргі инновациялық-озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым–педагог, психологтар пайымдауына жүгінсек, В.Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологий» деген еңбегінде оны «Оқу-тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы»,- деп қарастырады. 
Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарсты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. 
Осы бағыттарда 6 желтоқсан 2013 жылы  Атырау облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру инситутының ұйымдастыруымен өткен «Біліктілікті арттыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету-педагогикалық кадрлардың кәсіби құзырлығын қалдыптастырудың басты шартты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы дәлел бола алады деп есептеймін. 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН  ШЕШІМДЕР
«VIVAT, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМ!»
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп, қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жалпы ұлттық деңгейдегі                12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты-еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті деп өмірдің қай саласында болмасын әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. Ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларын да бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет. Назарбаев зияткерлік білім беру бағдарламасын орта мектептерде жүзеге асыру, үдерісіндегі өзгерістерді жаңашылдықпен орындай алу керектігін көздеп отырмыз. Міне, осы негіздерде Атырау облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру инситутының ұйымдастыруымен өткен ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН  ШЕШІМДЕР VIVAT, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМІ ФЕСТИВАЛІНІҢ орны бөлек болды. Оған облыс бойынша 120 мұғалімнің еңбектері  түсіп 6-7 номинациялық секцияларға бөліну арқылы жұмыстар жүргізілді. Өзіндік бағалауға мән беріле отырып, ұстаздар қауімінің, әдістемелік жаслымдары мен жаңаша идеялараының негіздемелері талданды
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Эссе
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
Білім сапасын арттыру жолдары
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Биология сабақтарында электронды оқулықты қолдану
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2454 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык